Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в указы Президента Республики Казахстан от 7 марта 2013 года № 520 «О Национальной комиссии по кадровой политике при Президенте Республики Казахстан и кадровых комиссиях областей, городов республиканского значения, столицы» и от 27 августа 2019 года № 141 «О некоторых вопросах Президентского молодежного кадрового резерва»

Жарлық · № 350 · қабылданған 13.09.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2013-no-520-27-2019-no-141/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в указы Президента Республики Казахстан от 7 марта 2013 года № 520 «О Национальной комиссии по кадровой политике при Президенте Республики Казахстан и кадровых комиссиях областей, городов республиканского значения, столицы» и от 27 августа 2019 года № 141 «О некоторых вопросах Президентского молодежного кадрового резерва» Қолданыста Жарлық ·№ 350 ·13.09.2023
13.09.2023 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в указы Президента Республики Казахстан от 7 марта 2013 года № 520 «О Национальной комиссии по кадровой политике при Президенте Республики Казахстан и кадровых комиссиях областей, городов республиканского значения, столицы» и от 27 августа 2019 года № 141 «О некоторых вопросах Президентского молодежного кадрового резерва»

Қолданыста Жарлық ·№ 350 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в указы Президента Республики Казахстан от 7 марта 2013 года № 520 «О Национальной комиссии по кадровой политике при Президенте Республики Казахстан и кадровых комиссиях областей, городов республиканского значения, столицы» и от 27 августа 2019 года № 141 «О некоторых вопросах Президентского молодежного кадрового резерва»
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кадр комиссиялары туралы» 2013 жылғы 7 наурыздағы № 520 және «Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы» 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
350
Қабылданған күні
13.09.2023
Көрсетілген редакция
13.09.2023 186084_656530.kaz
Соңғы өзгеріс
13.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U2300000350
ЭКБ идентификаторы
186084
Редакция идентификаторы
186084_656530
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 16:50

0

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кадр комиссиялары туралы» 2013 жылғы 7 наурыздағы № 520 және «Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы» 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1 1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:

1 1) «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кадр комиссиялары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 520 Жарлығында:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде:
11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет бөлімінің меңгерушісі Ұлттық комиссияның хатшысы болып табылады.
12. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет бөлімі Ұлттық комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Ұлттық комиссияның қызметін ұйымдық қамтамасыз етуді мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның лауазымдық құрамы осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2 2) «Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 Жарлығында:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде:
14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет бөлімінің меңгерушісі Ұлттық комиссияның хатшысы болып табылады.
15. Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Мемлекеттік қызмет бөлімі Ұлттық комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Ұлттық комиссияның қызметін ұйымдық қамтамасыз етуді мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уəкілетті орган жүзеге асырады.»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның құрамы осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның ЛАУАЗЫМДЫҚ ҚҰРАМЫ

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2023 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 350 Жарлығына
1-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 7 наурыздағы
№ 520 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы
Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның
ЛАУАЗЫМДЫҚ ҚҰРАМЫ
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Ұлттық комиссияның төрағасы
Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы, Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы Президентінің өңірлік саясат мәселелерін үйлестіретін кеңесшісі, Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің әкімшілік реформа және мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы
Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы
_____________________

2 Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның ҚҰРАМЫ

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2023 жылғы 13 қыркүектегі
№ 350 Жарлығына
2-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 27 тамыздағы
№ 141 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның
ҚҰРАМЫ
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, комиссия төрағасы
Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, комиссия төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы, комиссия мүшесі
Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі, комиссия мүшесі
Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі, комиссия мүшесі
Қазақстан Республикасы Президентінің өңірлік саясат мәселелерін үйлестіретін кеңесшісі, комиссия мүшесі
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры, комиссия мүшесі
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет бөлімінің меңгерушісі, комиссияның хатшысы
__________________

Қолданыстағы