Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 7 марта 2013 года № 520 "О Национальной комиссии по кадровой политике при Президенте Республики Казахстан и кадровых комиссиях областей, столицы, города республиканского значения"

Жарлық · № 157 · қабылданған 29.12.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2013-no-520/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 7 марта 2013 года № 520 "О Национальной комиссии по кадровой политике при Президенте Республики Казахстан и кадровых комиссиях областей, столицы, города республиканского значения" Қолданыста Жарлық ·№ 157 ·29.12.2015
29.12.2015 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 7 марта 2013 года № 520 "О Национальной комиссии по кадровой политике при Президенте Республики Казахстан и кадровых комиссиях областей, столицы, города республиканского значения"

Қолданыста Жарлық ·№ 157 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 7 марта 2013 года № 520 "О Национальной комиссии по кадровой политике при Президенте Республики Казахстан и кадровых комиссиях областей, столицы, города республиканского значения"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиялары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 520 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
157
Қабылданған күні
29.12.2015
Көрсетілген редакция
29.12.2015 AI97643_0.kaz
Соңғы өзгеріс
29.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U1500000157
ЭКБ идентификаторы
97643
Редакция идентификаторы
AI97643_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 11:22

0 "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиялары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 520 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1

1. «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиялары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 520 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 19, 319-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі - Ұлттық комиссия) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру және Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік әкімшілік қызметке кіру, оны өткеру және тоқтату, сондай-ақ мемлекеттік органдарға шетелдік жұмыскерлерді тарту мәселелерін қарау мақсатында құрылады.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) мемлекеттік органдарға шетелдік жұмыскерлерді тарту мәселелерін қарау;
2-2) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін тоқтатқан, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындаған Парламент депутаттарының, тұрақты негізде жұмыс істеген мәслихат депутаттарының, мемлекеттік саяси қызметшілердің, судьялардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға кадр резервіне іріктеу және конкурстық іріктеу өткізілместен орналасуы мәселелерін қарау;»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) мемлекеттік органдарға шетелдік жұмыскерлерді тарту мәселелері бойынша шешімдерді қабылдау және мемлекеттік органдардағы олардың лауазымдарын келісу;
2-2) өз өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін тоқтатқан, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындаған Парламент депутаттарының, тұрақты негізде жұмыс істеген мәслихат депутаттарының, мемлекеттік саяси қызметшілердің, судьялардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға кадр резервіне іріктеу және конкурстық іріктеу өткізілместен орналасуы мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;»;

2 2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның лауазымдық құрамында:

«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрі»;

3 3) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиясы туралы үлгілік ережеде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиясы (бұдан әрі - комиссия) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын және «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қатысты кадр саясатын іске асыру мақсатында құрылады.»;

4 4) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиясының үлгілік лауазымдық құрамында:

«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық органы басшысының орынбасары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстардағы, астанадағы, республикалық маңызы бар қаладағы тәртіптік кеңесінің төрағасы, төрағаның орынбасары» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің аумақтық органының басшысы - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің облыстардағы, астанадағы, республикалық маңызы бар қаладағы әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы, төрағаның орынбасары».

2 2. Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы