О внесении изменений и дополнений в решение районного маслихата от 7 февраля 2013 года № 94-V "Об определении размера и правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Исатайском районе"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение районного маслихата от 7 февраля 2013 года № 94-V "Об определении размера и правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Исатайском районе"
- Атауы (қаз.)
- Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 7 ақпандағы № 94-V "Исатай ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасын айқындау туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 169-V
- Қабылданған күні
- 04.02.2014
- Көрсетілген редакция
- 04.02.2014 AI77505_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.02.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14TD002853
- ЭКБ идентификаторы
- 77505
- Редакция идентификаторы
- AI77505_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:59
0 Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 7 ақпандағы № 94-V "Исатай ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасын айқындау туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 1303 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 және "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 7 ақпандағы № 94-V "Исатай ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасын айқындау туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 2706 санымен тіркелген, "Нарын таңы" газетінде 2013 жылғы 14 наурызда жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 4 тармақта:
"2 тармағының 4) тармақшасы" деген сөздерден кейін "және 7 тармағының 9) тармақшасы" сөздерімен толықтырылсын;
2) қағиданың 7 тармақтың 3) тармақшасы:
уәкілетті органға:
мынадай редакцияда жазылсын:
"3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекен жай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы;
3) қағиданың 9 тармағының 3) тармақшасы мемлекеттік тілде мәтіні өзгермейді, орысша тілінде жаңа мәтінде мазмұндалсын:
"3) размер потребления природного газа для жителей устанавливается по оплаченному счету квитанция за природный газ".