О внесении изменений в решение акима города Экибастуза от 7 февраля 2014 года № 2 «Об образовании избирательных участков города Экибастуза»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима города Экибастуза от 7 февраля 2014 года № 2 «Об образовании избирательных участков города Экибастуза»
- Атауы (қаз.)
- Екібастұз қаласы әкімінің 2014 жылғы 7 ақпандағы «Екібастұз қаласының сайлау учаскелерін құру туралы» № 2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 3
- Қабылданған күні
- 13.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 13.03.2015 87709_82084.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.03.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15PC004373
- ЭКБ идентификаторы
- 87709
- Редакция идентификаторы
- 87709_82084
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:08
0 Екібастұз қаласы әкімінің 2014 жылғы
7 ақпандағы «Екібастұз қаласының
сайлау учаскелерін құру туралы» № 2
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңы 23 – бабының 1 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңы 33 - бабының 2 - тармағына сәйкес, ШЕШІМ қабылдаймын:
1
1. Екібастұз қаласы әкімінің 2014 жылғы 7 ақпандағы «Екібастұз қаласының сайлау учаскелерін құру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3707 болып тіркелген, 2014 жылғы 27 ақпандағы «Отарқа» және «Голос Экибастуза» газеттерінде жарияланған) № 2 шешіміне (бұдан әрі - шешім) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімге қосымшадағы:
№ 527 сайлау учаскесінде «Энергетиков, 52» сөзі мен сандары «Әуезов, 149» сөзімен және сандарымен ауыстырылсын;
№ 573 сайлау учаскесінде «24» сандары «24/1» сандарымен ауыстырылсын.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Екібастұз қалалық
аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы
Б. Амантаев
2015 жылғы «13» наурыз