О внесении изменения в решение акима от 7 февраля 2014 года № 3 "Об образовании избирательных участков в городе Рудном"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение акима от 7 февраля 2014 года № 3 "Об образовании избирательных участков в городе Рудном"
- Атауы (қаз.)
- "Рудный қаласында сайлау учаскелерін құру туралы" әкімнің 2014 жылғы 7 ақпандағы № 3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4
- Қабылданған күні
- 01.10.2014
- Көрсетілген редакция
- 28.05.2018 84235_334109.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.05.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14NB005144
- ЭКБ идентификаторы
- 84235
- Редакция идентификаторы
- 84235_334109
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:24
0 "Рудный қаласында сайлау учаскелерін құру туралы" әкімнің 2014 жылғы 7 ақпандағы № 3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабына сәйкес, Рудный қалалық сайлау комиссияның келісімі бойынша ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1.
«Рудный қаласында сайлау учаскелерін құру туралы» Рудный қаласы әкімінің 2014 жылғы 7 ақпандағы № 3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4486 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 наурызда «Рудненский рабочий» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің «Рудный қаласының аумағындағы сайлау учаскелері» деген қосымшасындағы:
«№ 175 сайлау учаскесі
Рудный қаласының шекараларында; 40 лет Октября көшесі, № 34 үй, Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Рудный қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны тері-венерологиялық бөлімшесі.» деген бөлім алынып тасталсын.
2 2.
Осы шешімнің орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімі аппаратының басшысы А.Т. Өмірбаевқа жүктелсін.
3 3.
Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.