О внесении дополнений в решение акима от 7 февраля 2014 года № 3 "Об образовании избирательных участков в городе Рудном"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в решение акима от 7 февраля 2014 года № 3 "Об образовании избирательных участков в городе Рудном"
- Атауы (қаз.)
- Әкімнің 2014 жылғы 7 ақпандағы № 3 "Рудный қаласында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 7
- Қабылданған күні
- 02.07.2015
- Көрсетілген редакция
- 28.05.2018 92532_334105.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.05.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15NB005793
- ЭКБ идентификаторы
- 92532
- Редакция идентификаторы
- 92532_334105
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:16
0 Әкімнің 2014 жылғы 7 ақпандағы № 3 «Рудный қаласында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 23-бабына сәйкес, Рудный қалалық сайлау комиссиясымен келісім бойынша ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Рудный қаласы әкімінің 2014 жылғы 7 ақпандағы № 3 «Рудный қаласында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4486 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 наурызда «Рудненский рабочий» газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің «Рудный қаласының аумағындағы сайлау учаскелері» қосымшасы:
«№ 849 сайлау учаскесі
Рудный қаласының шекараларында: Парк көшесі, № 45 үй, Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Рудный интернат үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.»;
«№ 850 сайлау учаскесі
Рудный қаласының шекараларында: Ленин көшесі, № 68 үй, Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Рудный № 2 интернат үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.».
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімі аппаратының басшысы А.Т. Өмірбаевқа жүктелсін.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
КЕЛІСІЛДІ
Рудный қалалық сайлау
комиссиясының төрағасы
___________________ Ю. Нагерняк