О внесении изменений и дополнений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 7 октября 2014 года № 42 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Комитет атомного и энергетического надзора и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан" и его территориальных органов"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 7 октября 2014 года № 42 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Комитет атомного и энергетического надзора и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан" и его территориальных органов"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 42 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 440
- Қабылданған күні
- 11.10.2016
- Көрсетілген редакция
- 11.10.2016 107678_151280.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.10.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G16JVM00440
- ЭКБ идентификаторы
- 107678
- Редакция идентификаторы
- 107678_151280
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:33
0
"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 42 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 42 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9795 тіркелген, 2014 жылғы 20 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
14-тармақ:
мынадай мазмұндағы 57), 58) және 59) тармақшалармен толықтырылсын:
«57) Қазақстан Республикасы Президентінің, Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі басшылығының актілерінің жобаларын және олардың тапсырмаларына жауаптарды сапалы және уақтылы дайындауды, сондай-ақ жетекшілік ететін мәселелері бойынша жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын орындауды жүзеге асырады.
58) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығында көрсетілген функцияларға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
59) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдау, бағалау және бақылау нәтижелері бойынша шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді».
2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрыққа қол қойғаннан кейін оны күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ оған қол қойғаннан кейін күнтізбелік он күннің ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;