Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 7 октября 2014 года № 42 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Комитет атомного и энергетического надзора и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан» и его территориальных органов»

Бұйрық · № 332 · қабылданған 24.08.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2014-no-42-ekb-124313/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 7 октября 2014 года № 42 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Комитет атомного и энергетического надзора и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан» и его территориальных органов» Қолданыста Бұйрық ·№ 332 ·24.08.2018
24.08.2018 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.08.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 7 октября 2014 года № 42 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Комитет атомного и энергетического надзора и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан» и его территориальных органов»

Қолданыста Бұйрық ·№ 332 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 7 октября 2014 года № 42 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Комитет атомного и энергетического надзора и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан» и его территориальных органов»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 42 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
332
Қабылданған күні
24.08.2018
Көрсетілген редакция
24.08.2018 124313_348153.kaz
Соңғы өзгеріс
24.08.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G18JVM00332
ЭКБ идентификаторы
124313
Редакция идентификаторы
124313_348153
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:26

0

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 42 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 42 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9795 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 20 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық органы – тиісті облыс, Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша аумақтық департаменті туралы ереже.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
Комитеттің жүргізуіндегі аумақтық органдардың тізбесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Комитеттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер – аумақтық органдардың тізбесі»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті;»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті;»;
мынадай редакциядағы 17-тармақпен толықтырылсын:
«17. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық органы – тиісті облыс, Астана, Алматы қалалары бойынша аумақтық департаменті туралы ережеде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық органы–тиісті облыс, Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша аумақтық департаменті туралы ереже»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық органы электр энергетикасы саласындағы бақылау және іске асыру функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылатын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің тиісті облыс, Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша аумақтық департаменті (бұдан әрі – Департамент) болып табылады.»:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Департаменттің толық атауы:
мемлекеттік тілде – «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің тиісті облыс, Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша аумақтық департаменті» мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде – Государственное учреждение «Территориальный департамент Комитета атомного и энергетического надзора и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан по соответствующей области, городов Астаны, Алматы, Шымкент».».

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1

1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2 2) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бір ай мерзімде бұйрықтың көшірмесін қоса бере отырып, Астана қаласының Әділет департаментіне хабарлауды;

3 3) осы бұйрық қолданысқа енгізілген күнінен бастап он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы