Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 7 октября 2014 года № 42 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Комитет атомного и энергетического надзора и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан» и его территориальных органов»

Бұйрық · № 100 · қабылданған 25.03.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2014-no-42-ekb-154262/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 7 октября 2014 года № 42 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Комитет атомного и энергетического надзора и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан» и его территориальных органов» Қолданыста Бұйрық ·№ 100 ·25.03.2021
25.03.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 7 октября 2014 года № 42 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Комитет атомного и энергетического надзора и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан» и его территориальных органов»

Қолданыста Бұйрық ·№ 100 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 7 октября 2014 года № 42 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Комитет атомного и энергетического надзора и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан» и его территориальных органов»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 42 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
100
Қабылданған күні
25.03.2021
Көрсетілген редакция
25.03.2021 154262_517482.kaz
Соңғы өзгеріс
25.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G21JVM00100
ЭКБ идентификаторы
154262
Редакция идентификаторы
154262_517482
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:06

0 «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің

Атомдық және энергетикалық
қадағалау мен бақылау комитеті» мемлекеттік
мекемесінің және оның аумақтық
органдарының ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің
2014 жылғы 7 қазандағы
№ 42 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416 Заңының 12-бабына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы № 495 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 42 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9795 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
19-тармақта:
Төрағаның өкілеттіктерінде:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Министрліктің Аппарат басшысына Комитет Төрағасының орынбасарларын, Комитеттің аумақтық органдарының басшылары мен басшылардың орынбасарларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстарды енгізеді;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Министрліктің Аппарат басшысына Комитет Төрағасының орынбасарларын, Комитеттің аумақтық органдарының басшылары мен басшылардың орынбасарларын іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктіліктерін арттыру, марапаттау, үстемақы және сыйақы төлеу туралы ұсынымдар енгізеді;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) Төрағаның орынбасарларын және Комитеттің аумақтық органдарының басшылары мен басшылардың орынбасарларын қоспағанда, Комитеттің қызметкерлерін, Комитеттің аумақтық органдарының қызметкерлерін;
техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және Комитеттің жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн адамдарды;
еңбек шартының негізінде қызметін Комитетте жүзеге асыратын адамдарды іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу, сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық органы – тиісті облыс, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары бойынша аумақтық департаменті туралы» ережеде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Аумақтық органның құрылымы мен штат саны қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.».

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1

1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

2 2) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бір ай мерзімде бұйрықтың көшірмесін қоса бере отырып, Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментіне хабарлауды;

3 3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы