Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 7 октября 2014 года № 42 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Комитет атомного и энергетического надзора и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан» и его территориальных органов»

Бұйрық · № 226 · қабылданған 03.07.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2014-no-42-ekb-156947/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 7 октября 2014 года № 42 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Комитет атомного и энергетического надзора и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан» и его территориальных органов» Қолданыста Бұйрық ·№ 226 ·03.07.2021
03.07.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.07.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 7 октября 2014 года № 42 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Комитет атомного и энергетического надзора и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан» и его территориальных органов»

Қолданыста Бұйрық ·№ 226 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 7 октября 2014 года № 42 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Комитет атомного и энергетического надзора и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан» и его территориальных органов»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 42 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
226
Қабылданған күні
03.07.2021
Көрсетілген редакция
03.07.2021 156947_532315.kaz
Соңғы өзгеріс
03.07.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G21JVM00226
ЭКБ идентификаторы
156947
Редакция идентификаторы
156947_532315
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 07:41

0 «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің

Атомдық және энергетикалық қадағалау мен
бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің
және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің
2014 жылғы 7 қазандағы№ 42 бұйрығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 42 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9795 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
14-тармақта:
функцияларында:
мынадай мазмұндағы 3-3), 3-4), 3-5), 3-6), 3-7) және 3-8) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-3) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын әзірлейді;
3-4) мемлекеттік техникалық инспекторға қызметтік куәлікті, нөмірлік мөртабанды және пломбирді беру тәртібін әзірлейді;
3-5) электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді;
3-6) электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету қағидаларын әзірлейді;
3-7) біртұтас электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларын әзірлейді;
3-8) Электр қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдардың басшыларында, мамандарында техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларын әзірлейді;»;
мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:
«22-1) энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың негізгі жабдығының тозуына мониторингті жүзеге асырады;»;
29) тармақша алып тасталсын;
34) тармақша алып тасталсын;
39) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«39) ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамаларын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеуді жүргізеді;»;
40) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«40) ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамаларын жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың тізілімін жүргізеді;»;
47) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«47) Министрліктің интернет-ресурсында ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамаларын жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың тізілімін орналастырады;»;
76) тармақша алып тасталсын;
82) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«82) ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамаларын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын әзірлейді;»;
88) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«88) ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды және радиоактивті қалдықтарды тасымалдау қағидаларын әзірлейді;»;
90) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«90) ядролық қауіпсіздікке және (немесе) радиациялық қауіпсіздікке және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздікке сараптаманы жүргізу қағидаларын әзірлейді;».

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1

1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

2 2) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап бір ай мерзімде бұйрықтың көшірмесін қоса бере отырып, Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментіне хабарлауды;

3 3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы