О внесении дополнений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 7 марта 2014 года № 46 "Об утверждении регламента государственной услуги в сфере автомобильных дорог"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 7 марта 2014 года № 46 "Об утверждении регламента государственной услуги в сфере автомобильных дорог"
- Атауы (қаз.)
- "Автомобиль жолдары саласында мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 7 наурыздағы № 46 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 259
- Қабылданған күні
- 29.09.2014
- Көрсетілген редакция
- 19.01.2016 83795_57297.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14V0003510
- ЭКБ идентификаторы
- 83795
- Редакция идентификаторы
- 83795_57297
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:27
0 "Автомобиль жолдары саласында мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 7 наурыздағы № 46 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 12 мамырдағы № 133 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 9432) бұйрығы негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1.
«Автомобиль жолдары саласында мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 7 наурыздағы № 46 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген номірі 3230, 2014 жылғы 3 наурыздағы № 24 (16961) «Дидар» және 2014 жылғы 1 наурыздағы № 24 (19471) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген «Облыстық және аудандық маңызы бар, сондай-ақ елді мекендердегі жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті:
мынадай мазмұндағы 12 тармақпен толықтырылсын:
«12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сонымен қатар өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламентке 5 қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында, қызмет берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.»;
осы қаулының қосымшасына сәйкес «Облыстық және аудандық маңызы бар, сондай-ақ елді мекендердегі жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 5 қосымшамен толықтырылсын.
2 2.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Қызмет берушінің кеңсесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
Шығыс қазақстан облысы
әкімдігінің
2014 жылғы « 29 » қыркүйектегі
№ 259 қаулысына қосымша
«Облыстық және аудандық
маңызы бар, сондай-ақ елді
мекендердегі жалпы
пайдаланымдағы автомобиль
жолдарының бөлінген
белдеуінде сыртқы (көрнекі)
жарнама объектілерін
орналастыруға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 5 қосымша
Қызмет берушінің кеңсесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
ХҚО арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде
мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілер: