Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 7 ноября 2014 года № 783 «Об утверждении разрешительных требований, предъявляемых к негосударственным противопожарным службам»

Бұйрық · № 224 · қабылданған 21.05.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2014-no-783-ekb-156176/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 7 ноября 2014 года № 783 «Об утверждении разрешительных требований, предъявляемых к негосударственным противопожарным службам» Қолданыста Бұйрық ·№ 224 ·21.05.2021
21.05.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.05.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 7 ноября 2014 года № 783 «Об утверждении разрешительных требований, предъявляемых к негосударственным противопожарным службам»

Қолданыста Бұйрық ·№ 224 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 7 ноября 2014 года № 783 «Об утверждении разрешительных требований, предъявляемых к негосударственным противопожарным службам»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 783 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
224
Қабылданған күні
21.05.2021
Көрсетілген редакция
21.05.2021 156176_525403.kaz
Соңғы өзгеріс
21.05.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100022843
ЭКБ идентификаторы
156176
Редакция идентификаторы
156176_525403
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:04

0 «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 783 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы №783 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9942 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарында:
2 – тармақтың:
1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы рұқсат беру талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншік құқығында не лизинг алушы ретінде лизинг арқылы сатып алынған, көлік құралын тіркеу туралы куәліктермен, автомобильді техникалық қарап тексерудің диагностикалық карталарымен және негізгі өрт сөндіру автомобильдерінің өрт сөндіруге дайындығын техникалық қарап тексеру актілерімен расталған кемінде екі өрт сөндіру автомобилінің болуы*»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осы рұқсат беру талаптарына 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің бір жұмыскеріне арналған арнайы киім-кешек пен өртке қарсы жарақ тізбесі бойынша арнайы киім-кешекпен және өртке қарсы жарақтармен қамтамасыз етілген штаттық жұмыкерлердің болуы:
кезекшілік ауысымға әр негізгі өрт сөндіру автомобиліне жүргізушіні қоса алғанда 1 бөлімше бастығы, 4 жұмыскер есебінен кемінде 17 адам*;
кезекшілік ауысымға 1 бекет бастығы және 2 жұмыскер есебінен кемінде 9 адам **;».

2 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛЕСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономикалық министірлігі
«КЕЛЕСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министірлігі
«КЕЛЕСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Қолданыстағы