Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 7 ноября 2014 года № 783 «Об утверждении разрешительных требований, предъявляемых к негосударственным противопожарным службам»

Бұйрық · № 238 · қабылданған 27.06.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2014-no-783-ekb-169496/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 7 ноября 2014 года № 783 «Об утверждении разрешительных требований, предъявляемых к негосударственным противопожарным службам» Қолданыста Бұйрық ·№ 238 ·27.06.2022
27.06.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 7 ноября 2014 года № 783 «Об утверждении разрешительных требований, предъявляемых к негосударственным противопожарным службам»

Қолданыста Бұйрық ·№ 238 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 7 ноября 2014 года № 783 «Об утверждении разрешительных требований, предъявляемых к негосударственным противопожарным службам»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 783 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
238
Қабылданған күні
27.06.2022
Көрсетілген редакция
27.06.2022 169496_604127.kaz
Соңғы өзгеріс
27.06.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200028690
ЭКБ идентификаторы
169496
Редакция идентификаторы
169496_604127
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 01:13

0 «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 783 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 783 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9942 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарында:
3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1 және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің біліктілігі

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
2022 жылғы 27 маусымдағы
№ 238 бұйрығына
қосымша
Мемлекеттік емес өртке қарсы
қызметтерге қойылатын
рұқсат беру талаптарына
3-қосымша
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің біліктілігі
Ла­у­а­зым ата­уы
Бі­лік­ті­лі­гі
1
2
Қыз­мет (жа­сақ) ба­стығы және оның орын­ба­сар­ла­ры, өрт сөн­ді­ру бө­лі­мі­нің ба­стығы және оның орын­ба­сар­ла­ры
Өрт қа­уіп­сіз­ді­гі са­ла­сын­да­ғы жо­ға­ры тех­ни­ка­лық бі­лім неме­се ор­та тех­ни­ка­лық бі­лім, мем­ле­кет­тік өрт­ке қар­сы қыз­мет ор­ган­да­ры­ның бас­қа­ру ап­па­ра­ты­ның неме­се өрт сөн­ді­ру бө­лім­ше­ле­рі­нің бас­шы ла­у­а­зым­да­рын­да ке­мін­де 3 жыл жұ­мыс өті­лі.
Өрт сөн­ді­ру бе­ке­ті­нің ба­стығы және оның орын­ба­са­ры
Өрт қа­уіп­сіз­ді­гі са­ла­сын­да­ғы жо­ға­ры тех­ни­ка­лық бі­лім неме­се ор­та тех­ни­ка­лық бі­лім, өрт­ке қар­сы қыз­мет­тің бас­қа­ру ап­па­ра­ты­ның неме­се бө­лім­ше­ле­рі­нің ла­у­а­зым­да­рын­да ке­мін­де 1 жыл жұ­мыс өті­лі*
Қа­ра­уыл ба­стығы (ауы­сым ба­стығы)
Ор­та тех­ни­ка­лық бі­лім, өрт­ке қар­сы қыз­мет бө­лім­ше­ле­рін­де­гі ла­у­а­зым­дар­да ке­мін­де 1 жыл жұ­мыс өті­лі*, өрт қа­уіп­сіз­ді­гі са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дан­ды­ры­л­ған оқу ор­та­лы­ғын­да ар­найы да­яр­ла­удан өт­кен.
Өрт­тің ал­дын алу аға нұс­қа­у­шы­сы
Ор­та тех­ни­ка­лық бі­лім, өрт­ке қар­сы қыз­мет бө­лім­ше­ле­рін­де­гі ла­у­а­зым­дар­да ке­мін­де 1 жыл жұ­мыс өті­лі*, өрт қа­уіп­сіз­ді­гі са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дан­ды­ры­л­ған оқу ор­та­лы­ғын­да ар­найы да­яр­ла­удан өт­кен.
Өрт­тің ал­дын алу нұс­қа­у­шы­сы
Ор­та бі­лім, өрт қа­уіп­сіз­ді­гі са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дан­ды­ры­л­ған оқу ор­та­лы­ғын­да ар­найы да­яр­ла­удан өт­кен.
Газ-тү­тін­нен қор­ғау қыз­ме­ті­нің ше­бе­рі
Ор­та бі­лім, өрт қа­уіп­сіз­ді­гі са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дан­ды­ры­л­ған оқу ор­та­лы­ғын­да ар­найы да­яр­ла­удан өт­кен және сығ­ы­л­ған ауа­да­ғы ап­па­рат­тар­да жұ­мыс іс­те­у­ге рұқ­са­ты бар.
Бө­лім­ше ко­ман­ди­рі
Ор­та бі­лім, өрт­ке қар­сы қыз­мет бө­лім­ше­ле­рін­де­гі ла­у­а­зым­дар­да ке­мін­де 1 жыл жұ­мыс өті­лі*, өрт қа­уіп­сіз­ді­гі са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дан­ды­ры­л­ған оқу ор­та­лы­ғын­да ар­найы да­яр­ла­удан өт­кен.
Аға өрт сөн­ді­ру­ші, өрт сөн­ді­ру­ші
Ор­та бі­лім, өрт қа­уіп­сіз­ді­гі са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дан­ды­ры­л­ған оқу ор­та­лы­ғын­да ар­найы да­яр­ла­удан өт­кен.
Өрт сөн­ді­ру ав­то­мо­би­лі­нің жүр­гі­зу­ші­сі (аға жүр­гі­зу­ші)
Ор­та бі­лім, "С" са­на­тын­да­ғы жүр­гі­зу­ші ку­ә­лі­гі осы са­нат бой­ын­ша ке­мін­де 1 жыл ав­то­мо­биль жүр­гі­зу тә­жі­ри­бе­сі­мен, өрт қа­уіп­сіз­ді­гі са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дан­ды­ры­л­ған оқу ор­та­лы­ғын­да ар­найы да­яр­ла­удан өт­кен.
Ра­дио­те­ле­фо­нист (бай­ла­ныс бе­ке­ті­нің дис­пет­че­рі)
Ор­та бі­лім, өрт қа­уіп­сіз­ді­гі са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дан­ды­ры­л­ған оқу ор­та­лы­ғын­да ар­найы да­яр­ла­удан өт­кен.
*мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы не мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет жүйесіндегі жұмыс кезеңі өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі жұмыс өтілі деп есептеледі.

Қолданыстағы