Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ и.о. Министра юстиции Республики Казахстан от 7 марта 2014 года № 98 "Об утверждении Правил учетной регистрации частных судебных исполнителей"

Бұйрық · № 123 · қабылданған 27.02.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2014-no-98-ekb-87367/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ и.о. Министра юстиции Республики Казахстан от 7 марта 2014 года № 98 "Об утверждении Правил учетной регистрации частных судебных исполнителей" Қолданыста Бұйрық ·№ 123 ·27.02.2015
27.02.2015 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.02.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ и.о. Министра юстиции Республики Казахстан от 7 марта 2014 года № 98 "Об утверждении Правил учетной регистрации частных судебных исполнителей"

Қолданыста Бұйрық ·№ 123 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ и.о. Министра юстиции Республики Казахстан от 7 марта 2014 года № 98 "Об утверждении Правил учетной регистрации частных судебных исполнителей"
Атауы (қаз.)
"Жеке сот орындаушыларының есептiк тiркеу қағидасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрi мiндетiн атқарушысының 2014 жылғы 7 наурыздағы № 98 бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
123
Қабылданған күні
27.02.2015
Көрсетілген редакция
27.02.2015 87367_24260.kaz
Соңғы өзгеріс
27.02.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15D0010413
ЭКБ идентификаторы
87367
Редакция идентификаторы
87367_24260
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:19

0 "Жеке сот орындаушыларының

есептiк тiркеу қағидасын бекiту
туралы" Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрi мiндетiн
атқарушысының 2014 жылғы
7 наурыздағы № 98 бұйрығына
өзгерiс енгiзу туралы
«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 167-бабы 11) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Жеке сот орындаушыларының есептiк тiркеу қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң мiндетiн атқарушысының 2014 жылғы 7 наурыздағы № 98 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 9258 тiркелген, 2014 жылғы 14 сәуiрде «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
Жеке сот орындаушыларының есептiк тiркеу қағидасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Сот актiлерiн орындау департаментi:

1 1) осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелуiн және оның мерзiмдi баспа басылымдары мен «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде жариялануын;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсiн.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Жауапты хатшысы М.Б. Бекетаевқа жүктелсiн.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

0 Қазақстан Республикасы

Әдiлет министрiнiң
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 123
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрi мiндетiн
атқарушысының
2014 жылғы 7 наурыздағы № 98
бұйрығымен бекiтiлген
Жеке сот орындаушыларының
есептiк тiркеу қағидасы

1

1. Жеке сот орындаушыларының есептiк тiркеу қағидасы (бұдан әрi - Қағида) «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 167-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және жеке сот орындаушыларының есептiк тiркеу тәртiбiн айқындайды.

2

2. Жеке сот орындаушыларының есептiк тiркеуi (бұдан әрi - есептiк тiркеу) хабарлау сипатына ие және тиiстi атқарушылық округтiң жеке сот орындаушылары туралы деректердi қалыптастыру мақсатында жеке сот орындаушылары лауазымына тағайындалған күнiнен бастап отыз күнтiзбелiк күннiң iшiнде жеке сот орындаушысы лауазымына орналасуға және Жеке сот орындаушыларының, республикалық палатасына мүшелiкке өткен адамды Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органына (бұдан әрi - аумақтық орган) тiркеу есебiне қоюға арналған.

3

3. Есептiк тiркеуден өту үшiн жеке сот орындаушысы лауазымына орналасуға және Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасына мүшелiкке өткен тұлға (бұдан әрi - өтiнiш берушi) осы Қағиданың 2-тармағында көрсетiлген мерзiмде аумақтық органға осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысанда өтiнiш бередi.
Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiледi:

1 1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

2 2) жеке сот орындаушысы лауазымына тағайындалғаны туралы бұйрықтың көшiрмесi;

3 3) уәкiлеттi органның уәкiлеттi тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жеке сот орындаушысының қызметiмен айналысу құқығына лицензия;

4 4) Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы басқармасының өтiнiш берушiнi Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасына мүшелiкке қабылдау туралы шешiмiнiң көшiрмесi;

5 5) егер өтiнiш берушi бұрын басқа атқарушылық округте атқарушылық құжаттарды орындау жөнiндегi қызметтi жүзеге асырған болса, тиiстi атқарушылық округте есептiк тiркеуден шығару туралы аумақтық, органның хабарламасы;

6 6) кеңсе үшiн үй-жайдың бар болуын растайтын құжаттың көшiрмесi (жалға беру, сатып алу-сату шарты немесе үй-жайды пайдалануға құқықты растайтын құқығын белгiлейтiн өзге де құжат);

7 7) жеке сот орындаушысының азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру шартының көшiрмесi;

8 8) осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысанда жеке сот орындаушысының жеке сауалнамасы.

4 4. Өтiнiш берушiнi есептiк тiркеуге қою туралы мәлiметтер осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысанда жеке сот орындаушыларын есептiк тiркеу кiтабына (бұдан әрi - Кiтап) енгiзiледi.

5 5. Кiтап аумақтық органда жүргiзiледi.

Кiтаптағы парақтар байланады, нөмiрленедi және аумақтық органның мөрiмен бекiтiледi.
Кiтапқа енгiзiлетiн мәлiметтердiң толықтығы, дұрыстығы және уақыттылығы, сондай-ақ сақталуы аумақтық органның бiрiншi басшысы немесе оның мiндетiн атқарушы тұлғаның бұйрығымен айқындалған аумақтық органның қызметкерiне жүктеледi.

6 6. Жеке сот орындаушысы тегi, аты, әкесiнiң аты не оның кеңсесiнiң орналасқан жерi өзгерген жағдайда аумақтық органға тиiстi өзгерiстер туындаған күнiнен бастап үш жұмыс күнi iшiнде осы өзгерiстер туралы мәлiметтердi ұсынады.

Бұл ретте жеке сот орындаушысы өзiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты не оның кеңсесiнiң орналасқан жерi өзгергенi туралы ақпаратына тиiстi өзгерiстердi растайтын құжаттардың көшiрмелерiн аумақтық органға ұсынады.

7 7. Жеке сот орындаушысын есептiк тiркеуден алу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

1 1) жеке сот орындаушысы кызметi аумағының басқа атқару округына ауысуы;

2 2) жеке сот орындаушысы лицензиясының қызмет етуiнiң тоқтатылуы;

3 3) жеке сот орындаушысы қызметiн өз еркiмен тоқтатуы;

4 4) Республикалық палата мүшелiгiнен шығарылуы;

5 5) Республикалық палата мүшелiгiне кiруден бас тартуы.

Жеке сот орындаушысын есептiк тiркеуден осы тармақтың 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша алу жеке сот орындаушысы лауазымына тағайындау туралы бұйрықтың күшiн жою үшiн негiз болып табылады.
Кiтапқа жеке сот орындаушысын есептiк тiркеуден алу туралы мәлiметтер енгiзiледi.

8 8. Есептiк тiркеуге қоюды немесе одан алуды аумақтық орган өтiнiш келiп түскен күнiнен бастап күнтiзбелiк 15 күн iшiнде қарайды.

Аумақтық орган есептiк тiркеуге қойған немесе алған күнiнен бастап үш жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органға хабарлайды.

1 Жеке сот орындаушыларының

есептiк тiркеу қағидасына
1-қосымша
Нысан
_______________________
(аумақтық орган)
_______________________
_______________________
_______________________
Өтiнiш
__________________________________________________________________________
(жеке сот орындаушысы тағайындалған атқарушылық округтiң
__________________________________________________________________________
әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгi көрсетiледi)
жеке сот орындаушысы ретiнде есептiк тiркеу жүргiзудi сұраймын.
Осы өтiнiшке мыналарды қоса беремiн:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
_____________ _________________________
(Қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
20____ж.«____» ______________

2 Жеке сот орындаушыларының

есептiк тiркеу қағидасына
2-қосымша
Нысан
Жеке сот орындаушысының жеке сауалнамасы
Жалпы мәлiметтер
1. Тегi ____________________________________________________________
Аты ________________________________________________________________
Әкесiнiң аты (бар болған жағдайда) _________________________________
2. Туған күнi ______________________________________________________
(күнi, айы, жылы)
3. Туған жерi ______________________________________________________
____________________________________________________________________
4. Бiлiмi __________________________________________________________
____________________________________________________________________
(жоғары оқу орнының атауы және бiтiрген күнi)
5. Дипломы бойынша мамандығы _______________________________________
Диплом _______ ж. «__» __________________ № ________________________
6. Жалпы жұмыс өтiлi _______________________________________________
7. Заңгер мамандығы бойынша жұмыс өтiлi ____________________________
оның iшiнде атқарушылық iс жүргiзу саласында _______________________
8. Жеке сот орындаушысының лауазымына тағайындау туралы бұйрықтың
күнi және № ________________________________________________________
9. Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасына мүшелiгiне
кiрген күнi ________________________________________________________
10. Сақтандыру компаниясының атауы және жеке сот орындаушысының
азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi туралы шарт жасасқан күнi ________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
11. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi:
№ __________ кiм бердi __________ берiлген күнi ____________________
12. ЖСН ____________________________________________________________
13. Мекенжайы ______________________________________________________
____________________________________________________________________
үй телефоны ________________________________________________________
14. Кеңсенiң мекенжайы _____________________________________________
____________________________________________________________________
жұмыс телефоны _____________________________________________________
Мемлекеттiк лицензияның нөмiрi мен берiлген күнi
Жеке сот орындаушысының жеке мөрiнiң үлгiсi
Жеке сот орындаушысы қолының үлгiсi

3 Жеке сот орындаушыларының

есептiк тiркеу қағидасына
3-қосымша
Нысан
______________________қаласы) облысы
жеке сот орындаушыларының есептiк тiркеу кiтабы
Р/с

Жеке
сот орын
даушы
сының тегi, аты, әке
сiнiң аты
Жеке
басты куәлан
дыратын құжаттың нөмiрi және берiлген күнi
Мемле
кеттiк лицен
зияның нөмiрi және берiлген күнi
Жеке
сот орын
даушы
сының лауа
зымына тағай
ындау туралы бұйрық
тың күнi және №
Жеке
сот
орын
даушы
ларының респуб
ликалық палата
сының мүшелiгiне кiрген күнi
Есеп
тiк
тiрке
уге қойыл
ған күнi
Жеке
сот
орын
даушысы кеңесiнiң орна
ласқан жерi
Жеке
сот орын
даушы
сының мекен
жайы
Жеке
сот
орындау шыларының респуб
ликалық палата
сының мүшелi
гiнен
шыға
рылған
күнi
Есептiк тiркеу
ден алынған күнi
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11

Қолданыстағы