О внесении изменений и дополнения в постановление акимата города Астаны от 7 декабря 2015 года № 102-2238 «Об утверждении Регламента государственной услуги «Выдача лицензии на осуществление деятельности по производству (формуляции) пестицидов (ядохимикатов), реализации пестицидов (ядохимикатов), применению пестицидов (ядохимикатов) аэрозольным и фумигационным способами»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в постановление акимата города Астаны от 7 декабря 2015 года № 102-2238 «Об утверждении Регламента государственной услуги «Выдача лицензии на осуществление деятельности по производству (формуляции) пестицидов (ядохимикатов), реализации пестицидов (ядохимикатов), применению пестицидов (ядохимикатов) аэрозольным и фумигационным способами»
- Атауы (қаз.)
- Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 102-2238 «Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 102-1580
- Қабылданған күні
- 03.08.2017
- Көрсетілген редакция
- 23.10.2020 114815_489047.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.10.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17ABW01131
- ЭКБ идентификаторы
- 114815
- Редакция идентификаторы
- 114815_489047
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:15
0 Астана қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 102-2238
«Пестицидтердi (улы химикаттарды)
өндiру (формуляциялау), пестицидтердi
(улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi
(улы химикаттарды) аэрозольдiк және
фумигациялық тәсiлдермен қолдануға
байланысты қызметті жүзеге асыруға
лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентін бекіту туралы»
қаулысына өзгерістер мен
толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы «Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» № 102-2238 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 989 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 желтоқсандағы «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) келесі мазмұндағы 2 тармақпен толықтырылсын:
«Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
«электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.»;
Регламенттің 4-бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау»;
Регламенттің 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Мемлекеттік қызметті көрсету барысында көрсетілетін қызметті алушының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүгіну мүмкіндігі қарастырылмаған.».
2
2. «Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркегеннен кейін оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жазба және электрондық түрде жолдау және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру жүктелсін.