О внесении изменений в постановление акимата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 7 сентября 2015 года № 275 «Об утверждении схем и порядка перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Мамлютского района Северо-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 7 сентября 2015 года № 275 «Об утверждении схем и порядка перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Мамлютского района Северо-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының шалғай елді мекендерінде тұратын оқушыларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау схемалары мен тәртібін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 275 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 280
- Қабылданған күні
- 15.12.2023
- Көрсетілген редакция
- 15.12.2023 190295_674558.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23SJ765415
- ЭКБ идентификаторы
- 190295
- Редакция идентификаторы
- 190295_674558
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 14:50
0 «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының шалғай елді мекендерінде тұратын оқушыларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау схемалары мен тәртібін бекіту туралы»
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 275 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының шалғай елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен тәртібін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 275 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3405 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 3-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының шалғай елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары бекітілсін.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының шалғай елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың тәртiбi бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының шалғай елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының шалғай елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың тәртiбi
Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданының әкімі
2023 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 280 қаулысына қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 275 қаулысымен бекітілген
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының
шалғай елді мекендерінде тұратын балаларды
жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың тәртiбi
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың осы қағидалары (бұдан әрі - Тәртiп) «Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14 - бабы 3 - тармағының 3-1) тармақшасына, «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына (бұдан әрі - Қағидалар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.
2 2-тарау. Тасымалдаушыларға және автокөлік құралдарына қойылатын талаптар
2 2. Балаларды тасымалдау осы Қағидалардың талаптарына сәйкес жабдықталған автобустармен және әрбір балаға отыратын жеке орын беріле отырып жүзеге асырылады.
3 3. Балаларды тасымалдау үшiн мынадай жүргiзушiлерге рұқсат етiледi:
1 1) жасы жиырма бес жастан кем емес, тиiстi санаттағы жүргiзушi куәлiгi және жүргiзушiнiң бес жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар;
2 2) автобустың жүргiзушiсi ретiндегi кемiнде соңғы үш жыл үздiксiз жұмыс өтiлi бар;
3 3) соңғы жылдары еңбек тәртiбiн және қозғалысы ережесiн өрескел бұзбаған.
Балаларды тасымалдауға жiберген ұйымдағы жүргiзушiнiң жұмыс өтiлi үш жылдан кем болмауы тиiс.
Сыйымдылығы 41 орынды автобустармен балаларды тасымалдауға тағайындалған, сондай-ақ қалааралық қатынастағы балаларды басқа да тасымалдаудағы жүргiзушiлердiң автобустардағы жұмыс өтiлi кемiнде 5 жыл болуы тиiс.
4
4. Балаларды тасымалдау үшiн бөлiнген автобустардың техникалық жай-күйi, техникалық қызмет көрсету өткiзудiң көлемдерi мен мерзiмдерi, жабдықтары «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23-10)-тармақшасына сәйкес автомобиль көлігі саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бекітілетін Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесімен белгiленген талаптарға жауап беруi тиiс.сәйкес.
5
5. Балаларды тасымалдауға арналған автобустардың кемiнде екi есiгi болады және «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-5 бұйрығымен бекітілген, «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 25-қосымшаның 1-тармағына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 22066 болып тіркелген) сәйкес келеді, сондай-ақ мыналармен:
1 1) автобустың алдында және артында орнатылатын «Балаларды тасымалдау» деген төрт бұрыш айыратын белгiмен;
2 2) сары түстi жылтыр шағын маягымен;
3 3) әрқайсысының сыйымдылығы кемiнде екi литр болатын оңай алынатын өрт сөндiргiштермен (бiреуi - жүргiзушiнiң кабинасында, басқасы – автобустың жолаушылар салонында);
4
4) «Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 368 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9649 болып тіркелген) автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесіне сәйкес дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдары бар екі алғашқы көмек дәрі қобдишаларымен (автомобильді);
5 5) екi жылжуға қарсы тiректермен;
6 6) авариялық тоқтау белгiсiмен;
7 7) колоннада жол жүргенде - автобустың алдыңғы терезесiнде қозғалыс бағытымен оң жағында орнатылатын, автобустың колоннадағы орны көрсетiлген ақпараттық кестемен жабдықталады.
3 3-тарау. Балаларды тасымалдау тәртібі
6 6. Тәулiктiң жарық мезгiлiнде балаларды автобуспен тасымалдау фаралардың жақын қосылған жарығымен жүзеге асырылады.
7 7. Автобусты күтiп тұрған балаларға арналған алаңшалар, олардың жүрiс бөлiгiне шығуын болдырмайтындай жеткiлiктi үлкен болуы тиiс.
Алаңдарда жайластырылған өту жолдары болуы және жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының аялдама пункттерiнен бөлек орналасуы тиiс.
Егер балаларды тасымалдау тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде жүзеге асырылса, онда алаңшалардың жасанды жарығы болуы тиiс. Күзгi-қысқы кезеңде алаңдар қардан, мұздан, кiрден тазартылуы тиiс.