О внесении изменений и дополнения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 7 апреля 2015 года № 315 «Об утверждении стандартов государственных услуг «Регистрация и выдача разрешения иностранцам и лицам без гражданства на постоянное жительство в Республике Казахстан», «Выдача удостоверений лицам без гражданства и видов на жительство иностранцам, постоянно проживающим в Республике Казахстан», «Регистрация приема и выхода из гражданства Республики Казахстан», «Присвоение и продление
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 7 апреля 2015 года № 315 «Об утверждении стандартов государственных услуг «Регистрация и выдача разрешения иностранцам и лицам без гражданства на постоянное жительство в Республике Казахстан», «Выдача удостоверений лицам без гражданства и видов на жительство иностранцам, постоянно проживающим в Республике Казахстан», «Регистрация приема и выхода из гражданства Республики Казахстан», «Присвоение и продление
- Атауы (қаз.)
- «Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру», «Азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердің тұруына ықтиярхат беру», «Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды және одан шығуды тiркеу» және «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 724
- Қабылданған күні
- 30.10.2017
- Көрсетілген редакция
- 31.03.2020 116596_456661.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1700016068
- ЭКБ идентификаторы
- 116596
- Редакция идентификаторы
- 116596_456661
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:29
0
«Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру», «Азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердің тұруына ықтиярхат беру», «Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды және одан шығуды тiркеу» және «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 315 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру», «Азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердің тұруына ықтиярхат беру», «Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды және одан шығуды тiркеу» және «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 315 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11203 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2015 жылғы 2 шілдеде № 123 (28601) болып жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасы аумағына ата-анасынан бөлеккелген, көрсетілетін қызметті алушы,жасы он сегізге дейін не егер ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасының азаматы болып табылған жағдайда осы тармақтың 1), 2), 7) -10) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ішкі істер органдарына ұсынады.
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуды ресімдеген Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тіркеуі бар не Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушышетелдік не азаматтығы жоқ адам ретінде қайта тіркелуі үшін ішкі істер органдарына осы тармақтың 1), 2), 4), 9), 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушы, 1974 жылғы үлгідегі паспорты бар Қазақстан Республикасының аумағында тұратын не азаматтығы Қазақстан Республикасынына азаматтығына не қандай да бір мемлекеттің азаматтығына тиесілілігін ішкі істер органдары анықтамаған адамдар тұруын не Қазақстан Республикасының аумағында тіркелгенін растайтын қосымша құжат ұсынады.
Адамдардың жеке басын анықтау үшін Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары тұрғылықты жері бойынша жауап алудың толық хаттамасын жасайды, онда тексерілетін адам қашан және қайда туылғаны, олардың туу сәтінде ата-аналарының азаматтығы, Қазақстан Республикасына қашан және қандай құжат бойынша келгені, туыстарының қайсысы және қайда тұрғаны, қазіргі уақытта қайда тұратыны, олардың азаматтығы және мән-жайларға және т.б. қарамастан басқа мәселелер көрсетіледі.
Құжаттарды қабылдағаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беру күнін көрсете отырып, тұрақты тұруға рұқсат беруге құжаттардың қабылданғаны туралы талон беріледі.»;
2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасарына (Е.З. Тургумбаев) және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденов) жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
«КЕЛІСІЛДІ»
ҚазақстанРеспубликасының
Ақпаратжәнекоммуникацияларминистрі
_________________Д. Абаев
2017жылғы 8 қараша
«КЕЛІСІЛДІ»
ҚазақстанРеспубликасының
Ұлттық экономика министрі
_____________Т. Сүлейменов
2017 жылғы 24 қараша