О внесении изменений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 7 декабря 2015 года № 331 «Об утверждении регламента государственной услуги «Государственная регистрация транспортных средств городского рельсового транспорта»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 7 декабря 2015 года № 331 «Об утверждении регламента государственной услуги «Государственная регистрация транспортных средств городского рельсового транспорта»
- Атауы (қаз.)
- «Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 331 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 231
- Қабылданған күні
- 15.07.2016
- Көрсетілген редакция
- 16.04.2020 105689_460882.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16V0004654
- ЭКБ идентификаторы
- 105689
- Редакция идентификаторы
- 105689_460882
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:22
0 «Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 331 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 11 қарашадағы № 1063 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 13138) бұйрығы негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 331 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 4312, 2015 жылғы 20 қазанда № 120 (17209) «Дидар», 2015 жылғы 19 қазанда № 123 (19722) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген «Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
5 тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«5 іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші бөлім маманының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін (куәлік және (немесе) хабарлама) дайындауы. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;»;
5 тармақтың оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінген кезде - 8 (сегіз) жұмыс күні.»;
8 тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) көрсетілетін қызметті беруші бөлім маманының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін (куәлік және (немесе) хабарлама) дайындауы. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;».