Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 7 августа 2015 года № 436 «Об утверждении Положения о Комитете казначейства Министерства финансов Республики Казахстан»

Бұйрық · № 209 · қабылданған 07.03.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2015-no-436-ekb-129611/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 7 августа 2015 года № 436 «Об утверждении Положения о Комитете казначейства Министерства финансов Республики Казахстан» Күшін жойған Бұйрық ·№ 209 ·07.03.2019
22.08.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.08.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 7 августа 2015 года № 436 «Об утверждении Положения о Комитете казначейства Министерства финансов Республики Казахстан»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 209 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 7 августа 2015 года № 436 «Об утверждении Положения о Комитете казначейства Министерства финансов Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 436 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
209
Қабылданған күні
07.03.2019
Көрсетілген редакция
22.08.2019 129611_419256.kaz
Соңғы өзгеріс
22.08.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G19E0000209
ЭКБ идентификаторы
129611
Редакция идентификаторы
129611_419256
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:53

0 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 436 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 436 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12021 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (бұдан әрі – Комитет) орталық атқарушы органның құзыреті шегінде республикалық бюджеттің атқарылуы мен жергілікті бюджеттердің атқарылуына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына қызмет көрсету саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомствосы болып табылады.»;
14-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) республикалық бюджеттің атқарылуы мен жергілікті бюджеттердің атқарылуына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына қызмет көрсету;»;
3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) республикалық, жергілікті бюджеттердің, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының, Жәбірленушілерге өтемақы қорының және Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕЭО) мүше мемлекеттердің бюджеттерінің арасындағы түсімдердің бөлінуін қамтамасыз ету;
4) республикалық бюджеттің атқарылуы, жергілікті бюджеттердің атқарылуына Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына қазынашылық қызмет көрсету сапасын арттыруға, қазынашылық ақпараттық жүйелерінің іркіліссіз жұмыс істеуі мен қазынашылық ақпараттық жүйелерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қазынашылық ақпараттық жүйелерін жетілдіру;»;
15-тармақта:
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) түсімдердің әртүрлі деңгейлердегі бюджеттерге, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге бөліну нормативтерін ҚИАЖ-да жүргізу;»;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) кейіннен тиісті қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына есепке жатқыза отырып, түсімдердің сомаларын бюджеттер деңгейлерінің арасында, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына және ЕЭО-ға мүше мемлекеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына бөлу;»;
40) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«40) Үкіметтік қарыздық міндеттемелерді орындау жөнінде алдағы айға талап етілетін көлемде шетел валютасының қажетті сомасын сатып алу туралы ақпаратты келісу және болжамды төлем кестесін құрастыру және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 44-1) тармақшамен толықтырылсын:
«44-1) Жәбірленушілерге өтемақы қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есепті жасау;»;
62) тармақша алып тасталсын;
63) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«63) республикалық бюджеттің атқарылуы мен жергілікті бюджеттердің атқарылуына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына қызмет көрсету саласында, сондай-ақ құзыреті шегінде ЕЭО-ға мүше мемлекеттердің Қазақстан Республикасында ратификацияланған халықаралық шарттарын орындау саласында аумақтық қазынашылық органдарының қызметін үйлестіру, бюджет заңнамасы нормаларының сақталуы мәселелері бойынша аумақтық органдарға тексерулер жүргізеді, сондай-ақ аумақтық органдардың өздеріне белгіленген тәртіппен жүктелген функцияларды тиісінше орындауына бақылауды жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 63-2) және 63-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«63-2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік және концессия жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді талдау және мониторингі;
63-2) қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде мемлекеттік сатып алу шоттарынан төлемдер жүргізу кезінде ағымдағы бақылауды жүзеге асыру;»;
16-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) республикалық бюджеттің атқарылуы мен жергілікті бюджеттердің атқарылуына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына қызмет көрсету мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау;»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша қазынашылық департаменттерінің басшыларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1

1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы