О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 августа 2015 года № 605 «Об определении лицензиара по осуществлению лицензирования деятельности по осуществлению археологических и (или) научно-реставрационных работ на памятниках истории и культуры и органов, которые осуществляют согласование выдачи лицензии на деятельность по осуществлению археологических и (или) научно-реставрационных работ на памятниках истории и культуры»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 августа 2015 года № 605 «Об определении лицензиара по осуществлению лицензирования деятельности по осуществлению археологических и (или) научно-реставрационных работ на памятниках истории и культуры и органов, которые осуществляют согласование выдачи лицензии на деятельность по осуществлению археологических и (или) научно-реставрационных работ на памятниках истории и культуры»
- Атауы (қаз.)
- «Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды және тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия беруді келісуді жүзеге асыратын органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 605 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 206
- Қабылданған күні
- 15.04.2020
- Көрсетілген редакция
- 15.04.2020 141814_457299.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2000000206
- ЭКБ идентификаторы
- 141814
- Редакция идентификаторы
- 141814_457299
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:58
0 «Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық
және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды және тарих
және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия беруді келісуді жүзеге асыратын органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы
№ 605 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды және тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия беруді келісуді жүзеге асыратын органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 605 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 43, 315-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарды және тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия беруді келісуді жүзеге асыратын органдарды айқындау туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиар;
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия беруді келісуді жүзеге асыратын органдар болып айқындалсын.».