О внесении изменений в постановление акимата Карагандинской области от 7 декабря 2015 года № 69/07 «Об утверждении регламента государственной услуги «Назначение жилищной помощи»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Карагандинской области от 7 декабря 2015 года № 69/07 «Об утверждении регламента государственной услуги «Назначение жилищной помощи»
- Атауы (қаз.)
- «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 69/07 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 73/02
- Қабылданған күні
- 16.11.2017
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2020 116629_478644.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17K0004459
- ЭКБ идентификаторы
- 116629
- Редакция идентификаторы
- 116629_478644
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:15
0 «Тұрғын үй көмегін тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентін бекіту туралы»
Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 69/07 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 22 маусымдағы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 376 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 15387 болып тіркелген) сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 69/07 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3597 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 қаңтарда № 5 (21 950) «Индустриальная Караганда», 2016 жылғы 16 қаңтарда № 9-10 (22 115) «Орталық Қазақстан» газеттерінде, 2016 жылғы 15 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде (әрі қарай - регламент):
3 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) немесе мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап (бұдан әрі – бас тарту туралы дәлелді жауап).»;
5 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды және тіркеуді іске асырады – 15 минут.
Нәтижесі – тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттармен танысады – 30 минут.
Нәтижесі – орындау үшін жауапты орындаушыны белгілеу;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын тексереді – күнтізбелік 9 (тоғыз) күн.
Нәтижесі – хабарламаны немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттармен танысады – 30 минут.
Нәтижесі – хабарламаға немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою;
5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушыға хабарлама немесе бас тарту туралы дәлелді жауап береді – 15 минут.
Нәтижесі – мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету жөніндегі журналында көрсетілетін қызметті алушының қолы.»;
7 тармақтың 5) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушыға хабарлама немесе бас тарту туралы дәлелді жауап береді – 15 минут.»;
10 тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«1) 1-үдеріс – МК операторының қызмет көрсетуі үшін МК АЖ автоматтандырылған жұмыс орнында (бұдан әрі – АЖО) логин мен парольді енгізуі (авторландыру үдерісі);»;
10 тармақтың 11) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«11) 9-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының МК операторы арқылы қызмет қорытындысын (хабарлама немесе бас тарту туралы дәлелді жауап) алуы.»;
11 тармақтың 12) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«12) 8-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының порталмен қалыптастырылған қызмет қорытындысын (электронды құжат нысанындағы хабарлама немесе бас тарту туралы дәлелді жауап) алуы. Электронды құжат көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қолдану арқылы құрылады.»;
регламентке 3-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2 2. «Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы
Қарағанды облысы әкімдігінің
2017 жылғы «16» қараша
№73/02 қаулысына
қосымша
«Тұрғын үй көмегін тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 3-қосымша
«Тұрғын үй көмегін тағайындау»
мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы
Шарттық белгілерді толық жазу: