О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 7 апреля 2015 года № 96/4 «О некоторых вопросах субсидирования на повышение урожайности и качества продукции растениеводства на 2015 год»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 7 апреля 2015 года № 96/4 «О некоторых вопросах субсидирования на повышение урожайности и качества продукции растениеводства на 2015 год»
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі «2015 жылға өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы» № 96/4 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 225/8
- Қабылданған күні
- 28.07.2015
- Көрсетілген редакция
- 28.07.2015 93155_76289.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15P0004673
- ЭКБ идентификаторы
- 93155
- Редакция идентификаторы
- 93155_76289
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:54
0 Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы 7 сәуірдегі
«2015 жылға өсімдік шаруашылығы
өнімінің шығымдылығы мен
сапасын арттыруды субсидиялаудың
кейбір мәселелері туралы» № 96/4
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/306 бұйрығымен бекітілген Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 574 қаулысымен бекітілген Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі «2015 жылға өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы» № 96/4 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4472 болып тіркелді, 2015 жылғы 23 мамырда «Сарыарқа самалы», «Звезда Прииртышья» газеттерінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
прембуласы келесі редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/306 бұйрығымен бекітілген Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 мамырдағы № 574 қаулысымен бекітілген Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулының 1-қосымшасындағы 17-жол осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары
Н.К. Әшімбетовке жүктелсiн.
4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мамытбеков
2015 жылғы 6 тамыз
5 Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы «28» шілдедегі
№ 225/8 қаулысына
қосымша
17.
Тамшылатып және спринкерлік суармалау жағдайындағы бірінші жылғы картоп, көкөністер және бақша дақылдары
75000