О внесении изменения и дополнения в постановление акимата Павлодарской области от 7 апреля 2015 года № 96/4 «О некоторых вопросах субсидирования на повышение урожайности и качества продукции растениеводства на 2015 год»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в постановление акимата Павлодарской области от 7 апреля 2015 года № 96/4 «О некоторых вопросах субсидирования на повышение урожайности и качества продукции растениеводства на 2015 год»
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі «2015 жылға өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы» № 96/4 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 299/10
- Қабылданған күні
- 20.10.2015
- Көрсетілген редакция
- 20.10.2015 95278_29939.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.10.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15P0004785
- ЭКБ идентификаторы
- 95278
- Редакция идентификаторы
- 95278_29939
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:58
0 Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы 7 сәуірдегі
«2015 жылға өсімдік шаруашылығы
өнімінің шығымдылығы мен
сапасын арттыруды субсидиялаудың
кейбір мәселелері туралы» № 96/4
қаулысына өзгеріс пен
толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығымен бекітілген Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/306 бұйрығымен бекітілген Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі «2015 жылға өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы» № 96/4 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4472 болып тіркелді, 2015 жылғы 23 мамырда «Сарыарқа самалы», «Звезда Прииртышья» газеттерінде жарияланды) келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
прембуласы келесі редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығымен бекітілген Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/306 бұйрығымен бекітілген Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулының 4-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес 195, 196, 197, 198, 199, 200, 201-жолдармен толықтырылсын.
2 2. «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары
Н.К. Әшімбетовке жүктелсiн.
4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мамытбеков
2015 жылғы «30» қазан
5 Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы 20 қазандағы
№ 299/10 қаулысына
қосымша
Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы «7» сәуірдегі
№ 96/4 қаулысына
қосымша
195.
Ластик Экстра, эмульсия концентраты (фенокса-проп-п-этил, 70 г/л+клоквинтосет-мексил (антидот), 40 г/л)
литр
50
1664
196.
Эстерон, эмульсия концентраты (2-этилгексил эфирі түріндегі 2,4-Д қышқылы, 905 г/л)
литр
30
555
197.
Форвард, майлы эмульсия концентраты
(хизалофоп-п-этил, 60 г/л)
литр
30
1155
198.
Дублон голд, сулы диспергерленетін түйіршіктер (никосульфурон, 600 г/л+тиенсульфурон-метил,
150 г/кг)
кило-грамм
30
45437
199.
Лазурит, суланатын ұнтақ (метрибузин, 700 г\кг)
кило-грамм
30
3894
200.
Ластик Экстра, эмульсия концентраты (феноксапроп-п-этил,70 г/л+клоквинтосет-мексил (антидот), 40 г/л)
литр
30
998
201.
Эскудо, сулы диспергерленетін түйіршіктер (римсульфурон, 500 г/кг)
кило-грамм
30
105398