О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Павлодарской области от 7 апреля 2016 года № 106/3 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Павлодарской области от 7 апреля 2016 года № 106/3 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» № 106/3 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 65/2
- Қабылданған күні
- 20.03.2019
- Көрсетілген редакция
- 20.03.2019 129771_393883.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.03.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19P0006275
- ЭКБ идентификаторы
- 129771
- Редакция идентификаторы
- 129771_393883
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:43
0 Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі
«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» № 106/3 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» № 106/3 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5121 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер және толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулының атауында және 1-тармағында «спорт және ветеринария» сөздері «спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» сөздерімен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулы осы қаулының қосымшасына сәйкес 7-қосымшамен толықтырылсын.
2 2. «Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.М. Бегентаевқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынасқа қолданылады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Облыстық мәслихат
сессиясының төрағасы
____________ А. Бойчин
2019 жылғы «15 » наурыз
Облыстық мәслихат хатшысы
____________ Б. Бексейітова
2019 жылғы «15 » наурыз
5 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Павлодар облысы әкімдігінің
2019 жылғы «20» наурыз
№ 65/2 қаулысына
қосымша
Павлодар облысы әкімдігінің
2016 жылғы «7» сәуірдегі
№ 106/3 қаулысына
7-қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде
жұмыс істейтін орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи
аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі