Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата от 7 июня 2016 года № 303 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»

Қаулы · № 372 · қабылданған 15.07.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2016-no-303-ekb-144900/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата от 7 июня 2016 года № 303 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности» Қолданыста Қаулы ·№ 372 ·15.07.2020
15.07.2020 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.07.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата от 7 июня 2016 года № 303 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»

Қолданыста Қаулы ·№ 372 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата от 7 июня 2016 года № 303 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»
Атауы (қаз.)
Әкімдіктің 2016 жылғы 7 маусымдағы № 303 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
372
Қабылданған күні
15.07.2020
Көрсетілген редакция
15.07.2020 144900_472309.kaz
Соңғы өзгеріс
15.07.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20NN009329
ЭКБ идентификаторы
144900
Редакция идентификаторы
144900_472309
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:31

0 Әкімдіктің 2016 жылғы 7 маусымдағы № 303 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Әкімдіктің «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» 2016 жылғы 7 маусымдағы № 303 қаулысына (2016 жылғы 12 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6506 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы»;
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қостанай ауданы әкімдігінің «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

Әкімдіктің
2020 жылғы 15 шілдедегі
№ 372 қаулысына
қосымша
Әкімдіктің
2016 жылғы 7 маусымдағы
№ 303 қаулысына
қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

1 1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың лауазымдары:

1 1) барлық мамандықтағы дәрігерлер;

2 2) акушер;

3 3) тіс дәрігері (дантист);

4 4) мейіргер;

5 5) зертханашы (медициналық);

6 6) психолог маман;

7 7) әлеуметтік қызметкер;

8 8) фельдшер.

2 2. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:

1 1) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

2 2) психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.

3 3. Білім беру саласындағы мамандардың лауазымдары:

1 1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы: шағын жинақталған мектептің, мектепке дейінгі білім беру ұйымының;

2 2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның: шағын жинақталған мектеп басшысының орынбасары;

3 3) бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы;

4 4) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог-психолог, психолог;

5 5) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының барлық мамандықты мұғалімдері;

6 6) әдіскер (негізгі қызметтердің);

7 7) тәлімгер;

8 8) әлеуметтік педагог;

9 9) мұғалім - логопед, логопед;

10 10) кітапхананың басшысы (меңгерушісі);

11 11) кітапханашы;

12 12) қосымша білім беретін педагог;

13 13) тәрбиелеуші;

14 14) мейірбике (мейіргер);

15 15) емдәмдік мейірбике;

16 16) музыкалық жетекші (негізгі қызметтердің);

17 17) дене шынықтыру жетекшісі (негізгі қызметтердің).

4 4. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:

1 1) хореограф;

2 2) музыкалық жетекші;

3 3) кітапханашы;

4 4) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

5 5) аккомпаниатор;

6 6) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

7 7) қазақ тілі мұғалімі.

5 5. Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары:

1 1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

2 2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

3 3) (мамандандырылған) медициналық бике/аға;

4 4) жаттықтырушы-оқытушы;

5 5) әдіскер.

Қолданыстағы