О внесении изменений в приказ Председателя Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан от 7 сентября 2016 года № 522 «Об утверждении положений Департаментов государственных доходов Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан по областям, городам Астана, Алматы и Шымкент и их территориальных органов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Председателя Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан от 7 сентября 2016 года № 522 «Об утверждении положений Департаментов государственных доходов Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан по областям, городам Астана, Алматы и Шымкент и их территориальных органов»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 522 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 39
- Қабылданған күні
- 24.01.2019
- Көрсетілген редакция
- 24.01.2019 128737_388494.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.01.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G19ED000039
- ЭКБ идентификаторы
- 128737
- Редакция идентификаторы
- 128737_388494
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:16
0
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 522 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана, Алматы және Шымкент бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 522 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
179) және 180) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«179) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Тереңкөл ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережесі осы бұйрыққа 179-қосымшаға сәйкес;
180) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Аққулы ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережесі осы бұйрыққа 180-қосымшаға сәйкес;»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Тереңкөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережесінде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Тереңкөл ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережесі»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Тереңкөл ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн, әлеуметтік төлемдерді есептеудің, ұстап қалудың және аударудың толықтығы және уақыттылығын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды орындауға уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық органы болып табылады.»;
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Басқарманың заңды мекенжайы: пошта индексі 140600, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Тереңкөл ауданы, Тереңкөл ауылы, Құдайберген Сұрағанов көшесі, 167 А.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Тереңкөл ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесi.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Аққулы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережесінде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Аққулы ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережесі»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Аққулы ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн, әлеуметтік төлемдерді есептеудің, ұстап қалудың және аударудың толықтығы және уақыттылығын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды орындауға уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық органы болып табылады.»;
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Басқарманың заңды мекенжайы: пошта индексі 140700, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Аққулы ауданы, Аққу ауылы, Всеволод Иванов көшесі, 95.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Аққулы ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесi.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті туралы ережесінде:
15-тармақта:
94) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«94) Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған, оның негізінде кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден босату ұсынылатын құжаттарды қарау;»;
97) және 98) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«97) Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтан жүзеге асырылатын Еуразиялық экономикалық одағы кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумаққа әкелуді немесе әкетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәдени құндылықтарды, қолма-қол валютаны, қаржы мониторингіне жататын, ұсынушыға арналған құжаттандырылған бағалы қағаздарды, вексельдерді, чектерді Қазақстан Республикасына әкелу немесе Қазақстан Республикасынан әкету жөнінде ақпарат жинауды жүзеге асыру;
98) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпаратты қорғау және ақпарттық қорғау құралдарын пайдалану жөніндегі талаптардың сақталуды жүзеге асыру;»;
16-тармақта:
құқықтарында:
27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«27) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттерге кеден ісі мәселелері бойынша мемлекеттік кірістер органдарының ресми өкілдерін жіберу;»;
31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«31) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес фактілер мен оқиғаларды құжаттау, бейне- және аудиожазба, кино- және фотоға түсіру жүргізу;»;
міндеттерінде:
70) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«70) Қазақстан Республикасының заннамасымен көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті туралы ережесінде:
15-тармақта:
98), 99), 100) және 101) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«98) тауарлардың кедендік құны бойынша алдын ала шешімдер қабылдау;
99) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнына талдау жүргізу;
100) заңсыз өткізілген тауарларға қатысты кедендік құны, сыныптау және шығарылған жері бойынша қорытындылар шығару;
101) тауарлардың кедендік құны мәселелері бойынша тәуекел бейінін әзірлеуге қатысу;»;
103) және 104) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«103) ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау, әкелінетін тауарлардың кедендік құнын анықтау әдістерін қолдану мәселелері бойынша, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес өзге де мәселелер бойынша;
104) Еуразиялық экономикалық одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған, олардың негізінде кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден босату берілетін құжаттарды қарау;»;
16-тармақта:
құқықтарында:
27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«27) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттерге кеден ісі мәселелері бойынша мемлекеттік кірістер органдарының ресми өкілдерін жіберу;»;
31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«31) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес фактілер мен оқиғаларды құжаттау, бейне- және аудиожазба, кино- және фотоға түсіру жүргізу;»;
міндеттерінде:
70) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«70) Қазақстан Республикасының заннамасымен көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға.».