Құжат мәтініне өту

О внесении дополнения в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 7 сентября 2016 года № 62 «О некоторых вопросах труда работников органов национальной безопасности Республики Казахстан»

Бұйрық · № 76/қе · қабылданған 19.09.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2016-no-62/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении дополнения в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 7 сентября 2016 года № 62 «О некоторых вопросах труда работников органов национальной безопасности Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 76/қе ·19.09.2023
19.09.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнения в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 7 сентября 2016 года № 62 «О некоторых вопросах труда работников органов национальной безопасности Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 76/қе · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнения в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 7 сентября 2016 года № 62 «О некоторых вопросах труда работников органов национальной безопасности Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жұмыскерлері еңбегінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 62 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
76/қе
Қабылданған күні
19.09.2023
Көрсетілген редакция
19.09.2023 186404_656937.kaz
Соңғы өзгеріс
19.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G23KN000076
ЭКБ идентификаторы
186404
Редакция идентификаторы
186404_656937
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 16:44

0 «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жұмыскерлері еңбегінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 62 бұйрығына

толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жұмыскерлері еңбегінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 62 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14322 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. ҰҚК әскери, арнаулы оқу орындарының педагогтарына, ғылыми-педагогикалық және ғылыми қызметкерлеріне өтілін есептеу «Бiлiм ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлерiне мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 302 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6340 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
ҰҚК әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерінің медицина қызметкерлеріне өтілін есептеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлері, денсаулық сақтау саласындағы қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтiлiн есептеу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 2 тамыздағы № 685 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14205 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асыралады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1

1) осы бұйрыққа қол қойылған кейін күнтізбелік бес күн ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрлігі

Қолданыстағы