Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Сандыктауского района от 7 июля 2016 года № А-7/150 «Об определении перечня приоритетных направлений расходов бюджета Сандыктауского района»

Қаулы · № А-8/162 · қабылданған 06.08.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2016-no-7150/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Сандыктауского района от 7 июля 2016 года № А-7/150 «Об определении перечня приоритетных направлений расходов бюджета Сандыктауского района» Қолданыста Қаулы ·№ А-8/162 ·06.08.2020
06.08.2020 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.08.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Сандыктауского района от 7 июля 2016 года № А-7/150 «Об определении перечня приоритетных направлений расходов бюджета Сандыктауского района»

Қолданыста Қаулы ·№ А-8/162 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Сандыктауского района от 7 июля 2016 года № А-7/150 «Об определении перечня приоритетных направлений расходов бюджета Сандыктауского района»
Атауы (қаз.)
Сандықтау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 7 шілдедегі № А-7/150 «Сандықтау ауданының бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
А-8/162
Қабылданған күні
06.08.2020
Көрсетілген редакция
06.08.2020 145361_475096.kaz
Соңғы өзгеріс
06.08.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20BP007982
ЭКБ идентификаторы
145361
Редакция идентификаторы
145361_475096
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:18

0 Сандықтау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 7 шілдедегі № А-7/150 «Сандықтау ауданының бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Сандықтау ауданы әкімдігінің «Сандықтау ауданының бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы» 2016 жылғы 7 шілдедегі № А-7/150 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5495 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 тамызда «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулының кiрiспесі жаңа редакцияда баяндалсын:
««Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
жоғарыда көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Қ.Қ. Жылқыбаевқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Сандықтау ауданы бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі

Сандықтау ауданы әкімдігінің
2020 жылғы «6» тамыздағы
№ А-8/162 қаулысына
қосымша
Сандықтау ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 7 шілдедегі
№ А-7/150 қаулысына
қосымша
Сандықтау ауданы бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі

1 1. Жалақыны және басқа да ақшалай төлемдер, оның ішінде штаттан тыс техникалық персоналдың жалақысы, жалақыдан барлық ұстаулары.

2 2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген ақшалай өтемақылар.

3 3. Алименттері, міндетті зейнетақы жарналары, кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдары, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдары және (немесе) жарналары, жәрдемақылары, стипендиялары.

4 4. Банктік қызмет ақысын төлеу, борыштық міндеттемелерін өтеу және қызмет көрсету жөніндегі төлемдер, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер.

5 5. Отын (ғимараттарды жылыту бөлігінде), тамақтануды ұйымдастыру және тамақ өнімдерін сатып алу бойынша қызметтерді сатып алуға шығыстар.

6 6. Атқарушылық құжаттар мен сот актілерін орындау.

7 7. Іссапар және қызметтік сапарлар.

Қолданыстағы