О внесении изменения в постановление акимата города Сатпаев от 7 февраля 2017 года № 06/28 «Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства инвалидов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата города Сатпаев от 7 февраля 2017 года № 06/28 «Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства инвалидов»
- Атауы (қаз.)
- Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 7 ақпандағы № 06/28 «Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 32/03
- Қабылданған күні
- 29.05.2019
- Көрсетілген редакция
- 04.02.2021 132384_508060.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.02.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19KF005374
- ЭКБ идентификаторы
- 132384
- Редакция идентификаторы
- 132384_508060
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:45
0 Сәтбаев қаласының әкімдігінің
2017 жылғы 7 ақпандағы № 06/28
«Мүгедектерді жұмысқа орналастыру
үшін жұмыс орындарына квота
белгілеу туралы» қаулысына
өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 7 ақпандағы № 06/28 «Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4163 тіркелген, 2017 жылғы 31 наурызда «Шарайна» газетінің
№ 12 (2253) нөмірінде және 2017 жылғы 24 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары
А.Қ. Төлендинаға жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі
Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2019 жылғы «__» _________ № ____
қаулысының қосымшасы
Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2017 жылғы «7» ақпандағы № 06/28
қаулысының қосымшасы
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі
Реттік №
Ұйымдардың атауы
Қызметкерлердің тізімдік саны (адам)
Квотаның көлемі
(% қызметкерлердің тізімдік санынан)
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру квотасын орындау үшін қажет саны (адам)
1.
«Күншуақ» № 33 балабақша» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
72
2
1
2.
«Балдәурен» № 29 балабақша» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
74
2
1
3.
«Нұрбөбек» № 5 балабақша» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
92
2
2
4.
«Сәкен Сейфуллин атындағы гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекеме
147
3
4
5.
«Сәтбаев қаласының № 1 мектеп –гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекеме
202
3
6
6.
«Абай атындағы № 4 мектеп – лицей» коммуналдық мемлекеттік мекеме
256
4
10
7.
«№ 9 жалпы білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекеме
107
3
3
8.
«№ 19 жалпы білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекеме
166
3
5
9.
«Сәт Тазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестік
292
4
12