О внесении изменения в постановление акимата города Сатпаев от 7 февраля 2017 года № 06/29 «Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата города Сатпаев от 7 февраля 2017 года № 06/29 «Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы»
- Атауы (қаз.)
- Сәтбаев қаласы әкімдігінің «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2017 жылғы 7 ақпандағы № 06/29 қаулысына өзгерту енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 10/02
- Қабылданған күні
- 29.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 29.05.2019 121200_409777.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.05.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18KF004705
- ЭКБ идентификаторы
- 121200
- Редакция идентификаторы
- 121200_409777
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:06
0 Сәтбаев қаласы әкімдігінің
«Бас бостандығынан айыру
орындарынан босатылған
адамдарды жұмысқа орналастыру
үшін жұмыс орындарына
квота белгілеу туралы»
2017 жылғы 7 ақпандағы
№ 06/29 қаулысына өзгерту
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 06 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында Сәтбаев қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 7 ақпандағы № 06/29 «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа
орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4164 болып тіркелген, 31 наурыздағы 2017 жылғы № 12 (2253) «Шарайна» газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 24 наурызда жарияланған) келесі өзгерту енгізілсін:
қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Қ.Төлендинаға жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі
Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 29 наурыздағы
№ 10/02 қаулысының
қосымшасы
Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 7 ақпандағы
№ 06/29 қаулысының
қосымшасы
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі
№
Ұйымдардың атауы
Қызметкерлердің тізімдік саны (адам)
Квотаның көлемі
(% қызметкерлердің тізімдік санынан)
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыруға жұмыс орындарының саны (адам)
1
«Сәт Тазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестік
306
2
6
2
«Рудсервис К» жауапкершілігі шектеулі серіктестік
118
2
2
3
«Сәтбаев жылу, сумен жабдықтау кәсіпорыны» жауапкершілігі шектеулі серіктестік
467
2
9
Барлығы
891
-
17