Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 7 августа 2017 года № 424 «Об утверждении Правил проведения государственного контроля и надзора за деятельностью государственной авиации по вопросам безопасности полетов»

Бұйрық · № 817 · қабылданған 02.08.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2017-no-424/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 7 августа 2017 года № 424 «Об утверждении Правил проведения государственного контроля и надзора за деятельностью государственной авиации по вопросам безопасности полетов» Қолданыста Бұйрық ·№ 817 ·02.08.2024
02.08.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 7 августа 2017 года № 424 «Об утверждении Правил проведения государственного контроля и надзора за деятельностью государственной авиации по вопросам безопасности полетов»

Қолданыста Бұйрық ·№ 817 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 7 августа 2017 года № 424 «Об утверждении Правил проведения государственного контроля и надзора за деятельностью государственной авиации по вопросам безопасности полетов»
Атауы (қаз.)
«Ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша мемлекеттік авиацияның қызметіне мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 424 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
817
Қабылданған күні
02.08.2024
Көрсетілген редакция
02.08.2024 199446_715262.kaz
Соңғы өзгеріс
02.08.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034893
ЭКБ идентификаторы
199446
Редакция идентификаторы
199446_715262
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:15

0 «Ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша мемлекеттік авиацияның қызметіне мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 424 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1.«Ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша мемлекеттік авиацияның қызметіне мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 424 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15928 болып тіркелген, 2017 жылғы 3 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша мемлекеттік авиацияның қызметіне мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізу қағидаларында:
6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тексерілетін субъектінің «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарды сақтағаны туралы ақпаратты алу мақсатында оларды шақырту болып табылады.»;
45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«45. Тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтар (кемшіліктер, олқылықтар) және нұсқамада көрсетілген ұсынымдар бойынша тексерілетін субъект он жұмыс күні ішінде ұшу қауіпсіздігі органына мерзімін көрсетіп, тексеру жүргізген ұшу қауіпсіздігі органының басшысымен келісілетін анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде қабылданатын шаралар туралы ақпаратты ұсынады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшу қауіпсіздігі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік күзет қызметі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі

Қолданыстағы