О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 декабря 2017 года № 823 «О реализации Закона Республики Казахстан «О республиканском бюджете на 2018 - 2020 годы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 декабря 2017 года № 823 «О реализации Закона Республики Казахстан «О республиканском бюджете на 2018 - 2020 годы»
- Атауы (қаз.)
- «2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 823 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 99
- Қабылданған күні
- 03.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 03.03.2018 119169_297842.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.03.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1800000099
- ЭКБ идентификаторы
- 119169
- Редакция идентификаторы
- 119169_297842
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:30
0 «2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 823 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «2018 − 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 823 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 32-қосымшада:
реттік нөмір 17-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
17
«Назар
баев Зияткерлік мектеп
тері» дербес білім беру ұйымдарындағы білім беру және тәрбие
леу бойынша көрсетілетін қызмет
тер
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ Білім беру бағдарламасы – NIS-Program енгізе отырып, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 1-6 сынып оқушыларына арналған білім беру қызметтері; «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ Білім беру бағдарламасы – NIS-Program және Халықаралық бакалавриат оқу бағдарламасын енгізе отырып, оқушылардың Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жатақханаларында тұруын ескере отырып, 7-12 сыныптары оқушыларына республикалық комиссия тағайындаған Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын іске асыру бойынша көрсетілетін қызметтер
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ
099 «Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтамасыз ету»
101 «Назарбаев Зияткерлік мектептерінде мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру»
29 572 704
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 11-1, 13-1, 17-1, 18-1, 18-2, 19-1, 26-1, 27-1, 27-2, 27-3, 27-4, 35-1, 35-2, 35-3, 35-4, 35-5, 35-6-жолдармен толықтырылсын:
«
11-1
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 − 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын талдау және ақпараттық-медиялық сүйемелдеу
Білім және ғылым саласында білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарын жария ету бойынша кешенді ақпараттық саясатты жүргізу, оның аясында мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
- қоғамдық пікірді қалыптастыру, ақпаратты бұрмаламай халықпен тікелей байланыс орнату үшін телевизиялық ток-шоулар түсіру және тарату, халыққа ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- мультимедиалық имидждік арнайы жобаларды әзірлеуді, интернет БАҚ-та жариялау үшін блогерлермен жұмыс жасауды, әлеуметтік желілерде ілгерілету стратегиясын әзірлеуді және іске асыруды, теріс пікірлерді жою және тұрақты мониторингті жүргізуді, қоғамның қабылдауын талдауды қоса алғанда, интернет кеңістігінде жұмыс істеу
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ
001 «Білім беру және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру» 103 «Әлеуметтік, талдамалық зерттеулер жүргізу және консалтингтік қызметтер көрсету»
457 044
13-1
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жан басына шаққандағы қаржыландырудыәдіснамалық қамтамасыз ету және мониторингтеу бойынша көрсетілетін қызметтер
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды әдіснамалық қамтамасыз ету және мониторингтеу бойынша көрсетілетін қызметтерді орындау аясында: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды іске асыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуді және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуін келісуге ықпал етуді; мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының және жергілікті атқарушы органдарының әкімшілігі үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды іске асыру мәселелері бойынша консультациялар ұйымдастыруды және өткізуді; жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды іске асыру барысында туындайтын проблемаларды талдау және тиісті ұсыныстар енгізуді жүзеге асырады
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Қаржы орталығы» АҚ
098 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға қолжетімділікті қамтамасыз ету» 102 «Мектепке дейінгі білім беру саласындағы әдіснамалық қамтамасыз ету»
39 624
17-1
Халықаралық талаптарды ескере отырып, білім беру статистикасын жинақтауды сүйемелдеу
Білім беру статистикасы мектепке дейінгі, жалпы орта және техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру жүйесін мониторингтеу және болжау, оның ішінде білім беру объектілерінің қажеттілігін анықтау, кадрлық және материалдық-техникалық қамтылуын, қаржыландыру көлемін, мемлекеттік тапсырысты есептеу, стратегиялық құжаттарды, оның ішінде білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және т.б. іске асырылуын талдау және мониторингтеу үшін қажет
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Ақпараттық-тал
дау орталығы» АҚ
099 «Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтамасыз ету» 102 «Орта білім беру саласындағы әдіснамалық қамтамасыз ету»
89 271
18-1
Республикалық, халықаралық мектеп олимпиадаларын, конкурстарды және өзге де республикалық маңызы бар мектептен тыс іс-шараларды ұйымдастыру, өткізу және оларға балалардың қатысуы
Республикалық және халықаралық маңызы бар мектептен тыс іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, дарынды оқушыларды анықтау; оқушыларды халықаралық олимпиадаларға, конкурстарға іріктеу және дайындау, республикалық семинарлар, конкурстар, ғылыми-практикалық конференциялар өткізу.Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстары балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен практикалық шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды iрiктеу және дайындау. Қазақстан Республикасында білім берудің беделiн арттыру мақсатында өткізіледі. Сондай-ақ олимпиадалар мен конкурстар оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандырып, Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетiн қалыптастыруға ықпал етеді.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Дарын» республикалық ғылыми-прак
тикалық орталығы» РМКҚ
099 «Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамта
масыз ету» 103 «Республикалық мектеп олимпиадаларын, конкурстар, мектептен тыс республикалық маңызы бар іс-шаралар өткізу»
266 788
18-2
Қазақстанның, алыс және жақын шетелдің мамандандырыл
ған мектептері арасында математика, физика және информатика пәндері бойынша Халықаралық Жәутіков олимпиадасын өткізу бойынша көрсетілетін қызметтер.
Заманауи экономика терең білімі бар және жаңашылдыққа қабілетті мамандарды қажет етеді, сондықтан үздік тарихи тәжірибеге және ең табысты заманауи үлгілерге негізделген жас дарындарды анықтау және дамыту бойынша жұмыс Қазақстан экономикасын жаңғыртудың қажетті элементі болып табылады. Қазақстан Республикасында дарынды балалармен және жастармен жұмыс жасаудың бай тәжірибесі жинақталған.
Қазақстанның мамандандырылған білім беру ұйымдарын құруда басымдығы бар, сол ұйымдардың түлектері бүгінде еліміздің зияткерлік элитасына кіреді.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ
099 «Сапалы білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету» 103 «Республикалық мектеп олимпиадаларын, конкурстар, мектептен тыс республикалық маңызы бар іс-шаралар өткізу»
27 749
19-1
Орта білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды енгізуді сүйемелдеу және мониторингтеу бойынша көрсетілетін қызметтер
Орта білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды енгізуді сүйемелдеу және мониторингтеу жөніндегі қызметтерді орындау аясында:Қазақстан Республикасының жан басына шаққандағы қаржыландыруды іске асыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобаларын әзірлеуді; пилоттық мектептердің қызметкерлері мен мүдделі жергілікті атқарушы органдардың өкілдері үшін жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруға көшу мәселелері бойынша консультациялар ұйымдастыруды және өткізуді; жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды іске асыру барысы мен нәтижелері туралы деректер жинауды, мониторингтеуді және талдауды; «Қаржы орталығы» АҚ-ның білім беру ұйымдарында жан басына қаржыландырудың енгізілуін сүйемелдеу және мониторингтеу бойынша қызметін басқарудың ақпараттық (автоматтандырылған) жүйесінің жұмысын ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Қаржы орталығы» АҚ
099 «Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтамасыз ету» 106 «Оператордың жан басына шаққандағы қаржыландыру жөніндегі көрсететін қызметтеріне ақы төлеу»
34 843
26-1
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды енгізуді әдіснамалық қамтамасыз ету және мониторингтеу бойынша көрсетілетін қызметтер
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды енгізуді әдіснамалық қамтамасыз ету және мониторингтеу бойынша қызметтерді орындау аясында: − техникалық және кәсіптік білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды іске асыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының жаңа нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуді және оларды келісуге жәрдемдесуді, сондай-ақ қолданыстағыларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді; - техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы қаржыландыруды іске асыру мәселелері бойынша деректер жинауды және мониторинг жүргізуді; - жан басына шаққандағы қаржыландыруға көшу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарға және колледждердің қызметкерлеріне консультациялық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Қаржы орталығы» АҚ
203 «Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету» 101 «Техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы әдіснамалық қамтамасыз ету»
42 103
27-1
Мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде жоғары білім беруді қаржыландырудың жаңа нысандарын әзірлеу бойынша көрсетілетін қызметтер
Жоғары оқу орындарында жан басына шаққандағы нормативтiк қаржыландыруды енгiзудi әдіснамалық қамтамасыз ету және мониторингтеу
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Қаржы орталығы» АҚ
204 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету» 103 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласындағы әдіснама
лық қамтамасыз ету»
35 286
27-2
«ЖОО-ның 2018 жылғы рейтингі» зерттеуін жүргізу
Елдің жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім берудегі негізгі басымдықтардың бірі болып университеттер мен бизнес-құрылымдарының интеграциясы белгіленген. Осы басымдықты орындау мақсатында Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының Іс-шаралар жоспарында «ЖОО-ның рейтингі» зерттеуін жүргізу бекітілген.
Қазақстан Рес
публикасының Білім және ғылым министрлігі
ҚР «Атамекен» ҰКП
204 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету»
103 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласындағы әдіснамалық қамтамасыз ету»
47 897
27-3
Білім беру бағдарламаларын бағалау бойынша көрсетілетін қызметтер
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы төртінші басымдық аясында жоғары оқу орындарының кадрлық құрамына, олардың материалдық-техникалық қамтамасыз етілу деңгейіне және білім беру бағдарламаларына қойылатын талаптарды күшейту міндеті қойылды.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
ҚР «Атамекен» ҰКП
204 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету» 103 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласындағы әдіснамалық қамтамасыз ету»
185 491
27-4.
Мемлекеттік білім беру және студенттік кредиттерді қайтару және жас мамандар мен философия докторларының (PhD) жұмысқа орналасуын мониторингтеу бойынша көрсетілетін қызметтер
Мемлекеттік білім беру және мемлекеттік студенттік кредиттерді қайтару және оларға қызмет көрсету, ауылдық квота шегінде білім беру гранты бойынша, философия докторы (Phd) бағдарламасы бойынша білім алған Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары түлектерінің ауылдық елді мекендерде орналасқан білім беру ұйымдарына және денсаулық сақтау ұйымдарына жұмысқа орналасуының мониторингін қамтамасыз ету және жас мамандардың ауылдық елді мекендерде жұмыспен өтеу міндетін орындау бойынша қызмет көрсету.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Қаржы орталығы» АҚ
204 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету» 104 «Сенім білдірілген агенттердің білім беру кредиттерін қайтару жөніндегі қызметтеріне ақы төлеу»
207 367
35-1
Ғылыми-танымдық, кітапхана-ақпараттық қамтамасыз ету, қазақстандық ғылымды кеңінен таныту, ғылыми-зерттеу институттарының және мекемелердің, музейлермен ғылыми кітапханалардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтер
Ғылым мен білім беру саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру. Ғылыми-оқыту және мәдени-ағартушылық жұмысты ұйымдастыру және өткізу арқылы қазақтандық ғылымды кеңінен таныту. Музейлердегі ғылыми-қорландыру жұмыстары. Музей қорларын ғылыми өңдеуді жүзеге асыру, оны анықтамалық-іздеу аппаратының көмегі арқылы дәстүрлі және электрондық түрлерін ашу және оларға қолжетімділікті ұйымдастыру. Пайдаланушыларға кітапханалық, анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсету, ғалымдарға, ғылыми-зерттеу мекемелеріне ақпараттық және әдістемелік қызметтер көрсету. Пайдаланушыларға кітапханалық, анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсету, филиалдардың жұмысын жетілдіру, тарихи маңызы бар және архивтер мен сирек кездесетін кітапхана материалдарына көпшілік оқырман мен зерттеушілердің қолжетімділігі үшін алаңдар қалыптастыру.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» ШЖҚ РМК
219 «Ғылыми-тарихи құндылықтарға, ғылыми-техникалық және ғылыми-педагогикалық ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету» 101 «Ғылыми, ғылыми-техникалық және ғылыми-педагогикалық ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету»
291 576
35-2
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша көрсетілетін қызметтер
Қазақстан Республикасының білім беру қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігі деңгейіне қойылатын заманауи талаптарға сәйкес біліктілігін үздіксіз арттырудың тиімді үлгісін құру арқылы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ
221 «Мектепке дейінгі мемлекеттік білім беру ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау»
328 551
35-3
Мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру
Жаратылыстану-математика бағыты бойынша мектептердегі информатика, биология, химия, және физика пәндерінің мұғалімдеріне тілдік курстар ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Назарбаев Университеті» ДБҰ
222 «Орта білім беру мемлекеттік ұйымдар кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау»
1 424 048
35-4
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша көрсетілетін қызметтер
Қазақстан Республикасының білім беру қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігі деңгейіне қойылатын заманауи талаптарға сәйкес біліктілігін үздіксіз арттырудың тиімді үлгісін құру арқылы бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру жүйелерінің педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Өрлеу» біліктіліктікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ
222 «Орта білім беру мемлекеттік ұйымдар кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау»
3 805 904
35-5
Халықаралық талаптарға сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары мен инженерлік - педагогикалық жұмыскерлердің біліктілігін арттыру курстарын өткізу және ұйымдастыру
Жаңа формациядағы педагогті қалыптастырудың инновациялық тәсілдері негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының инженер-педагог қызметкерлері мен басшыларының біліктілігін арттыру.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Кәсіпқор Холдингі» КЕАҚ
223 «Техникалық және кәсіптік білім беру мемлекеттік ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау»
226 600
35-6
Жоғары оқу орындары жүйесі қызметкерлерінің біліктілі
гін арттыру бойынша көрсетілетін қызметтер
Қазақстан Республикасының білім беру қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігі деңгейіне қойылатын заманауи талаптарға сәйкес біліктілігін үздіксіз арттырудың тиімді үлгісін құру арқылы жоғары білім беру жүйелерінің педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну.
Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрлігі
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық
орталығы» АҚ
224 «Мемлекеттік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау»
124 954
».