О внесении изменения в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 7 августа 2017 года №211 «Об утверждении размера выплаты ежемесячного денежного содержания спортсменам, входящим в состав сборных команд Республики Казахстан по видам спорта (национальных сборных команд по видам спорта), их тренерам, а также спортсменам, выступающим в составах сборных команд Республики Казахстан (национальных сборных команд) по игровым видам спорта, их тренерам и руководителям клубных команд»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 7 августа 2017 года №211 «Об утверждении размера выплаты ежемесячного денежного содержания спортсменам, входящим в состав сборных команд Республики Казахстан по видам спорта (национальных сборных команд по видам спорта), их тренерам, а также спортсменам, выступающим в составах сборных команд Республики Казахстан (национальных сборных команд) по игровым видам спорта, их тренерам и руководителям клубных команд»
- Атауы (қаз.)
- Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 7 тамыздағы №211 «Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамында қатысатын спортшыларға олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемд
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 13
- Қабылданған күні
- 29.01.2018
- Көрсетілген редакция
- 05.06.2026 119045_827032.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.06.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18Z0005065
- ЭКБ идентификаторы
- 119045
- Редакция идентификаторы
- 119045_827032
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:59
0 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2017 жылғы 7 тамыздағы №211 «Спорт түрлері
бойынша Қазақстан Республикасы құрама
командаларының (спорт түрлері бойынша
ұлттық құрама командалардың) құрамына
кіретін спортшыларға, олардың
жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың
ойналатын түрлері бойынша Қазақстан
Республикасы құрама командаларының
(ұлттық құрама командалардың) құрамында
қатысатын спортшыларға олардың
жаттықтырушыларына және клубтық
командалардың жетекшілеріне ай сайынғы
ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін
бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңдарына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 7 тамыздағы №211 «Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамында қатысатын спортшыларға олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай
сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4893 тіркелген, 2017 жылғы 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) төмендегідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен құрылған ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдері белгіленетін адамдардың тізбесін анықтайтын жұмыс тобының құрамы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» (Ә. Р. Аманбаева) мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғ. А. Оспанқұловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 Ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдері белгіленетін адамдардың тізбесін анықтайтын жұмыс тобының құрамы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 29 қаңтардағы №13 қаулысына қосымша
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 7 тамыздағы №211 қаулысына қосымша
Ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдері белгіленетін адамдардың тізбесін анықтайтын жұмыс тобының құрамы