О внесении изменений в решение Кызылжарского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 7 марта 2018 года № 24/18 «О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога по Кызылжарскому району»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Кызылжарского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 7 марта 2018 года № 24/18 «О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога по Кызылжарскому району»
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 7 наурыздағы № 24/18 «Қызылжар ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 51/8
- Қабылданған күні
- 17.03.2020
- Көрсетілген редакция
- 12.08.2022 140373_589266.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.08.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20SH006100
- ЭКБ идентификаторы
- 140373
- Редакция идентификаторы
- 140373_589266
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:37
0 Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 7 наурыздағы № 24/18 «Қызылжар ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының «Қызылжар ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» 2018 жылғы 7 наурыздағы № 24/18 шешіміне (2018 жылғы 2 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау электрондық түрдегі банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4611 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
«Қызылжар ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы»;
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда баяндалсын:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 509-бабының 5-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
1-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
1
«1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 503-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.»;