Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в совместный приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 7 декабря 2018 года № 494 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 7 декабря 2018 года № 95 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в области охраны, воспроизводства и использования животного мира»

Бұйрық · № 725 · қабылданған 30.11.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2018-no-494-7-2018-no-95-ekb-174644/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в совместный приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 7 декабря 2018 года № 494 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 7 декабря 2018 года № 95 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в области охраны, воспроизводства и использования животного мира» Қолданыста Бұйрық ·№ 725 ·30.11.2022
30.11.2022 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в совместный приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 7 декабря 2018 года № 494 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 7 декабря 2018 года № 95 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в области охраны, воспроизводства и использования животного мира»

Қолданыста Бұйрық ·№ 725 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в совместный приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 7 декабря 2018 года № 494 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 7 декабря 2018 года № 95 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в области охраны, воспроизводства и использования животного мира»
Атауы (қаз.)
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 494 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 95 бірлескен бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
725
Қабылданған күні
30.11.2022
Көрсетілген редакция
30.11.2022 174644_605982.kaz
Соңғы өзгеріс
30.11.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200030886
ЭКБ идентификаторы
174644
Редакция идентификаторы
174644_605982
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 22:32

0

«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 494 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 95 бірлескен бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:

1

1. «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 494 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 95 бірлескен бұйрықтарына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17896 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5 және 6-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес аңшылық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тексеру парағы;
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес балық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тексеру парағы;
4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес су шаруашылығы ұйымдары мен су пайдалану субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тексеру парағы бекітілсін.»;
Көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, және 10-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі ‒ Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 141-бабының 5 және 6-тармақтарына, «Тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2018 жылғы 31 шiлдедегi № 3 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген), «Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) тiкелей қызметiмен, салалық даму ерекшелiктерiмен және осы дамуға әсер ететiн факторлармен байланысты, бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) әртүрлі тәуекел дәрежелеріне жатқызуға мүмкiндiк беретiн сандық және сапалық көрсеткiштердiң жиынтығы болып табылады.
2. Осы өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілер (объектілер);
2) болмашы бұзушылықтар – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тіркелген және тіркеу нөмірлерімен белгіленген жүзу құралдарының болмауы бөлігінде бұзылуы, сондай-ақ өрескел және елеулі бұзушылықтарға жатқызылмаған бұзушылықтар;
3) елеулі бұзушылықтар – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың аншлагтардың болмауы, қаражатты, материалдық-техникалық жарақтандыруды, өсімін молайтуды және ғылымды жоспарлау бойынша шарттардың орындалмауы, аңшылық және балық шаруашылығы субъектілері мен жергілікті атқарушы органдар беретін мәліметтерде толық емес және дұрыс емес ақпараттың болуы, расталған шағымдар мен арыздардың болуы бөлігінде бұзылуы;
4) өрескел бұзушылықтар – «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген әкімшілік жауапкершілікке әкелетін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың бұзылуы, зоологиялық коллекциялар жасау тәртібінің сақталмауы, жануарлар дүниесін пайдалануға белгiленген шектеулер мен тыйым салулар мерзімдерінің сақталмауы, балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптардың сақталмауы, бағандардың, қалқыма тану белгілерiнің жойылуына немесе бүлінуіне жол берілуі, қолайсыз оқиғалардың орын алуы, браконьерлік фактісінің болуы, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының болмауы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізетін мемлекеттік инспекторлар актілерінің орындалмауы;
5) тәуекел – бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижесінде оның зардаптарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;
6) тәуекел дәрежесін бағалау – бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындау және жүргізу мақсатында бақылау және қадағалау органы өткізетін іс-шаралар кешені;
7) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары - бақылау және қадағалау субъектісінің тікелей қызметіне, салалық даму ерекшеліктеріне және осы дамуға ықпал ететін факторларға байланысты, бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;
8) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
9) тексеру парағы – бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптарды қамтитын талаптар тізбесі;
10) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі ықтимал дәрежесі мақсатында бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру үшін бақылау және қадағалау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау және (немесе) осындай бақылау және қадағалау субъектісін (объектісін) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан босату процесі;
11) тексеру парағы – бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптар тізбесі.
3. Тәуекел дәрежелері бойынша бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) айқындау тәуекел дәрежесін бағалау бойынша объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы жүзеге асырылады.
4. Объективті критерийлер бойынша бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) үш тәуекел тобына бөлінген:
1) тәуекелдің жоғары дәрежесіне - аңшылық шаруашылығын жүргізумен, кәсіпшілік балық аулаумен айналысатын бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері);
2) тәуекелдің орташа дәрежесіне - әуесқойлық (спорттық) аң аулау мен балық аулауды ұйымдастырумен айналысатын бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері);
3) тәуекелдің төмен дәрежесіне - жануарлар дүниесі объектілерін қоршау және жартылай еркін ұстаумен, өсірумен, табиғи су айдындарында балық өсірумен (акваөсіру), балық қорғау құрылғыларының болуы және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 221 бұйрығымен бекітілген балықтарды қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарға (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18783 болып тіркелді) сәйкестігі бөлігінде су пайдаланумен айналысатын, балықты және басқа да су жануарларын ғылыми-зерттеумен аулаумен айналысатын бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері), сондай-ақ азаматтарды аңшылық минимумға оқытумен айналысатын ұйымдар, зоологиялық коллекциялардың иелері, хайуанаттар бағы, биологиялық орталықтар.
5. Тәуекел айқындалғаннан кейін бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) үш тәуекел дәрежесі (жоғары, орта және төмен) бойынша бөлінеді.
Жоғары және орташа тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілерінің) қатысты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
6. Тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылған бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
7. Субъективті өлшемшарттар мынадай көздерден алынған ақпаратты талдау нәтижелері негізінде айқындалады:
1) бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) алдыңғы тексерулер мен оларға бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері. Бұл ретте бұзушылықтардың ауырлық дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) тексеру парақтарында көрсетілген заңнама талаптарын сақтамаған жағдайда белгіленеді;
2) бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері;
3) бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны;
4) бақылау субъектілерінің (объектілерінің) кінәсінен орын алып, тіркелген қолайсыз оқиғалардың орын алу жағдайларының болуы. Қолайсыз оқиғаларға жануарлар дүниесі объектілерінің жаппай қырылуы және олардың тіршілік ету ортасының нашарлауы жатады;
5) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері (бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша берілген қорытынды құжат (ұсыным);
6) мемлекеттік органдармен ұсынылатын меліметтерді талдау нәтижесінің қорытындысы.
8. 7-тармақта айқындалған ақпарат көздерінің негізінде мынадай субъективті өлшемшарттар айқындалады:
1) осы Өлшемшарттарға 1-қосымшаға сәйкес аңшылық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау;
2) осы Өлшемшарттарға 2-қосымшаға сәйкес балық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесі бағалау;
3) осы Өлшемшарттарға 3-қосымшаға сәйкес су шаруашылығы ұйымдары мен су пайдалану субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесі бағалау.
9. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) мыналарға:
1) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ді қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің жоғары дәрежесіне;
2) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 41-ден 70-ті қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің орташа дәрежесіне;
3) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 40-ты қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылады.
10. Бір өрескел бұзушылық анықталған жағдайда бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) 100 тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,4 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,4,
мұнда:
ЅРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;
ЅР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;
ЅР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны.».;
15, 16 және 17-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Кодекстің 144-2-бабының 4-тармағына сәйкес қалыптастырылатын реттеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы бекіткен бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) жартыжылдық тізімі бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау үшін негіз болып табылады.
16. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізімдері олардың басымдығы ескеріле отырып, субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің ең жоғары көрсеткішімен жасалады.
17. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің еселігі жылына екі реттен жиі болмауға тиіс.»;
Көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарының 1-қосымшасы осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарының 2-қосымшасы осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарының 3-қосымшасы осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Көрсетілген бірлескен бұйрығының 2-қосымшасы осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Көрсетілген бірлескен бұйрығының 3-қосымшасы осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Көрсетілген бірлескен бұйрығының 4-қосымшасы осы бірлескен бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпарат ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бірлескен бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

1 Аңшылық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің м.а.
2022 жылғы 30 қарашадағы
№ 108 мен
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар
министрінің м.а.
2022 жылғы 30 қарашадағы
№ 725 бірлескен
бұйрығына
1-қосымша
Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
1-қосымша
Аңшылық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

Өл­шем­шар­ттар ата­уы
Бұ­зу­шы­лық дә­ре­же­сі
1. Ал­дың­ғы тек­се­ру­лер мен ба­қы­лау субъ­ек­ті­сіне (объ­ек­ті­сіне) ба­ру ар­қы­лы про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау нәти­же­ле­рі (ауыр­лық дә­ре­же­сі тө­мен­де тіз­бе­лен­ген та­лап­тар сақ­тал­ма­ған жағ­дай­да бел­гі­ле­не­ді)
1
Ор­на­ты­л­ған ан­шлаг­тар­дың бо­луы
Еле­улі
2
Ты­ны­штық сақ­тау ай­мақ­та­рын­да және өсі­мін мо­лай­ту учас­ке­ле­рін­де жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сі объ­ек­ті­ле­рін аула­у­ға жол бер­меу
Өрес­кел
3
Аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лық­та­рын­да жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сіне еле­улі за­лал кел­ті­ріп, заң­сыз аң аулау фак­ті­сі­нің бо­луы
Өрес­кел
2. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Эко­ло­гия, гео­ло­гия және та­би­ғи ре­сур­стар ми­ни­стр­лі­гі Ор­ман ша­ру­а­шы­лы­ғы және жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сі ко­ми­те­ті­нің аумақ­тық ин­спек­ци­я­ла­ры­на ба­қы­лау және қа­да­ға­лау субъ­ек­ті­ле­рі (объ­ек­ті­ле­рі) бе­ре­тін есеп­ті­лік мо­ни­то­рин­гі­нің нәти­же­ле­рі
4
Аң аулау объ­ек­ті­ле­рі бо­лып та­бы­ла­тын жа­ну­ар­лар түр­ле­рі­нің са­нын есеп­ке алу мә­лі­мет­те­рін­де то­лық емес және дұ­рыс емес ақ­па­рат­тың бо­луы
Еле­улі
5
Бра­ко­ньер­лік­пен кү­рес ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­де то­лық емес және дұ­рыс емес ақ­па­рат­тың бо­луы
Еле­улі
3. Рас­тал­ған ша­ғым­дар мен өті­ніш­тер­дің бо­луы және олар­дың са­ны
6
Аң аула­уды ұй­ым­да­сты­ру және аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лы­ғын жүр­гі­зу жө­нін­де­гі қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ра­тын ба­қы­лау субъ­ек­ті­сіне (объ­ек­ті­сіне) рас­тал­ған бір ша­ғым­ның бо­луы
Еле­улі
4. Ба­қы­лау және қа­да­ға­лау субъ­ек­ті­ле­рі­нің (объ­ек­ті­ле­рі­нің) кінә­сі­нен орын алып, тір­кел­ген қо­лай­сыз оқи­ға­лар­дың орын алу жағ­дай­ла­ры­ның бо­луы
7
Жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сі объ­ек­ті­ле­рі са­ны­ның қы­сқа­руы және олар­дың тір­ші­лік ету ор­та­сы­ның на­шар­ла­уы, қыз­ме­ті сал­да­ры­нан жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сіне зи­ян кел­ті­ру, эко­ло­ги­я­лық жағ­дай­дың на­шар­ла­уы және аң­шы­лық ал­қап­тар­да био­ло­ги­я­лық те­пе-тең­дік­тің бұ­зы­луы тү­рін­де бай­қал­ған ба­қы­лау субъ­ек­ті­ле­рі­нің (объ­ек­ті­ле­рі­нің) кінә­сі­нен орын алып, тір­кел­ген қо­лай­сыз оқи­ға­лар­дың бо­луы
Өрес­кел
5. Ба­қы­лау және қа­да­ға­лау субъ­ек­ті­сіне (объ­ек­ті­сіне) бар­май про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау және қа­да­ға­лау нәти­же­ле­рі (ба­қы­лау субъ­ек­ті­сіне (объ­ек­ті­сіне) бар­май про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау және қа­да­ға­лау қо­ры­тындысы бой­ын­ша бе­рі­л­ген қо­ры­тын­ды құ­жат (ұсы­ным)
8
Ба­қы­лау және қа­да­ға­лау субъ­ек­ті­сіне (объ­ек­ті­сіне) бар­май про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау ұсы­ным­да­рын орын­да­мау
Өрес­кел

2 Балық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің м.а.
2022 жылғы 30 қарашадағы
№ 108 мен
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар
министрінің м.а.
2022 жылғы 30 қарашадағы
№ 725 бірлескен
бұйрығына
2-қосымша
Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
2-қосымша
Балық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

Өл­шем­шар­ттар ата­уы
Бұ­зу­шы­лық дә­ре­же­сі
1. Ал­дың­ғы тек­се­ру­лер мен ба­қы­лау және қа­да­ға­лау субъ­ек­ті­сіне (объ­ек­ті­сіне) ба­ру ар­қы­лы про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­ла­удың нәти­же­ле­рі (ауыр­лық дә­ре­же­сі тө­мен­де тіз­бе­лен­ген та­лап­тар сақ­тал­ма­ған жағ­дай­да бел­гі­ле­не­ді)
1
Ба­лық ре­сур­ста­рын және бас­қа да су жа­ну­ар­ла­рын аула­уды есеп­ке алу жур­на­лы­ның (кә­сіп­ші­лік жур­на­лы) бо­луы
Өрес­кел
2
Ор­на­ты­л­ған ан­шлаг­тар­дың бо­луы
Еле­улі
3
Ты­ны­штық сақ­тау ай­мақ­та­рын­да және өсі­мін мо­лай­ту учас­ке­ле­рін­де жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сі объ­ек­ті­ле­рін аула­у­ға бер­меу
Еле­улі
4
Жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін пай­да­ла­ну­ға қой­ы­ла­тын шек­те­улер мен тый­ым са­лу­лар­дың сақ­та­луын қам­та­ма­сыз ету
Өрес­кел
5
Тір­кел­ген және тір­кеу нө­мір­ле­рі­мен бел­гі­лен­ген жү­зу құ­рал­да­ры­ның бо­луы
Бол­ма­шы
6
Ба­лық­тың қай­дан аулан­ға­ны ту­ра­лы анық­та­ма­ның бо­луы
Еле­улі
7
Ба­лық қы­стай­тын шұң­қыр­лар­дың, уыл­ды­рық ша­ша­тын жер­лер­дiң, ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы учас­ке­лерiнiң және ба­лық аула­у­ға тый­ым са­лын­ған жер­лер­дiң ше­ка­ра­ла­рын бел­гiлей­тiн ба­ған­дар­дың, қал­қы­ма та­ну бел­гі­лерi­нің жой­ы­луы­на неме­се бү­лі­ну­іне жол бер­меу жө­нін­де­гі та­лап­тар­дың сақ­та­луы
Өрес­кел
8
Ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы су ай­дын­да­рын­да (учас­ке­ле­рін­де) заң­сыз ба­лық аулау фак­ті­ле­ріне жол бе­рі­луі
Өрес­кел
9
Ба­лық өсі­ру­дің жыл сай­ын­ғы кө­ле­міне қол жет­кі­зу­ді қам­та­ма­сыз ету
Еле­улі
2. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Эко­ло­гия, гео­ло­гия және та­би­ғи ре­су­сур­стар ми­ни­стр­лі­гі Ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы ко­ми­те­ті­нің об­лы­са­ра­лық бас­сейн­дік ин­спек­ци­я­ла­ры­на ба­қы­лау және қа­да­ға­лау субъ­ек­ті­ле­рі (объ­ек­ті­ле­рі) бе­ре­тін есеп­ті­лік мо­ни­то­рин­гі­нің нәти­же­ле­рі
10
Пай­да­ла­ну­шы­лар­дың ба­лық және бас­қа да су жа­ну­ар­ла­рын аулау кво­та­сын иге­ру ту­ра­лы мә­лі­мет­те­рін­де то­лық емес және дұ­рыс емес ақ­па­рат­тың бо­луы
Еле­улі
11
Пай­да­ла­ну­шы­лар­дың ағым­да­ғы жы­лы ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғын да­мы­ту­ға жос­пар­лан­ған қар­жы кө­ле­мі­нің орын­да­луы ту­ра­лы мә­лі­мет­те­рін­де то­лық емес және дұ­рыс емес ақ­па­рат­тың бо­луы
Еле­улі
12
Ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы са­ла­сы­мен ай­на­лы­са­тын субъ­ек­ті­лер бой­ын­ша мә­лі­мет­тер­де то­лық емес және дұ­рыс емес ақ­па­рат­тың бо­луы
Еле­улі
13
Ба­лық өң­де­умен ай­на­лы­са­тын кә­сі­по­рын­дар­дың мә­лі­мет­те­рін­де то­лық емес және дұ­рыс емес ақ­па­рат­тың бо­луы
Еле­улі
3. Рас­тал­ған ша­ғым­дар мен өті­ніш­тер­дің бо­луы және олар­дың са­ны
14
Ба­лық аула­уды ұй­ым­да­сты­ру және ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғын жүр­гі­зу жө­нін­де­гі қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ра­тын ба­қы­лау субъ­ек­ті­сіне (объ­ек­ті­сіне) рас­тал­ған бір ша­ғым­ның бо­луы
Еле­улі
4. Ба­қы­лау және қа­да­ға­лау субъ­ек­ті­сіне (объ­ек­ті­сіне) бар­май про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау нәти­же­ле­рі (ба­қы­лау және қа­да­ға­лау субъ­ек­ті­сіне (объ­ек­ті­сіне) бар­май про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау қо­ры­тындысы бой­ын­ша бе­рі­л­ген қо­ры­тын­ды құ­жат (ұсы­ным)
15
Ба­қы­лау және қа­да­ға­лау субъ­ек­ті­сіне (объ­ек­ті­сіне) бар­май про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау ұсы­ным­да­рын орын­да­мау
Өрес­кел
Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар ұсы­на­тын мә­лі­мет­тер­ді тал­дау нәти­же­ле­рі
16
Заң­сыз ба­лық аулау фак­ті­ле­ріне жол бе­ру
Еле­улі
17
Ба­лық және ба­лық өнім­де­рін заң­сыз са­тып алу, өт­кі­зу, та­сы­мал­дау, әке­лу, әке­ту, сақ­тау (ұстау)
Еле­улі
18
Ба­лық және ба­лық өнім­де­рін ве­те­ри­нар­лық құ­жат­тар­сыз та­сы­мал­дау
Еле­улі
19
Мем­ле­кет­тік кі­ріс ор­га­ны­ның рұқ­са­тын­сыз­ба­лық өнім­де­рі­мен жүк опе­ра­ци­я­ла­рын жүр­гі­зу
Еле­улі
20
Ба­лық өні­мі­нің экс­пор­ты­на ке­ден­дік де­кла­ра­ци­я­ны тол­ты­ру ке­зін­де мә­лі­мет­тер­дің сәй­кес кел­ме­уі
Еле­улі

3 Су шаруашылығы ұйымдары мен су пайдалану субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің м.а.
2022 жылғы 30 қарашадағы
№ 108 мен
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар
министрінің м.а.
2022 жылғы 30 қарашадағы
№ 725 бірлескен
бұйрығына
3-қосымша
Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және
пайдалану саласындағы
тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
3-қосымша
Су шаруашылығы ұйымдары мен су пайдалану субъектілеріне қатысты
жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы
тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

Өл­шем­шар­ттар­дың ата­уы
Бұ­зу­шы­лық дә­ре­же­сі
1. Ал­дың­ғы тек­се­ру­лер­дің және ба­қы­лау және қа­да­ға­лау субъ­ек­ті­сіне (объ­ек­ті­сіне) ба­ру ар­қы­лы про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­ла­удың нәти­же­ле­рі (ауыр­лық дә­ре­же­сі тө­мен­де көр­се­ті­л­ген та­лап­тар сақ­тал­ма­ған кез­де бел­гі­ле­не­ді)
1
Су жи­нау және су ағы­зу құ­ры­лы­ста­рын­да ба­лық қор­ғау құ­ры­л­ғы­ла­ры­ның бо­луы
Өрес­кел
2
Жо­ба­лық құ­жат­та­ма­ға ба­лық қор­ғау құ­ры­л­ғы­ла­ры­ның аулар мен тор­лар ұя­шық­та­ры­ның сәй­кест­і­гі
Өрес­кел
3
Ба­лық қор­ғау құ­ры­л­ғы­ла­ры ре­т­ін­де аулар мен тор­лар­ды екі бьеф­те де су то­рап­та­ры мен ба­лық­тар­ға ар­нал­ған ба­ғыт­та­ғы­штар­дың ба­лық өт­кі­зу құ­ры­лы­ста­ры­ның кі­ре­бе­ріс те­сік­те­рін­де бо­луы
Өрес­кел
4
Қыл­қы­ма­лар­да неме­се қа­да­лар ті­рек­те­рін­де ілін­ген мы­ры­штал­ған сым­нан неме­се ней­лон­нан жа­сал­ған тор­дың бо­луы
Өрес­кел
5
Ме­талл шы­бық то­ры үшін ба­лық пен бас­қа су жа­ну­ар­ла­ры­ның мөл­ше­ріне бай­ла­ны­сты шы­бық­тар ара­сын­да­ғы са­ңы­ла­у­лар­дың бо­луы
Өрес­кел
6
Ба­лық қор­ғау құ­ры­л­ғы­ла­рын­да электр қор­ша­у­ла­рын­да­ғы элек­трод­тар ара­сын­да­ғы қа­шық­тық және электр өрі­сі­нің кер­не­улі­гі­нің ти­іс­ті ша­ма­сы­на сәй­кест­і­гі
Өрес­кел
2. Рас­тал­ған ша­ғым­дар мен өті­ніш­тер­дің бо­луы және са­ны
7
Су тар­ту және су ағы­зу құ­ры­лы­ста­рын пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ра­тын ба­қы­лау және қа­да­ға­лау субъ­ек­ті­сіне (объ­ек­ті­сіне) бір рас­тал­ған ша­ғым­ның бо­луы
Өрес­кел
3. Ба­қы­лау және қа­да­ға­лау субъ­ек­ті­ле­рі­нің (объ­ек­ті­ле­рі­нің) кінә­сі­нен туын­да­ған қо­лай­сыз оқи­ға­лар туын­да­уы­ның тір­кел­ген жағ­дай­ла­ры­ның бо­луы
8
Ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы су ай­дын­да­рын­да (учас­ке­ле­рін­де) ба­лық және бас­қа да су жа­ну­ар­ла­ры­ның қы­ры­лу фак­ті­сі­нің бо­луы
Өрес­кел
4. Ба­қы­лау және қа­да­ға­лау субъ­ек­ті­сіне (объ­ек­ті­сіне) бар­май про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау нәти­же­ле­рі (ба­қы­лау және қа­да­ға­лау субъ­ек­ті­сіне (объ­ек­ті­сіне) бар­май про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау қо­ры­тын­ды­ла­ры бой­ын­ша бе­рі­л­ген қо­ры­тын­ды құ­жат (ұсы­ным)
9
Ба­қы­лау және қа­да­ға­лау субъ­ек­ті­сіне (объ­ек­ті­сіне) бар­май про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау ұсы­ны­мын орын­да­мау
Өрес­кел

4 Аңшылық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тексеру парағы

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің м.а.
2022 жылғы 30 қарашадағы
№ 108 мен
Қазақстан Республикасы
Экология, геология
және табиғи ресурстар
министрінің м.а.
2022 жылғы 30 қарашадағы
№ 725 бірлескен
бұйрығына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары ‒
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2018 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 494 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы желтоқсандағы
№ 95 бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Аңшылық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тексеру парағы
Тексеру/бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау
тағайындаған мемлекеттік орган ______________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________
Тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау
тағайындау туралы акт _______________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________
(№, күні)
Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы _________________________________________
____________________________________________________________________________________________
(бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) жеке
сәйкестендіру нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Орналасқан мекенжайы ______________________________________________________________________

Та­лап­тар тіз­бе­сі
Та­лап­тар­ға сәй­кес ке­ле­ді
Та­лап­тар­ға сәй­кес кел­мей­ді
1
2
3
4
1
Ор­на­ты­л­ған ан­шлаг­тар­дың бо­луы
2
Ты­ны­штық сақ­тау ай­мақ­та­рын­да және өсі­мін мо­лай­ту учас­ке­ле­рін­де жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сі объ­ек­ті­ле­рін аула­у­ға жол бер­меу
3
Аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лық­та­рын­да жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сіне еле­улі за­лал кел­ті­ріп, заң­сыз аң аулау фак­ті­сі­нің бо­луы
Лауазымды адам (дар) ____________________ ____________________
(лауазымы) (қолы)
____________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты ( бар болса) тегі)
Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) басшысы ________ _______
(лауазымы) (қолы)
____________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты ( бар болса) тегі)

5 Балық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тексеру парағы

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің м.а.
2022 жылғы 30 қарашадағы
№ 108 мен
Қазақстан Республикасы
Экология, геология
және табиғи ресурстар
министрінің м.а.
2022 жылғы 30 қарашадағы
№ 725 бірлескен
бұйрығына
5-қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары ‒ Қазақстан
Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
2018 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 494 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 95 бірлескен бұйрығына
3-қосымша
Балық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану саласындағы тексеру парағы
Тексеру / бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау
тағайындаған мемлекеттік орган _____________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________
Тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау
тағайындау туралы акт ______________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________
(№, күні)
Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы _______________________________________
__________________________________________________________________________________________
(бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) жеке
сәйкестендіру нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
__________________________________________________________________________________________
Орналасқан мекенжайы _____________________________________________________________________

Та­лап­тар тіз­бе­сі
Та­лап­тар­ға сәй­кес ке­ле­ді
Та­лап­тар­ға сәй­кес кел­мей­ді
1
2
3
4
1
Ба­лық ре­сур­ста­рын және бас­қа да су жа­ну­ар­ла­рын аула­уды есеп­ке алу жур­на­лы­ның (кә­сіп­ші­лік жур­на­лы) бо­луы
2
Ор­на­ты­л­ған ан­шлаг­тар­дың бо­луы
3
Ты­ны­штық сақ­тау ай­мақ­та­рын­да және өсі­мін мо­лай­ту учас­ке­ле­рін­де жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сі объ­ек­ті­ле­рін аула­у­ға бер­меу
4
Жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін пай­да­ла­ну­ға қой­ы­ла­тын шек­те­улер мен тый­ым са­лу­лар­дың сақ­та­луын қам­та­ма­сыз ету
5
Тір­кел­ген және тір­кеу нө­мір­ле­рі­мен бел­гі­лен­ген жү­зу құ­рал­да­ры­ның бо­луы
6
Ба­лық­тың қай­дан аулан­ға­ны ту­ра­лы анық­та­ма­ның бо­луы
7
Ба­лық қы­стай­тын шұң­қыр­лар­дың, уыл­ды­рық ша­ша­тын жер­лер­дiң, ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы учас­ке­лерiнiң және ба­лық аула­у­ға тый­ым са­лын­ған жер­лер­дiң ше­ка­ра­ла­рын бел­гiлей­тiн ба­ған­дар­дың, қал­қы­ма та­ну бел­гі­лерi­нің жой­ы­луы­на неме­се бү­лі­ну­іне жол бер­меу жө­нін­де­гі та­лап­тар­дың сақ­та­луы
8
Ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы су ай­дын­да­рын­да (учас­ке­ле­рін­де) заң­сыз ба­лық аулау фак­ті­сі­нің бо­луы
9
Ба­лық өсі­ру­дің жыл сай­ын­ғы кө­ле­міне қол жет­кі­зу­ді қам­та­ма­сыз ету
Лауазымды адам (ар) ____________________ _______________________
(лауазымы) (қолы)
____________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты ( бар болса) тегі)
Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) басшысы ________ _______
(лауазымы) (қолы)
____________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты ( бар болса) тегі)

6 Су шаруашылығы ұйымдары мен су пайдалану субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тексеру парағы

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің м.а.
2022 жылғы 30 қарашадағы
№ 108 мен
Қазақстан Республикасы
Экология, геология
және табиғи ресурстар
министрінің м.а.
2022 жылғы 30 қарашадағы
№ 725 бірлескен бұйрығына
6-қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары ‒ Қазақстан
Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
2018 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 494 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 95 бірлескен бұйрығына
4-қосымша
Су шаруашылығы ұйымдары мен су пайдалану субъектілеріне қатысты
жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тексеру парағы
Тексеру / бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау
тағайындаған мемлекеттік орган __________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексерулерді және профилактикалық
бақылауды тағайындау туралы акт _________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
(№, дата)
Бақылау және қадағалау субъектісінің атауы ________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
(бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) жеке
сәйкестендіру нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
______________________________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы __________________________________________________________

Та­лап­тар ті­зі­мі
Та­лап­тар­ға сәй­кес ке­ле­ді
Та­лап­тар­ға сәй­кес кел­мей­ді
1
2
3
4
1
Су жи­нау және су ағы­зу құ­ры­лы­ста­рын­да ба­лық қор­ғау құ­ры­л­ғы­ла­ры­ның бо­луы
2
Жо­ба­лық құ­жат­та­ма­ға ба­лық қор­ғау құ­ры­л­ғы­ла­ры­ның аулар мен тор­лар ұя­шық­та­ры­ның сәй­кест­і­гі
3
Ба­лық қор­ғау құ­ры­л­ғы­ла­ры ре­т­ін­де аулар мен тор­лар­ды екі бьеф­те де су то­рап­та­ры мен ба­лық­тар­ға ар­нал­ған ба­ғыт­та­ғы­штар­дың ба­лық өт­кі­зу құ­ры­лы­ста­ры­ның кі­ре­бе­ріс те­сік­те­рін­де бо­луы
4
Қыл­қы­ма­лар­да неме­се қа­да­лар ті­рек­те­рін­де ілін­ген мы­ры­штал­ған сым­нан неме­се ней­лон­нан жа­сал­ған тор­дың бо­луы
5
Ме­талл шы­бық то­ры үшін ба­лық пен бас­қа су жа­ну­ар­ла­ры­ның мөл­ше­ріне бай­ла­ны­сты шы­бық­тар ара­сын­да­ғы са­ңы­ла­у­лар­дың бо­луы
6
Ба­лық қор­ғау құ­ры­л­ғы­ла­рын­да электр қор­ша­у­ла­рын­да­ғы элек­трод­тар ара­сын­да­ғы қа­шық­тық және электр өрі­сі­нің кер­не­улі­гі­нің ти­іс­ті ша­ма­сы­на сәй­кест­і­гі
Лауазымды адам (дар) __________________ __________________
(лауазымы) (қолы)
___________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты ( бар болса) тегі)
Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) басшысы __________ ___________
(должность) (подпись)
___________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты ( бар болса) тегі)

Қолданыстағы