Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в совместный приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 7 декабря 2018 года № 494 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 7 декабря 2018 года № 95 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в области охраны, воспроизводства и использования животного мира»

Бұйрық · № 155 · қабылданған 18.05.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2018-no-494-7-2018-no-95-ekb-181707/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в совместный приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 7 декабря 2018 года № 494 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 7 декабря 2018 года № 95 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в области охраны, воспроизводства и использования животного мира» Қолданыста Бұйрық ·№ 155 ·18.05.2023
18.05.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в совместный приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 7 декабря 2018 года № 494 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 7 декабря 2018 года № 95 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в области охраны, воспроизводства и использования животного мира»

Қолданыста Бұйрық ·№ 155 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в совместный приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 7 декабря 2018 года № 494 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 7 декабря 2018 года № 95 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в области охраны, воспроизводства и использования животного мира»
Атауы (қаз.)
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 494 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 95 бірлескен бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
155
Қабылданған күні
18.05.2023
Көрсетілген редакция
18.05.2023 181707_633195.kaz
Соңғы өзгеріс
18.05.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032540
ЭКБ идентификаторы
181707
Редакция идентификаторы
181707_633195
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:55

0

«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 494 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 95 бірлескен бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:

1

1. «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 494 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 95 бірлескен бұйрықтарына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17896 болып тіркелген) 1-қосымшасына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;
2) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шәкілдерде өлшенген мәндерді шартты түрде жалпы шәкілге келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;
3) бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілер (объектілер);
4) болмашы бұзушылықтар – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тіркелген және тіркеу нөмірлерімен белгіленген жүзу құралдарының болмауы бөлігінде бұзылуы, сондай-ақ өрескел және елеулі бұзушылықтарға жатқызылмаған бұзушылықтар;
5) елеулі бұзушылықтар – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың аншлагтардың болмауы, қаражатты, материалдық-техникалық жарақтандыруды, өсімін молайтуды және ғылымды жоспарлау бойынша шарттардың орындалмауы, аңшылық және балық шаруашылығы субъектілері мен жергілікті атқарушы органдар беретін мәліметтерде толық емес және дұрыс емес ақпараттың болуы, расталған шағымдар мен арыздардың болуы бөлігінде бұзылуы;
6) өрескел бұзушылықтар – "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (бұдан әрі – ӘҚБтК) көзделген әкімшілік жауапкершілікке әкелетін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың бұзылуы, зоологиялық коллекциялар жасау тәртібінің сақталмауы, жануарлар дүниесін пайдалануға белгiленген шектеулер мен тыйым салулар мерзімдерінің сақталмауы, балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптардың сақталмауы, бағандардың, қалқыма тану белгілерiнің жойылуына немесе бүлінуіне жол берілуі, қолайсыз оқиғалардың орын алуы, браконьерлік фактісінің болуы, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының болмауы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізетін мемлекеттік инспекторлар актілерінің орындалмауы;
7) тәуекел – бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижесінде оның зардаптарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;
8) тәуекел дәрежесін бағалау – бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындау және жүргізу мақсатында бақылау және қадағалау органы өткізетін іс-шаралар кешені;
9) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары - бақылау және қадағалау субъектісінің тікелей қызметіне, салалық даму ерекшеліктеріне және осы дамуға ықпал ететін факторларға байланысты, бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;
10) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
11) тексеру парағы – бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптарды қамтитын талаптар тізбесі;
12) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі ықтимал дәрежесі мақсатында бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру үшін бақылау және қадағалау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау және (немесе) осындай бақылау және қадағалау субъектісін (объектісін) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан босату процесі;
13) тексеру парағы – бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптар тізбесі;
14) іріктеме жиынтық (іріктеме) – Кодекстің 143-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың нақты саласында бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын бағаланатын субъектілердің (объектілердің) тізбесі.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару бірнеше кезеңмен жүзеге асырылатын объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау арқылы қалыптастырылады (Шешімдерді мультиөлшемшартты талдау).»;
7, 8 және 9-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Субъективті өлшемшарттар мынадай көздерден алынған ақпаратты талдау нәтижелері негізінде айқындалады:
1) бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) алдыңғы тексерулер мен оларға бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері. Бұл ретте бұзушылықтардың ауырлық дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) тексеру парақтарында көрсетілген заңнама талаптарын сақтамаған жағдайда белгіленеді;
2) бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері;
3) бақылау субъектілерінің (объектілерінің) кінәсінен орын алып, тіркелген қолайсыз оқиғалардың орын алу жағдайларының болуы. Қолайсыз оқиғаларға жануарлар дүниесі объектілерінің жаппай қырылуы және олардың тіршілік ету ортасының нашарлауы жатады;
4) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері (бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша берілген қорытынды құжат (ұсыным);
6) мемлекеттік органдармен ұсынылатын меліметтерді талдау нәтижесінің қорытындысы.
8. Талаптарды бұзу дәрежесі осы өлшемшарттарға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес айқындалады:
1) Аңшылық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы талаптарды бұзу дәрежесі;
2) балық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы талаптарды бұзу дәрежесі;
3) су шаруашылығы ұйымдары мен су пайдалану субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы талаптарды бұзу дәрежесі.
Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығы және субъективті критерийлер көрсеткіштерінің маңыздылығы осы өлшемшарттарға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындау үшін субъективті өлшемшарттар тізбесіне сәйкес белгіленеді:
1) аңшылық шаруашылығы субъектілеріне қатысты субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындау үшін субъективті өлшемшарттардың тізбесі;
2) балық шаруашылығы субъектілеріне қатысты субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындау үшін субъективті өлшемшарттардың тізбесі.
9. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) мыналарға:
1) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ді қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің жоғары дәрежесіне;
2) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 31-ден 70-ті қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің орташа дәрежесіне;
3) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 30-ты қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылады.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Өрескел бұзушылықтар анықталмаған жағдайда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін айқындау үшін елеулі және болмашы бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі.
Бақылау және қадағалау субъектісін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.
Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (R) есептеу алдыңғы тексерулер мен бақылау және қадағалау (SP) субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша (SC) айқындалған субъективті өлшемшарттарға сәйкес бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін қорытындылау жолымен, деректер мәндерін 0-ден 100 баллға дейінгі диапозонға қалыпқа келтіре отырып, автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады.
Rарал = SP + SC , мұнда
Rарал – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші,
SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші,
SC – осы өлшемшарттардың 8-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші.
Есеп мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың әрбір саласының бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының әрбір бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) бойынша жүргізіледі. Бұл ретте мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың бір саласының бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын, бағаланатын бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) тізбесі деректерді кейіннен қалыпқа келтіру үшін іріктеу жиынтығын (іріктемені) құрайды.
Алдыңғы тексерулер мен бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша алынған деректер бойынша 0-ден 100-ге дейінгі баллмен бағаланатын бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші қалыптастырылады.
Осы өлшемшарттардың 7-тармағында көрсетілген ақпарат көздерінің кез келгені бойынша бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау және қадағалау субъектісіне 100 балл тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3,
мұнда:
ЅРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;
ЅР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;
ЅР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны.»;
14-1-тармақпен мынадай редакцияда толықтырылсын:
14-1. Осы өлшемшарттардың 7-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу 0-ден 100 балға дейінгі шәкіл бойынша жүргізіледі және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
xi - субъективті өлшемшарт көрсеткіші,
wi - субъективті өлшем көрсеткішінің үлес салмағы xi
n – көрсеткіштер саны.
Осы өлшемшарттардың 7-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.
R көрсеткіші бойынша субъектілер (объектілер) бойынша есептелген мәндер 0-ден 100 балға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіріледі. Деректерді қалыпқа келтіру әрбір іріктемелі жиынтық (іріктеме) бойынша мынадай формула әдісін пайдалана отырып жүзеге асырылады:
R – бақылау және қадағалау жеке субъектісінің (объектісінің) субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (қорытынды),
Rmax – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең жоғарғы ықтимал мән (шәкілдің жоғарғы шекарасы),
Rmin – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең төменгі ықтимал мән (шәкілдің төменгі шекарасы),
Rарал – осы өлшемшарттардың 10-тармағына сәйкес есептелген субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші.»;
Көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарының 1-қосымшасы осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарының 2-қосымшасы осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарының 3-қосымшасы осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарының 4-қосымшасы осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес толықтырылсын;
Көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарының 5-қосымшасы осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпарат ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитеті

1 Аңшылық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы талаптарды бұзу дәрежесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің м.а.
2023 жылғы 18 мамырдағы
№ 75 мен
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2023 жылғы 18 мамырдағы
№ 155 бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
1-қосымша
Аңшылық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы талаптарды бұзу дәрежесі

Өл­шем­шар­ттар ата­уы
Бұ­зу­шы­лық дә­ре­же­сі
1
Ор­на­ты­л­ған ан­шлаг­тар­дың бо­луы
Еле­улі
2
Ты­ны­штық сақ­тау ай­мақ­та­рын­да және өсі­мін мо­лай­ту учас­ке­ле­рін­де жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сі объ­ек­ті­ле­рін аула­у­ға жол бер­меу
Өрес­кел
3
Аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лық­та­рын­да жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сіне еле­улі за­лал кел­ті­ріп, заң­сыз аң аулау фак­ті­сі­нің бол­мауы
Өрес­кел
4
Аң аулау объ­ек­ті­ле­рі бо­лып та­бы­ла­тын жа­ну­ар­лар түр­ле­рі­нің са­нын есеп­ке алу мә­лі­мет­те­рін­де то­лық және дұ­рыс ақ­па­рат
Еле­улі
5
Бра­ко­ньер­лік­пен кү­рес ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­де то­лық және дұ­рыс ақ­па­рат
Еле­улі
6
Жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сі объ­ек­ті­ле­рі са­ны­ның қы­сқа­руы және олар­дың тір­ші­лік ету ор­та­сы­ның на­шар­ла­уы, қыз­ме­ті сал­да­ры­нан жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сіне зи­ян кел­ті­ру, эко­ло­ги­я­лық жағ­дай­дың на­шар­ла­уы және аң­шы­лық ал­қап­тар­да био­ло­ги­я­лық те­пе-тең­дік­тің бұ­зы­луы тү­рін­де бай­қал­ған ба­қы­лау субъ­ек­ті­ле­рі­нің (объ­ек­ті­ле­рі­нің) кінә­сі­нен орын алып, тір­кел­ген қо­лай­сыз оқи­ға­лар­дың бол­мауы
Өрес­кел
7
Ба­қы­лау және қа­да­ға­лау субъ­ек­ті­сіне (объ­ек­ті­сіне) бар­май про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау ұсы­ным­да­рын орын­дау
Өрес­кел
8
Аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы субъ­ек­ті­ле­рі­мен жа­ну­ар­лар дү­ни­есiн пай­да­ла­ну та­лап­та­рын және аң аулау қа­ғи­да­ла­рын бұ­зу­ды бол­дыр­мау (ӘҚ­БтК 382-ба­бы)
Еле­улі
9
Аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы субъ­ек­ті­ле­рі­мен аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лы­ғын жүр­гі­зу қа­ғи­да­ла­рын бұ­зу­ды бол­дыр­мау (ӘҚ­БтК 385-ба­бы)
Еле­улі
10
Аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы субъ­ек­ті­ле­рі­мен жа­байы жа­ну­ар­лар мен өсім­дік­тер­дің түр­ле­рін, олар­дың бө­лік­те­рін неме­се де­ри­ват­та­рын заң­сыз ием­де­ну­ді, өт­кі­зу­ді, алып өту­ді, әке­лу­ді, әке­ту­ді, сақ­та­уды (ұста­уды) бол­дыр­мау (ӘҚ­БтК 389-ба­бы)
Еле­улі
11
Аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы субъ­ек­ті­ле­рі­мен жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін пай­да­ла­ну­ға рұқ­сат­тар бе­ру және бе­рі­л­ген рұқ­сат­тар­ды пай­да­ла­ну тәр­ті­бін бұ­зу­ды бол­дыр­мау (ӘҚ­БтК 390-ба­бы)
Еле­улі

2 Балық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы талаптарды бұзу дәрежесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің м.а.
2023 жылғы 18 мамырдағы
№ 75 мен
Қазақстан Республикасы Экология
және табиғи ресурстар министрі
2023 жылғы 18 мамырдағы
№ 155 бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
2-қосымша
Балық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану саласындағы талаптарды бұзу дәрежесі

Өл­шем­шар­ттар ата­уы
Бұ­зу­шы­лық дә­ре­же­сі
1
Ба­лық ре­сур­ста­рын және бас­қа да су жа­ну­ар­ла­рын аула­уды есеп­ке алу жур­на­лы­ның (кә­сіп­ші­лік жур­на­лы) бо­луы
Өрес­кел
2
Ор­на­ты­л­ған ан­шлаг­тар­дың бо­луы
Еле­улі
3
Ты­ны­штық сақ­тау ай­мақ­та­рын­да және өсі­мін мо­лай­ту учас­ке­ле­рін­де жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сі объ­ек­ті­ле­рін аула­у­ға бер­меу
Еле­улі
4
Жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін пай­да­ла­ну­ға қой­ы­ла­тын шек­те­улер мен тый­ым са­лу­лар­дың сақ­та­луын қам­та­ма­сыз ету
Өрес­кел
5
Тір­кел­ген және тір­кеу нө­мір­ле­рі­мен бел­гі­лен­ген жү­зу құ­рал­да­ры­ның бо­луы
Бол­ма­шы
6
Ба­лық­тың қай­дан аулан­ға­ны ту­ра­лы анық­та­ма­ның бо­луы
Еле­улі
7
Ба­лық қы­стай­тын шұң­қыр­лар­дың, уыл­ды­рық ша­ша­тын жер­лер­дiң, ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы учас­ке­лерiнiң және ба­лық аула­у­ға тый­ым са­лын­ған жер­лер­дiң ше­ка­ра­ла­рын бел­гiлей­тiн ба­ған­дар­дың, қал­қы­ма та­ну бел­гі­лерi­нің жой­ы­луы­на неме­се бү­лі­ну­іне жол бер­меу жө­нін­де­гі та­лап­тар­дың сақ­та­луы
Өрес­кел
8
Ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы су ай­дын­да­рын­да (учас­ке­ле­рін­де) заң­сыз ба­лық аулау фак­ті­ле­ріне жол бер­меу
Өрес­кел
9
Ба­лық өсі­ру­дің жыл сай­ын­ғы кө­ле­міне қол жет­кі­зу­ді қам­та­ма­сыз ету
Еле­улі
10
Пай­да­ла­ну­шы­лар­дың ба­лық және бас­қа да су жа­ну­ар­ла­рын аулау кво­та­сын иге­ру ту­ра­лы мә­лі­мет­те­рі­нің то­лық және дұ­рыс бо­луы
Еле­улі
11
Пай­да­ла­ну­шы­лар­дың ағым­да­ғы жы­лы ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғын да­мы­ту­ға жос­пар­лан­ған қар­жы кө­ле­мі­нің орын­да­луы ту­ра­лы мә­лі­мет­те­рі­нің то­лық және дұ­рыс бо­луы
Еле­улі
12
Ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы са­ла­сы­мен ай­на­лы­са­тын субъ­ек­ті­лер бой­ын­ша мә­лі­мет­те­рі­нің то­лық және дұ­рыс бо­луы
Еле­улі
13
Ба­лық өң­де­умен ай­на­лы­са­тын кә­сі­по­рын­дар­дың мә­лі­мет­те­рі­нің то­лық және дұ­рыс бо­луы
Еле­улі
14
Ба­қы­лау және қа­да­ға­лау субъ­ек­ті­сіне (объ­ек­ті­сіне) бар­май про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау ұсы­ным­да­рын орын­дау
Өрес­кел
15
Заң­сыз ба­лық аулау фак­ті­ле­ріне жол бер­меу (ӘҚ­БтК 383-ба­бы)
Еле­улі
16
Ба­лық және ба­лық өнім­де­рін заң­сыз са­тып алу, өт­кі­зу, та­сы­мал­дау, әке­лу, әке­ту, сақ­тау (ұстау) фак­ті­ле­ріне жол бер­меу (ӘҚ­БтК 389-ба­бы)
Еле­улі

3 Су шаруашылығы ұйымдары мен су пайдалану субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы талаптарды бұзу дәрежесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің м.а.
2023 жылғы 18 мамырдағы
№ 75 мен
Қазақстан Республикасы Экология
және табиғи ресурстар министрі
2023 жылғы 18 мамырдағы
№ 155 бірлескен бұйрығына
3-қосымша
Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
3-қосымша
Су шаруашылығы ұйымдары мен су пайдалану субъектілеріне қатысты жануарлар
дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы талаптарды бұзу дәрежесі

Өл­шем­шар­ттар­дың ата­уы
Бұ­зу­шы­лық дә­ре­же­сі
1
Су жи­нау және су ағы­зу құ­ры­лы­ста­рын­да ба­лық қор­ғау құ­ры­л­ғы­ла­ры­ның бо­луы
Өрес­кел
2
Жо­ба­лық құ­жат­та­ма­ға ба­лық қор­ғау құ­ры­л­ғы­ла­ры­ның аулар мен тор­лар ұя­шық­та­ры­ның сәй­кест­і­гі
Өрес­кел
3
Ба­лық қор­ғау құ­ры­л­ғы­ла­ры ре­т­ін­де аулар мен тор­лар­ды екі бьеф­те де су то­рап­та­ры мен ба­лық­тар­ға ар­нал­ған ба­ғыт­та­ғы­штар­дың ба­лық өт­кі­зу құ­ры­лы­ста­ры­ның кі­ре­бе­ріс те­сік­те­рін­де бо­луы
Өрес­кел
4
Қыл­қы­ма­лар­да неме­се қа­да­лар ті­рек­те­рін­де ілін­ген мы­ры­штал­ған сым­нан неме­се ней­лон­нан жа­сал­ған тор­дың бо­луы
Өрес­кел
5
Ме­талл шы­бық то­ры үшін ба­лық пен бас­қа су жа­ну­ар­ла­ры­ның мөл­ше­ріне бай­ла­ны­сты шы­бық­тар ара­сын­да­ғы са­ңы­ла­у­лар­дың бо­луы
Өрес­кел
6
Ба­лық қор­ғау құ­ры­л­ғы­ла­рын­да электр қор­ша­у­ла­рын­да­ғы элек­трод­тар ара­сын­да­ғы қа­шық­тық және электр өрі­сі­нің кер­не­улі­гі­нің ти­іс­ті ша­ма­сы­на сәй­кест­і­гі
Өрес­кел
7
Ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы су ай­дын­да­рын­да (учас­ке­ле­рін­де) ба­лық және бас­қа да су жа­ну­ар­ла­ры­ның қы­ры­лу фак­ті­сі­нің бо­луы
Өрес­кел
8
Ба­қы­лау және қа­да­ға­лау субъ­ек­ті­сіне (объ­ек­ті­сіне) бар­май про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау ұсы­ны­мын орын­дау
Өрес­кел

4 Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қызметіне қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабының 22) тармақшасына сәйкес жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесін айқындау үшін субъективті критерийлер тізбесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің м.а.
2023 жылғы 18 мамырдағы
№ 75 мен
Қазақстан Республикасы Экология
және табиғи ресурстар министрі
2023 жылғы 18 мамырдағы
№ 155 бірлескен бұйрығына
4-қосымша
Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
4-қосымша
Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қызметіне қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабының 22) тармақшасына сәйкес жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесін айқындау үшін субъективті критерийлер тізбесі

Субъ­ек­тив­ті кри­те­рий көр­сет­кі­ші
Субъ­ек­тив­ті кри­те­рий көр­сет­кі­ші бой­ын­ша ақ­па­рат кө­зі
Ма­ңы­зды­лы­ғы бой­ын­ша үлес сал­ма­ғы, балл (со­ма­сы 100 бал­дан ас­па­уы ти­іс),
wi
Шар­ттар / мән­дер, xi
1-шар­ты / мәні
1-шар­ты / мәні
1-шар­ты / мәні
1
2
3
4
5
6
7
Ба­ру ар­қы­лы про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау үшін
1
Есеп­ті­лік­ті уақ­ты­лы және (неме­се) са­па­сыз ұсы­ну
Ба­қы­лау және қа­да­ға­лау субъ­ек­ті­сі ұсы­на­тын есеп­ті­лік пен мә­лі­мет­тер мо­ни­то­рин­гі­нің нәти­же­ле­рі
40
0
1
2
0
100
2
ҚР ӘҚ­БтК-нің 382, 385, 389, 390-бап­та­ры (2-бө­лім) бой­ын­ша әкім­ші­лік жа­у­ап­кер­ші­лік­ке тар­ту фак­ті­ле­рі­нің са­ны
Ба­қы­лау және қа­да­ға­лау субъ­ек­ті­сі­нің кінә­сі­нен туын­да­ған қо­лай­сыз оқи­ға­лар­дың бо­луы.
60
0
1-5
6+
0
50
100
3
Ба­қы­лау нәти­же­ле­рі бой­ын­ша ке­лу­сіз анық­тал­ған бұ­зу­шы­лық­тар­ды жою ту­ра­лы ұсы­ным­дар­дың бел­гі­лен­ген мер­зім­де орын­дал­ма­ға­ны ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­дің бо­луы
Ба­қы­лау және қа­да­ға­лау субъ­ек­ті­сіне (объ­ек­ті­сіне) бар­май про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау нәти­же­ле­рі (ба­қы­лау субъ­ек­ті­сіне (объ­ек­ті­сіне) бар­май про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау қо­ры­тын­ды­ла­ры бой­ын­ша бе­рі­л­ген қо­ры­тын­ды құ­жат­тар
және қа­да­ға­лау)
Ба­қы­лау және қа­да­ға­лау субъ­ек­ті­сіне (объ­ек­ті­сіне) ба­ру ар­қы­лы про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау мен қа­да­ға­лау жүр­гі­зу­дің жар­ты­жыл­дық ті­зі­міне ен­гі­зу

5 Балық шаруашылығы субъектілерінің қызметіне қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабының 22) тармақшасына сәйкес жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесін айқындау үшін субъективті критерийлер тізбесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің м.а.
2023 жылғы 18 мамырдағы
№ 75 мен
Қазақстан Республикасы Экология
және табиғи ресурстар министрі
2023 жылғы 18 мамырдағы
№ 155 бірлескен бұйрығына
5-қосымша
Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
5-қосымша
Балық шаруашылығы субъектілерінің қызметіне қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабының 22) тармақшасына сәйкес жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесін айқындау үшін субъективті критерийлер тізбесі
№ п/п
Субъ­ек­тив­ті кри­те­рий көр­сет­кі­ші
Субъ­ек­тив­ті кри­те­рий көр­сет­кі­ші бой­ын­ша ақ­па­рат кө­зі
Ма­ңы­зды­лы­ғы бой­ын­ша үлес сал­ма­ғы, балл (со­ма­сы 100 бал­дан ас­па­уы ти­іс),
wi
Шар­ттар / мән­дер, xi
1-шар­ты / мәні
1-шар­ты / мәні
1-шар­ты / мәні
1
2
3
4
5
6
7
Ба­ру ар­қы­лы про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау үшін
1
Есеп­ті­лік­ті уақ­ты­лы және (неме­се) са­па­сыз ұсы­ну
Ба­қы­лау және қа­да­ға­лау субъ­ек­ті­ле­рі (объ­ек­ті­ле­рі) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Эко­ло­гия, Гео­ло­гия және та­би­ғи ре­сур­стар Ми­ни­стр­лі­гі Ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы ко­ми­те­ті­нің об­лы­са­ра­лық бас­сейн­дік ин­спек­ци­я­ла­ры­на ұсы­на­тын есеп­ті­лік мо­ни­то­рин­гі­нің нәти­же­ле­рі
40
0
1
0
100
2
Ба­қы­лау және қа­да­ға­лау субъ­ек­ті­сіне (объ­ек­ті­сіне) бар­май про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау және қа­да­ға­лау нәти­же­ле­рі бой­ын­ша анық­тал­ған бұ­зу­шы­лық­тар­ды жою ту­ра­лы ұсы­ным­ды орын­да­мау
Ба­қы­лау және қа­да­ға­лау субъ­ек­ті­сіне (объ­ек­ті­сіне) бар­май про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау нәти­же­ле­рі (ба­қы­лау және қа­да­ға­лау субъ­ек­ті­сіне (объ­ек­ті­сіне) бар­май про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау қо­ры­тын­ды­ла­ры бой­ын­ша бе­рі­л­ген қо­ры­тын­ды құ­жат (ұсы­ныс)
Ба­қы­лау және қа­да­ға­лау субъ­ек­ті­сіне (объ­ек­ті­сіне) ба­ру ар­қы­лы про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау мен қа­да­ға­лау жүр­гі­зу­дің жар­ты­жыл­дық ті­зі­міне ен­гі­зу
3
Жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін қор­ғау, өсі­мін мо­лай­ту және пай­да­ла­ну са­ла­сын­да­ғы заң­на­ма­ны бұ­зу ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­дің бо­луы
(ӘҚ­БтК-нің 383 және 389-бап­та­ры)
Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар ұсы­на­тын мә­лі­мет­тер­ді тал­дау нәти­же­ле­рі
60
0
1
0
100

Қолданыстағы