Құжат мәтініне өту

О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Булакского сельского округа от 7 июня 2018 года № 6 «Об установлении ограничительных мероприятий»

Өзге акт · № 13 · қабылданған 22.05.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2018-no-6/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Булакского сельского округа от 7 июня 2018 года № 6 «Об установлении ограничительных мероприятий» Қолданыста Өзге акт ·№ 13 ·22.05.2019
22.05.2019 редакциясы
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.05.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Булакского сельского округа от 7 июня 2018 года № 6 «Об установлении ограничительных мероприятий»

Қолданыста Өзге акт ·№ 13 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Булакского сельского округа от 7 июня 2018 года № 6 «Об установлении ограничительных мероприятий»
Атауы (қаз.)
Шектеу іс-шараларын алу және Бұлақ ауылдық округі әкімінің 2018 жылдың 7 маусымдағы № 6 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімнің күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
13
Қабылданған күні
22.05.2019
Көрсетілген редакция
22.05.2019 131876_408892.kaz
Соңғы өзгеріс
22.05.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19CGC06176
ЭКБ идентификаторы
131876
Редакция идентификаторы
131876_408892
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:50

0 Шектеу іс-шараларын алу және Бұлақ ауылдық округі әкімінің 2018 жылдың 7 маусымдағы № 6 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімнің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10–1 бабына сәйкес, және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Қобда аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитарлық инспекторының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 2-10-3/90 ұсынысы негізінде, Бұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Бұлақ ауылдық округінің Әлия ауылы аймағында, мүйізді ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.

2 2. Бұлақ ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 7 маусымдағы № 6 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3-7-169 болып тіркелген, 2018 жылғы 14 маусымда «Қобда» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Бұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде ресми жарялауға жіберуді;

3 3) осы шешімді Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5 5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы