О внесении изменений в приказ Руководителя Департамента по обеспечению деятельности судов при Верховном Суде Республики Казахстан (аппарата Верховного Суда Республики Казахстан) от 7 июня 2018 года № 6001-18-7-6/185 «Об утверждении Правил технического применения средств видеоконференцсвязи»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Руководителя Департамента по обеспечению деятельности судов при Верховном Суде Республики Казахстан (аппарата Верховного Суда Республики Казахстан) от 7 июня 2018 года № 6001-18-7-6/185 «Об утверждении Правил технического применения средств видеоконференцсвязи»
- Атауы (қаз.)
- «Бейнеконференцбайланыс құралдарын техникалық қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының 2018 жылғы 7 маусымдағы № 6001-18-7-6/185 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 16
- Қабылданған күні
- 15.07.2020
- Көрсетілген редакция
- 15.07.2020 144932_473064.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.07.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000020993
- ЭКБ идентификаторы
- 144932
- Редакция идентификаторы
- 144932_473064
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:31
0
«Бейнеконференцбайланыс құралдарын техникалық қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының 2018 жылғы 7 маусымдағы № 6001-18-7-6/185 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 3 қарашадағы № 1093 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) туралы ереженің 6-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Бейнеконференцбайланыс құралдарын техникалық қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының 2018 жылғы 7 маусымдағы № 6001-18-7-6/185 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 17124 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіде 2018 жылғы 4 маусымда жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі Қылмыстық-процестік кодексінің 370-бабына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 767-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген бейнеконференцбайланыс құралдарын техникалық қолдану қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Бейнеконференцбайланыс құралдарын техникалық қолдану қағидалары, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) 370-бабына, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 767-бабына сәйкес әзірленді және бейнеконференцбайланыс құралдарын техникалық қолдану тәртібін айқындайды.».