О внесении изменений и дополнения в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 7 августа 2018 года № 64 «Об утверждении положений о территориальных органах Комитета национальной безопасности Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 7 августа 2018 года № 64 «Об утверждении положений о территориальных органах Комитета национальной безопасности Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 7 тамыздағы № 64 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 237/ке-ка
- Қабылданған күні
- 14.04.2021
- Көрсетілген редакция
- 14.04.2021 155170_522235.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G21KN000237
- ЭКБ идентификаторы
- 155170
- Редакция идентификаторы
- 155170_522235
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:38
0 Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 7 тамыздағы № 64 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереженің 16-тармағы 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркістан облысы бойынша департментінің штатына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2021 жылғы 1 сәуірдегі № 207 қбп-қа бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 7 тамыздағы № 64 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті туралы ереженің:
7-тармағының:
2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Кентау қалалық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Кентау қаласы, Ашысай, Хантағы, Байылдыр, Қарнақ ауылдық округтері;»;
12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) Шардара аудандық бөлімшесі. Қызмет көрсету аймағы – Шардара ауданы;»;
мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) Сауран аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Шорнақ, Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үш-Қайық, Яссы, Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Бабай-Қорған, Жібек Жолы, Майдантал ауылдық округтері.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Департаменттің заңды мекенжайы: 160000, Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Ерубаев көшесі, 279.».
2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркістан облысы бойынша департаменті заңмен белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберсін;