О внесении изменения в приказ начальника Канцелярии Президента Республики Казахстан от 7 октября 2019 года № 19-42-3.3.17 «Об утверждении Реестра должностей гражданских служащих подведомственных государственных учреждений Администрации Президента Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ начальника Канцелярии Президента Республики Казахстан от 7 октября 2019 года № 19-42-3.3.17 «Об утверждении Реестра должностей гражданских служащих подведомственных государственных учреждений Администрации Президента Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының 2019 жылғы 7 қазандағы № 19-42-3.3.17 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 20-42-3.3.17
- Қабылданған күні
- 12.11.2020
- Көрсетілген редакция
- 12.11.2020 149264_497321.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.11.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000021696
- ЭКБ идентификаторы
- 149264
- Редакция идентификаторы
- 149264_497321
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 11:48
0 «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президенті
Кеңсесі бастығының
2019 жылғы 7 қазандағы
№ 19-42-3.3.17 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының 2019 жылғы 7 қазандағы № 19-42-3.3.17 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19491 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 28 қазанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген 4-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің қаржы және бухгалтерлік есеп секторы:
1 1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары – бас бухгалтер Е.К.Арпабаевқа жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
_______________________________________
0 Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының ТІЗІЛІМІ
Қазақстан Республикасы
Президенті Кеңсесі бастығының
2020 жылғы 12 қарашадағы
№ 20-42-3.3.17 бұйрығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президенті Кеңсесі бастығының
2019 жылғы 7 қазандағы
№ 19-42-3.3.17 бұйрығына
4-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының
ТІЗІЛІМІ
Буын
Саты
Лауазымдар атауы
А блогы (басқарушы персонал)
А1
1-1
Басшының орынбасары
А2
1
Қызмет басшысы: талдау; коммуникациялар; медиаконтенті ілгерілету; стратегиялық жоспарлау және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл.
Әкімшілік-қаржы қызметінің басшысы - бас бухгалтер
1-1
Қызмет басшысының орынбасары: талдау; медиаконтенті ілгерілету.
Бас бухгалтердің орынбасары, бас экономист
В блогы (негізгі персонал)
В1
2
Бас сарапшы
3
Жетекші сарапшы
4
Кеңесші
С блогы (әкімшілік персонал)
С2
Әкімшілік функцияларды орындайтын біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: кадр жұмысы жөніндегі инспектор, заңгер, экономист-мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер, бухгалтер