О внесении изменений в приказ начальника Канцелярии Президента Республики Казахстан от 7 октября 2019 года № 19-42-3.3.17 «Об утверждении Реестра должностей гражданских служащих подведомственных государственных учреждений Администрации Президента Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ начальника Канцелярии Президента Республики Казахстан от 7 октября 2019 года № 19-42-3.3.17 «Об утверждении Реестра должностей гражданских служащих подведомственных государственных учреждений Администрации Президента Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының 2019 жылғы 7 қазандағы № 19-42-3.3.17 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 24-42-3.3.13
- Қабылданған күні
- 25.12.2024
- Көрсетілген редакция
- 25.12.2024 204836_735684.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.12.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G2424423313
- ЭКБ идентификаторы
- 204836
- Редакция идентификаторы
- 204836_735684
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 07:17
0 «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президенті
Кеңсесі бастығының
2019 жылғы 7 қазандағы
№ 19-42-3.3.17 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының 2019 жылғы 7 қазандағы № 19-42-3.3.17 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19491 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2
2. Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің қаржы және бухгалтерлік есеп секторы осы бұйрықтың мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары – бас бухгалтер Д.А. Керімрайға жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
_____________________________________
1 «Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві» республикалық мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының ТІЗІЛІМІ
Қазақстан Республикасы
Президенті Кеңсесі бастығының
2024 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 24-42-3.3.13 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Президенті Кеңсесі бастығының
2019 жылғы 7 қазандағы
№ 19-42-3.3.17 бұйрығына
1-қосымша
«Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві» республикалық мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының
ТІЗІЛІМІ
Буын
Саты
Лауазымдар атауы
А блогы (басқарушы персонал)
А2
1
Қызмет, орталық басшысы, бас бухгалтер
2
Бас инженер
А3
1
Бөлім басшысы
1-1
Сектор, зертхана меңгерушісі
В блогы (негізгі персонал)
В1
1
Бас ғылыми қызметкер
2
Жетекші ғылыми қызметкер, бас сарапшы
3
Аға ғылыми қызметкер, жетекші сарапшы
4
Ғылыми қызметкер, аға сарапшы, директордың кеңесшісі
5
Сарапшы
В2
1
Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты архивші
2
Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты архивші
3
Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты архивші
4
Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ архивші
С блогы (әкімшілік персонал)
С1
Әкімшілік-шаруашылық жұмыс жөніндегі менеджер, директордың көмекшісі
С2
Әкімшілік функцияларды орындайтын, біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: инженер, жүйелік әкімші, бухгалтер, мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер, заңгер, кадр бойынша маман, құжат жүргізуші, жұртшылықпен байланыс жөніндегі маман
С3
Әкімшілік функцияларды орындайтын, біліктілігі орташа деңгейдегі мамандар: техник, механик
D блогы (қосалқы персонал)
D
Техникалық орындаушылар: кезекші әкімші
2 «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» республикалық мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының ТІЗІЛІМІ
Қазақстан Республикасы
Президенті Кеңсесі бастығының
2024 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 24-42-3.3.13 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Президенті Кеңсесі бастығының
2019 жылғы 7 қазандағы
№ 19-42-3.3.17 бұйрығына
2-қосымша
«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» республикалық мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының
ТІЗІЛІМІ
Буын
Саты
Лауазымдар атауы
А блогы (басқарушы персонал)
А1
1-1
Басшының орынбасары
А2
1
Өкілдік, зертхана, бөлім басшысы; ғалым хатшы; бас бухгалтер
1-1
Бөлім басшысының орынбасары, бас бухгалтердің орынбасары, бас экономист
В блогы (негізгі персонал)
В1
1
Бас ғылыми қызметкер
2
Жетекші ғылыми қызметкер, бас сарапшы
3
Аға ғылыми қызметкер, жетекші сарапшы
4
Ғылыми қызметкер, аға сарапшы, кеңесші
5
Сарапшы
В2
1
Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты негізгі персонал мамандары: қорларды сақтаушы
2
Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты негізгі персонал мамандары: қорларды сақтаушы
3
Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты негізгі персонал мамандары: қорларды сақтаушы
4
Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ негізгі персонал мамандары: қорларды сақтаушы
С блогы (әкімшілік персонал)
С1
Әкімшілік-шаруашылық жұмыс жөніндегі менеджер
С2
Әкімшілік функцияларды орындайтын, біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: бухгалтер, инженер, мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер, жүйелік әкімші, кадр бойынша маман, аудармашы, дизайнер, заңгер, архивші, құжат жүргізуші, корректор, экономист