Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в совместное постановление акимата города Жезказган от 7 июня 2019 года № 19/02 и решение Жезказганского городского маслихата от 11 июня 2019 года № 36/319 «О льготном проезде отдельных категорий граждан города Жезказган на общественном пассажирском транспорте (кроме такси)»

Қаулы · № 07/01 · қабылданған 19.02.2021
Заңдық күші: Күшін жойған · 08.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2019-no-1902-11-2019-no-36319/on/2026-09-08/
Басып шығарылды 2026-09-08 · adilet.kz
О внесении изменения в совместное постановление акимата города Жезказган от 7 июня 2019 года № 19/02 и решение Жезказганского городского маслихата от 11 июня 2019 года № 36/319 «О льготном проезде отдельных категорий граждан города Жезказган на общественном пассажирском транспорте (кроме такси)» Күшін жойған Қаулы ·№ 07/01 ·19.02.2021
06.03.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
08.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в совместное постановление акимата города Жезказган от 7 июня 2019 года № 19/02 и решение Жезказганского городского маслихата от 11 июня 2019 года № 36/319 «О льготном проезде отдельных категорий граждан города Жезказган на общественном пассажирском транспорте (кроме такси)»

Күшін жойған Қаулы ·№ 07/01 · 08.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в совместное постановление акимата города Жезказган от 7 июня 2019 года № 19/02 и решение Жезказганского городского маслихата от 11 июня 2019 года № 36/319 «О льготном проезде отдельных категорий граждан города Жезказган на общественном пассажирском транспорте (кроме такси)»
Атауы (қаз.)
«Жезқазған қаласының жекеленген санаттағы азаматтарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» Жезқазған қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 7 маусымдағы № 19/02 бірлескен қаулысы және Жезқазған қалалық мәслихатының 2019 жылғы 11 маусымдағы № 36/319 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
07/01
Қабылданған күні
19.02.2021
Көрсетілген редакция
06.03.2024 153218_690703.kaz
Соңғы өзгеріс
06.03.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21KB006221
ЭКБ идентификаторы
153218
Редакция идентификаторы
153218_690703
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:29

0 «Жезқазған қаласының жекеленген санаттағы азаматтарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы»

Жезқазған қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 7 маусымдағы № 19/02 бірлескен қаулысы және Жезқазған қалалық мәслихатының 2019 жылғы 11 маусымдағы № 36/319 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес, Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жезқазған қалалық маслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. «Жезқазған қаласының жекеленген санаттағы азаматтарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» Жезқазған қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 7 маусымдағы № 19/02 бірлескен қаулысы және Жезқазған қалалық мәслихатының 2019 жылғы 11 маусымдағы № 36/319 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5394 тіркелген, 2019 жылғы 04 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2019 жылғы 28 маусымдағы № 25 (281) «Жезказганский вестник», 2019 жылғы 28 маусымдағы № 24 (8138) «Сарыарқа» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. Жеңілдік құқығын растайтын құжаты болған кезде, қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) тегін жол жүру келесі санаттағы Жезқазған қаласының азаматтары үшін белгіленсін:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;
4) бірінші және екінші санаттағы мүгедектерге;
5) зейнетақының ең төменгі мөлшерін алатын зейнеткерлерге;
6) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр-Ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға;
7) бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары бар, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін оқу орындарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік,жоғарғы оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көп балалы аналарға;
8) бала жасынан 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелейтін аналарға;
9) үйлеріне барып әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінің қызметкерлеріне.».

2 2. Осы бірлескен Жезқазған қаласы әкімдігінің қаулысы және Жезқазған қалалық мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы