Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Уалихановского района Северо-Казахстанской области от 7 марта 2019 года № 42 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Уалихановского района Северо-Казахстанской области»

Қаулы · № 242 · қабылданған 10.12.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2019-no-42-ekb-163133/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Уалихановского района Северо-Казахстанской области от 7 марта 2019 года № 42 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Уалихановского района Северо-Казахстанской области» Қолданыста Қаулы ·№ 242 ·10.12.2021
10.12.2021 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Уалихановского района Северо-Казахстанской области от 7 марта 2019 года № 42 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Уалихановского района Северо-Казахстанской области»

Қолданыста Қаулы ·№ 242 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Уалихановского района Северо-Казахстанской области от 7 марта 2019 года № 42 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Уалихановского района Северо-Казахстанской области»
Атауы (қаз.)
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы аумағындағы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» 2019 жылғы 7 наурыздағы № 42 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
242
Қабылданған күні
10.12.2021
Көрсетілген редакция
10.12.2021 163133_557098.kaz
Соңғы өзгеріс
10.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21SM026423
ЭКБ идентификаторы
163133
Редакция идентификаторы
163133_557098
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 05:09

0 Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің

«Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы аумағындағы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» 2019 жылғы 7 наурыздағы № 42 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Уәлиханов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы аумағындағы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» 2019 жылғы 7 наурыздағы № 42 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5245 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы»;
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Уәлиханов аудандық
мәслихаты

1 Солтүстік Қазақстан облысы

Уәлиханов ауданының әкімдігінің
2021 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 242 қаулысына
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Уәлиханов ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 7 наурыздағы
№ 42 қаулысына
қосымша

1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:

1 1) аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;

2 2) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

3 3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант - біліктілігі жоғары деңгейдегі, жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман;

4 4) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер - біліктілігі жоғары деңгейдегі, жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман;

5 5) халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі, жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар;

6 6) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі, жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар;

7 7) жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі, жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман;

8 8) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі, жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман;

9 9) психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі, жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман;

10 10) әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент - біліктілігі орташа деңгейдегі, санаты жоқ мамандар.

2 2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:

1 1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);

2 2) библиограф - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ маман;

3 3) кітапханашы - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ мамандар;

4 4) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер) - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ мамандар;

5 5) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер) - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ мамандар;

6 6) ұжым (үйірме) басшысы - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ мамандар;

7 7) музыкалық жетекші - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ маман;

8 8) режиссер - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ маман;

9 9) вокал бойынша үйретуші - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ маман;

10 10) қор сақтаушы - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ мамандар;

11 11) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер) - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ мамандар.

Қолданыстағы