Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 7 ноября 2019 года № 829 «Об утверждении Правил организации и проведения научных исследований в рамках государственного оборонного заказа»

Бұйрық · № 169 · қабылданған 28.12.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2019-no-829-ekb-191195/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 7 ноября 2019 года № 829 «Об утверждении Правил организации и проведения научных исследований в рамках государственного оборонного заказа» Қолданыста Бұйрық ·№ 169 ·28.12.2023
28.12.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 7 ноября 2019 года № 829 «Об утверждении Правил организации и проведения научных исследований в рамках государственного оборонного заказа»

Қолданыста Бұйрық ·№ 169 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 7 ноября 2019 года № 829 «Об утверждении Правил организации и проведения научных исследований в рамках государственного оборонного заказа»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 7 қарашадағы № 829 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
169
Қабылданған күні
28.12.2023
Көрсетілген редакция
28.12.2023 191195_679871.kaz
Соңғы өзгеріс
28.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300033837
ЭКБ идентификаторы
191195
Редакция идентификаторы
191195_679871
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 13:49

0 «Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 7 қарашадағы № 829 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Мемлекеттік қорғаныстық тапсыры шеңберінде ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 7 қарашадағы № 829 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19602 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі ғылыми зерттеулер (бұдан әрі – ғылыми зерттеулер) – мемлекеттің қорғаныс қабілетін арттыруға және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, қару-жарақтың, әскери техниканың, техникалық және арнайы құралдардың жаңа үлгілерін жасау, жарақтандыруда тұрған қару-жарақ пен әскери техниканың үлгілерін жаңғырту саласындағы қолданбалы және іргелі ғылыми зерттеулер, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар;»;
2-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі тәжірибелік үлгі – мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындауға арналған тактикалық-техникалық тапсырмаға (техникалық өзіндік ерекшелікке, тактикалық-техникалық сипаттамаларға) осындай үлгінің сәйкестігін сынаулар жүргізу арқылы тексеру, қабылданған техникалық шешімдердің дұрыстығын тексеру, сондай-ақ қарулануға қабылдау және кейіннен сериялап жасауға беру мүмкіндігін айқындау үшін жаңадан әзірленген, пысықталған немесе түзетілген (жаңғырту мақсатында) конструкторлық-технологиялық құжаттама бойынша тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындау барысында дайындалған әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің) үлгісі.»;
26-тармақтың 2-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде тәжірибелік үлгілерді қабылдау мүдделі орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № 862 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19645 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстардың нәтижелеріне сынақтар жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Қорғаныс-өнеркәсіп кешені департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасығы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік күзет қызметі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі

Қолданыстағы