О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 7 октября 2019 года № 85 «Об установлении лимитов долга местных исполнительных органов на 2020 год»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 7 октября 2019 года № 85 «Об установлении лимитов долга местных исполнительных органов на 2020 год»
- Атауы (қаз.)
- Жергілікті атқарушы органдар борышының 2020 жылға арналған лимиттерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 7 қазандағы № 85 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 58
- Қабылданған күні
- 30.07.2020
- Көрсетілген редакция
- 30.07.2020 145276_475216.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.07.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000021049
- ЭКБ идентификаторы
- 145276
- Редакция идентификаторы
- 145276_475216
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:21
0 Жергілікті атқарушы органдар борышының 2020 жылға арналған лимиттерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 7 қазандағы № 85 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1.«Жергілікті атқарушы органдар борышының 2020 жылға арналған лимиттерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 7 қазандағы № 85 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19455 болып тіркелген, 2019 жылғы 10 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жергілікті атқарушы органдар борышының 2020 жылға арналған лимиттері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2 2. Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсiн.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
1 Жергілікті атқарушы органдар борышының 2020 жылға арналған лимиттері
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы 30 шілдесі № 58
Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 7 қазандағы № 85
бұйрығына қосымша
Жергілікті атқарушы органдар борышының 2020 жылға арналған лимиттері
№
Жергілікті атқарушы орган
Жергілікті атқарушы органдар борышының
лимиті, мың теңге
1
2
3
1
Ақмола облысы
79 787 306,2
2
Ақтөбе облысы
89 279 337,6
3
Алматы облысы
132 273 754,4
4
Атырау облысы
59 940 685,1
5
Шығыс Қазақстан облысы
119 507 688,2
6
Жамбыл облысы
111 020 517,3
7
Батыс Қазақстан облысы
81 868 628,8
8
Қарағанды облысы
115 268 650,3
9
Қостанай облысы
84 411 077,4
10
Қызылорда облысы
85 414 948,1
11
Маңғыстау облысы
52 056 458,7
12
Павлодар облысы
64 742 064,3
13
Солтүстік Қазақстан облысы
56 887 080,5
14
Түркістан облысы
123 087 660,7
15
Алматы қаласы
166 544 528,9
16
Нұр-Сұлтан қаласы
141 623 986,9
17
Шымкент қаласы
71 386 618,0