О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Шетиргизского сельского округа от 7 октября 2020 года № 12 «Об установлении ограничительных мероприятий»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Шетиргизского сельского округа от 7 октября 2020 года № 12 «Об установлении ограничительных мероприятий»
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын алу және Шетырғыз ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 7 қазандағы № 12 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 18
- Қабылданған күні
- 31.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 31.12.2020 151370_504160.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20CMJ07941
- ЭКБ идентификаторы
- 151370
- Редакция идентификаторы
- 151370_504160
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 10:07
0 Шектеу іс-шараларын алу және Шетырғыз ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 7 қазандағы № 12 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Шалқар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №16-8/162 ұсынысы негізінде, Шетырғыз ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Шетырғыз ауылдық округінде орналасқан «Әбдіраш» шаруа қожалығы аумағында мүйізді ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
2
2. Шетырғыз ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 7 қазандағы № 12 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7518 болып тіркелген, 2020 жылғы 8 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.