Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 7 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-235/2020 «Об утверждении правил осуществления статистического наблюдения в области здравоохранения, формы статистического учета и отчетности в области здравоохранения, порядка их ведения, заполнения и сроков представления»

Бұйрық · № ҚР ДСМ-87 · қабылданған 19.08.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2020-no-2352020-ekb-170825/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 7 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-235/2020 «Об утверждении правил осуществления статистического наблюдения в области здравоохранения, формы статистического учета и отчетности в области здравоохранения, порядка их ведения, заполнения и сроков представления» Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-87 ·19.08.2022
19.08.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 7 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-235/2020 «Об утверждении правил осуществления статистического наблюдения в области здравоохранения, формы статистического учета и отчетности в области здравоохранения, порядка их ведения, заполнения и сроков представления»

Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-87 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 7 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-235/2020 «Об утверждении правил осуществления статистического наблюдения в области здравоохранения, формы статистического учета и отчетности в области здравоохранения, порядка их ведения, заполнения и сроков представления»
Атауы (қаз.)
«Денсаулық сақтау саласындағы статистикалық байқауды жүзеге асыру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы статистикалық есепке алу мен есептілік нысандарын, оларды жүргізу, толтыру тәртібін және ұсыну мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 7 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-235/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
ҚР ДСМ-87
Қабылданған күні
19.08.2022
Көрсетілген редакция
19.08.2022 170825_589830.kaz
Соңғы өзгеріс
19.08.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200029201
ЭКБ идентификаторы
170825
Редакция идентификаторы
170825_589830
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 00:32

0 «Денсаулық сақтау саласындағы

статистикалық байқауды жүзеге асыру
қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы
статистикалық есепке алу мен есептілік нысандарын,
оларды жүргізу, толтыру тәртібін және ұсыну
мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы
7 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-235/2020 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Денсаулық сақтау саласындағы статистикалық байқауды жүзеге асыру қағидаларын, денсаулық сақтау саласында статистикалық есепке алу мен есептілік нысандарын, оларды жүргізу, толтыру тәртібін және ұсыну мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 7 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-235/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21735 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 75-бабының 3-тармағына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 2) тармақшасына,
13-бабына және 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы статистикалық байқауды жүзеге асыру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы статистикалық есепке алу мен есептілік нысандарын, оларды жүргізу, толтыру тәртібін және ұсыну мерзімдерінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Денсаулық сақтау саласындағы статистикалық байқауды жүзеге асыру қағидалары, денсаулық сақтау саласындағы статистикалық есепке алу мен есептілік нысандары, оларды жүргізу тәртібі, толтыру және ұсыну мерзімдері (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 75-бабының 3-тармағына, «Мемлекеттік статистика туралы» (бұдан әрі - Заң) Қазақстан Республикасы Заңы 4-бабының 2) тармақшасына, 13-бабына және 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы статистикалық байқауды жүргізу тәртібін, статистикалық есепке алу мен есептілік нысандарын, оларды жүргізу тәртібін, толтыру мен ұсыну мерзімдерін айқындайды.»;
5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Денсаулық сақтау субъектілерінің әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандар аудандық, облыстық деңгейде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі уәкілеттік берген ұйымдарда жиынтық нысандарда қалыптастырылады.
6. Денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары денсаулық сақтау субъектілерінің әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандарды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ұсынады.
7. Министрлік денсаулық сақтау субъектілерінің әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандарды өңірлер бөлінісінде Қазақстан Республикасы бойынша жиынтық жылдық нысандарға қалыптастырады.»;
денсаулық сақтау саласындағы статистикалық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы статистикалық есепке алу мен есептіліктің нысандарын, оларды жүргізу, толтыру тәртібі және ұсыну мерзімдері қағидаларына қосымшада:
«Денсаулық сақтау ұйымдарының саны туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарында ұсыну (статистикалық есепке алу):
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Аудандық денсаулық сақтау ұйымдары - облыстық денсаулық сақтау ұйымдарына, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтау ұйымдарына есепті кезеңнен кейінгі 1 қаңтарға дейін;
3. Денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары - есепті кезеңнен кейінгі 10 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне.».
4-тармақ алып тасталсын;
«Халықтың сырқаттанушылығының негізгі көрсеткіштері бойынша есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарында ұсыну (статистикалық есепке алу):
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Аудандық денсаулық сақтау ұйымдары - облыстық денсаулық сақтау ұйымдарына, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтау ұйымдарына есепті кезеңнен кейінгі 1 қаңтарға дейін;
3. Денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары - есепті кезеңнен кейінгі 10 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне.».
4-тармақ алып тасталсын;
«Кадрлармен қамтамасыз ету бойынша есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарында ұсыну (статистикалық есепке алу):
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Аудандық денсаулық сақтау ұйымдары - облыстық денсаулық сақтау ұйымдарына, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтау ұйымдарына есепті кезеңнен кейінгі 1 қаңтарға дейін;
3. Денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары - есепті кезеңнен кейінгі 10 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне.».
4-тармақ алып тасталсын;
«Ана өлімі бойынша есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарында ұсыну (статистикалық есепке алу):
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Аудандық денсаулық сақтау ұйымдары - облыстық денсаулық сақтау ұйымдарына, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтау ұйымдарына есепті кезеңнен кейінгі 1 қаңтарға дейін;
3. Денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары - есепті кезеңнен кейінгі 10 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне.».
4-тармақ алып тасталсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы

Қолданыстағы