Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Первого Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 7 апреля 2020 года № 362 «Об утверждении правил оказания государственных услуг в сфере учета государственного имущества»

Бұйрық · № 1323 · қабылданған 26.12.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2020-no-362-ekb-176212/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Первого Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 7 апреля 2020 года № 362 «Об утверждении правил оказания государственных услуг в сфере учета государственного имущества» Қолданыста Бұйрық ·№ 1323 ·26.12.2022
26.12.2022 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Первого Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 7 апреля 2020 года № 362 «Об утверждении правил оказания государственных услуг в сфере учета государственного имущества»

Қолданыста Бұйрық ·№ 1323 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Первого Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 7 апреля 2020 года № 362 «Об утверждении правил оказания государственных услуг в сфере учета государственного имущества»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 362 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1323
Қабылданған күні
26.12.2022
Көрсетілген редакция
26.12.2022 176212_617630.kaz
Соңғы өзгеріс
26.12.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200031296
ЭКБ идентификаторы
176212
Редакция идентификаторы
176212_617630
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 21:32

0 «Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 362 бұйрығына өзгерістер

енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 362 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20342 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Мемлекеттік мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; Мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін заңды және жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаның 1-нысанына сәйкес мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесін алуға арналған сұрау және Қағидаларға 1-қосымшаның 2-нысанына сәйкес мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалар туралы мәліметтер қарауға арналған сұрау; осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдарды алуға арналған сұрауды (бұдан әрі – сұрау) салады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес көрсетілген.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректер енгізу Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелді) белгіленеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінде деректер енгізу автоматтандырылды.
Осы Қағидаларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу кезінде, көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, Бірыңғай байланыс орталығына тиісті нормативтік құқықтық актіні әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.»;
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының: 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны бойынша алады.
Портал арқылы шағымды жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеу барысында жаңарып отыратын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қаралғаны немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді.
10. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.»;
көрсетілген Қағидаларға 1 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Мемлекеттік мүлік тізілімінен мемлекеттік мүлікті жалға алушыға онымен жасалған жалдау шарты бойынша шарттың талаптары, осындай шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен бюджетке аударылған төлемдер бойынша мәліметтермен бірге ақпарат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін заңды және жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жалға алу келісім-шарттың нөмірі туралы мәліметтер көрсетілген мемлекеттік мүлікті жалға алушыға онымен жасалған жалдау шарты бойынша шарттың талаптары, осындай шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен бюджетке аударылған төлемдер бойынша мәліметтермен бірге ақпарат алу үшін портал арқылы сұрау (бұдан әрі – сұрау) салады және куәландыру (қол қою) үшін электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) немесе порталдың есептік жазбасына ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және қосылған кезде, бір рет қолданылатын пароль арқылы қолын қояды.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректер енгізу Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелді) белгіленеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінде деректер енгізу автоматтандырылды.
Осы Қағидаларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу кезінде, көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, Бірыңғай байланыс орталығына тиісті нормативтік құқықтық актіні әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.»;
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының: 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны бойынша алады.
Портал арқылы шағымды жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеу барысында жаңарып отыратын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қаралғаны немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді.
10. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.»;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

1 Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесін алуға арналған сұрау

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрінің
2022 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1323 Бұйрыққа
1-қосымша
«Мемлекеттік мүлік тізілімінен
ақпарат беру (мемлекет бақылайтын
акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі
шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ
мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі;
Мемлекеттік меншік объектілерін сауда-
саттыққа қою кестесіне енгізілген
мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен
материалдар)» мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
1-қосымша
1-нысан
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесін алуға арналған сұрау

1 1. «Бизнес-сәйкестендіру нөмірі» (бұдан әрі – БСН) өлшемшарты бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:

тең;
тең емес;
кіреді;
кірмейді;
қамтиды;
басталады;
аяқталады.
және «Берілмеген» жиегінде іздеу мәнін енгіземіз.

2 2. «Атауы (орыс тілінде)» өлшемшарты бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:

тең;
тең емес;
кіреді;
кірмейді;
қамтиды;
басталады;
аяқталады;
сөздерді қамтиды.
және «Берілмеген» жиегінде іздеу мәнін енгіземіз.

3 3. «Ұйымдық-құқықтық нысан» (бұдан әрі – ҰҚН) өлшемшарты бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:

кіреді;
кірмейді.
және «Берілмеген» жиегінде бір немесе бірнеше қажетті мәндерді таңдаймыз:
акционерлік қоғам (бұдан әрі – АҚ);
мемлекеттік мекеме;
жедел басқару құқығындағы (қазыналық) мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі – ЖМК);
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі – ШМК);
еншілес кәсіпорын (бұдан әрі – ЕК);
басқа да коммерциялықұйымдар;
басқа да коммерциялықемесұйымдар;
өкілдік;
жауапкершілігі шектеулі серіктестік (бұдан әрі – ЖШС);
филиал.

4 4. «Бұғаттау» өлшемшарты бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:

кіреді;
кірмейді.
және «Берілмеген» жиегінде бір немесе бірнеше қажетті мәндерді таңдаймыз:

1 1) белсенді;

2 2) қашықтағы.

5 Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалар туралы мәліметтер қарауға арналған сұрау

5. «Аумақ» өлшемшарты бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:
кіреді;
кірмейді.
және «Берілмеген» жиегінде бір немесе бірнеше қажетті мәндерді таңдаймыз:
Қазақстан:
Ақмола облысы;
Ақтөбе облысы;
Алматы облысы;
Алматы қаласы;
Астана қаласы;
Шымкент қаласы;
Атырау облысы;
Шығыс Қазақстан облысы;
Жамбыл облысы;
Батыс Қазақстан облысы;
Қарағанды облысы;
Қостанай облысы;
Қызылорда облысы;
Маңғыстау облысы;
Абай облысы;
Жетісу облысы;
Ұлытау облысы;
Павлодар облысы;
Солтүстік Қазақстан облысы;
Түркістан облысы.
2-нысан
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалар туралы мәліметтер қарауға арналған сұрау

1 1. Объектіні қарау кезінде

1 1) объект жөнінде ақпарат көрсетіледі:

объектінің сәйкестендіргіші;
БСН;
салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктеуіші (бұдан әрі – КҰЖЖ);
атауы (орыс тілінде).

2 2) қосымша мәліметтер:

атауы (қазақ тілінде);
ҰҚН;
меншік нысанының коды (бұдан әрі – МНК (4-деңгей);
МНК;
қаржыландыру көзі;
мемлекеттік тіркеу №;
мемлекеттік тіркеу күні;
алғашқы мемлекеттік тіркеу күні;
мәртебесі;
бұғаттау;
мемлекеттік басқару органы;
меншік иесі;
сала (1-деңгей);
сала (4-деңгей).

3 3) қосымша:

байланыстар:
бірінші басшы;
бас бухгалтер;
ел;
индекс;
облыс;
аймақ;
елді мекен, үй, пәтер;
телефон;
факс;
е-mail;
веб-сайт.

4 4) мекенжай тіркелімі

мекен жайдың тіркеу коды (бұдан әрі – МТК);
республика;
облыс;
аудан;
ауылдық округ;
ауыл (село);
көше;
мекенжай.

5 5) тәуелді ұйымдар:

бағынысты;
құрылған.

6 6) жарғылық капитал

жарғылық капитал, теңге (АҚ, ЖШС, ШМК және ЕК үшін қолданылады);
мемлекеттік салым, теңге;
мемлекеттік қатысу, %;
мемлекеттік пакет, дана (тек АҚ үшін);
тіркеуші;
бос салымы, теңге;
бос акциялар, дана (тек АҚ үшін);
акцияларға ауыртпалық салынды, дана (тек АҚ үшін).

7 7) негізгі сәйкестендіргіштер;

8 8) мемлекеттiк кәсiпкерлiк

мәртебесі;
бұғаттау;
жоспарлы күні;
іс жүзіндегі күні;
ескертпе;
жарғы бойынша қызмет түрі;
сала коды («Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысы бойынша);
сала («Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысы бойынша);
келісілген күні;
шығару күні.

9 9) сыртқы интеграциялары:

жылжымайтын мүлік объектілері:
объектінің түрі;
қор;
жер учаскесінің алаңы (гектар);
қабат саны;
пайдалы алаң (шаршы метр);
құрылыс алаңы (шаршы метр);
объектінің облысы;
объектінің ауданы;
құқықтүрі;
жылжымайтын мүлік типі;
функционалдық мақсаты;
мекенжайы;
объектінің кадастрлық нөмірі;
бастапқы объектінің кадастрлық нөмірі;
жер учаскесінің кадастрлық нөмірі;
кадастрлық нөмір;
жаңартылған күні;
пайдалануға берілген жылы;
салық салынатын құн (теңге);
операция күні;
ауыртпалықтардың болуы туралы мәліметтер;
тыйым салудың болуы туралы мәліметтер.

10 10) электрондық деректеме

аудиторлық есептер;
қаржы-шаруашылық қызметі бойынша құжаттар;
өзге де құжаттама;
басқару органдарының шешімдері;
құрылтай құжаттары.

11 11) есептер:

АҚ, ЖШС, ШМК және ЖМК үшін:
мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспары;
мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарының орындалуы бойынша есеп;
ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялар үшін:
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамын қоспағанда, акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспары;
акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есеп;
Мемлекеттік мүлік тізіліміне ұсынылатын акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиясы;
акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялардың даму стратегиясының орындалуы жөніндегі есеп;
ұйымдардың сыртқы және ішкі қарыздарды тартуы туралы тоқсан сайынғы ақпарат;
акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың қарыз алуы және оны өтеу кестесі, қаржылық тұрақтылығы туралы тоқсан сайынғы және жартыжылдықтағы ақпарат.

2 Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрінің
2022 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1323 Бұйрыққа
2-қосымша
«Мемлекеттік мүлік тізілімінен
ақпарат беру (мемлекет бақылайтын
акционерлік қоғамдар мен
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің,
сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың
тізбесі; Мемлекеттік меншік объектілерін
сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген
мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен
материалдар)» мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
3-қосымша
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар тіз­бе­сі
1
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы
Мем­ле­кет­тік мү­лік ті­зі­лі­мі­нен ақ­па­рат бе­ру (мем­ле­кет ба­қы­лай­тын ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­дар мен жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­стіктер­дің, сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік заң­ды тұ­лға­лар­дың тіз­бе­сі; Мем­ле­кет­тік мен­шік объ­ек­ті­ле­рін са­уда-сат­тық­қа қою кесте­сіне ен­гі­зі­л­ген мем­ле­кет­тік мү­лік ту­ра­лы ақ­па­рат пен ма­те­ри­ал­дар)
12
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі­нің Мем­ле­кет­тік мү­лік және же­ке­ше­лен­ді­ру ко­ми­те­ті
23
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
www.​egov.​kz «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы ар­қы­лы (бұ­дан әрі – пор­тал)
34
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
10 (он) ми­нут
45
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (то­лы­ғы­мен ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
56
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Мем­ле­кет ба­қы­лай­тын ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­дар мен жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­стіктер­дің, сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік заң­ды тұ­лға­лар­дың тіз­бе­сі;
мем­ле­кет­тік мен­шік объ­ек­ті­ле­рін са­уда-сат­тық­қа қою кесте­сіне ен­гі­зі­л­ген мем­ле­кет­тік мү­лік ту­ра­лы ақ­па­рат пен ма­те­ри­ал­дар.
67
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан өн­ді­ріп алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны өн­ді­ріп алу тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ға те­гін көр­се­ті­ле­ді.
78
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс кесте­сі
1) пор­тал – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на сәй­кес де­ма­лыс күн­де­рі мен ме­ре­ке күн­де­рін са­на­ма­ған­да, дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін бел­гі­лен­ген кесте­ге сәй­кес түс­кі ас­қа са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден ба­стап 18.30-ға дей­ін.
3) Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы – күн сай­ын са­ғат 9.00-ден 21.00-ге дей­ін.
89
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
Мем­ле­кет ба­қы­лай­тын ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­дар мен жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­стіктер­дің, сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік заң­ды тұ­лға­лар­дың тіз­бе­сін алу­ға;
Мем­ле­кет ба­қы­лай­тын ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­дар мен жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­стіктер, сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік заң­ды тұ­лға­лар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер қа­ра­у­ға;
Мем­ле­кет­тік мен­шік объ­ек­ті­ле­рін са­уда-сат­тық­қа қою кесте­сіне ен­гі­зі­л­ген мем­ле­кет­тік мү­лік ту­ра­лы ақ­па­рат пен ма­те­ри­ал­дар­ды алу­ға ар­нал­ған сұ­рау.
910
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
Жоқ
111
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы ала­ды.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма қыз­мет­те­рі­нің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры Ми­ни­стр­лік­тің www.​minfin.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған, мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 8-800-080-7777, 1414.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры:
1) Ми­ни­стр­лік­тің www.​minfin.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да;
2) пор­тал­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.

3 Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрінің
2022 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1323 Бұйрыққа
3-қосымша
«Мемлекеттік мүлік тізілімінен
мемлекеттік мүлікті жалға алушыға
онымен жасалған жалдау шарты
бойынша шарттың талаптары,
осындай шарт бойынша есептеулер,
өсімпұл мен бюджетке аударылған
төлемдер бойынша мәліметтермен
бірге ақпарат беру» мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
2-қосымша
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар тіз­бе­сі
1
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы
Мем­ле­кет­тік мү­лік ті­зі­лі­мі­нен мем­ле­кет­тік мү­лік­ті жал­ға алушы­ға оны­мен жа­сал­ған жал­дау шар­ты бой­ын­ша шар­ттың та­лап­та­ры, осын­дай шарт бой­ын­ша есеп­те­улер, өсім­пұл мен бюд­жет­ке ауда­ры­л­ған тө­лем­дер бой­ын­ша мә­лі­мет­тер­мен бір­ге ақ­па­рат бе­ру
2
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі­нің Мем­ле­кет­тік мү­лік және же­ке­ше­лен­ді­ру ко­ми­те­ті
3
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
www.​egov.​kz «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы ар­қы­лы (бұ­дан әрі – пор­тал)
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
10 (он) ми­нут
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (то­лы­ғы­мен ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Мем­ле­кет­тік мү­лік­ті жал­ға бе­ру ту­ра­лы шарт бой­ын­ша ақ­па­рат
7
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан өн­ді­ріп алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны өн­ді­ріп алу тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ға те­гін көр­се­ті­ле­ді
8
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс кесте­сі
1) пор­тал – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на сәй­кес де­ма­лыс күн­де­рі мен ме­ре­ке күн­де­рін са­на­ма­ған­да, дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін бел­гі­лен­ген кесте­ге сәй­кес түс­кі ас­қа са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден ба­стап 18.30-ға дей­ін.
3) Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы – күн сай­ын са­ғат 9.00-ден 21.00-ге дей­ін.
9
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
Мем­ле­кет­тік мү­лік­ті жал­ға алушы­ға оны­мен жа­сал­ған жал­дау шар­ты бой­ын­ша шар­ттың та­лап­та­ры, осын­дай шарт бой­ын­ша есеп­те­улер, өсім­пұл мен бюд­жет­ке ауда­ры­л­ған тө­лем­дер бой­ын­ша мә­лі­мет­тер­мен жал­ға алу шар­ты­ның нө­мі­рі және же­ке тұл­ға үшін - же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі, заң­ды тұл­ға үшін – биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі ту­ра­лы мә­лі­мет­ті көр­се­те оты­рып, ақ­па­рат алу үшін сұ­рау.
10
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
Жоқ
11
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы бо­луы неме­се пор­тал­дың есеп­тік жа­з­ба­сы­на ұя­лы бай­ла­ныс опе­ра­то­ры ұсын­ған көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның або­нент­тік нө­мі­рі тір­кел­ген және қо­сы­л­ған кез­де бір рет қол­да­ны­ла­тын па­роль­ді пай­да­ла­ну шар­тын­да пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ала­ды.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы ала­ды.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма қыз­мет­те­рі­нің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры Ми­ни­стр­лік­тің www.​minfin.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған, мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 8-800-080-7777, 1414.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры: 1) Ми­ни­стр­лік­тің www.​minfin.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да;
2) пор­тал­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.

Қолданыстағы