Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Первого Заместителя Премьер – Министра Республики Казахстан Министра финансов Республики Казахстан от 7 апреля 2020 года № 362 «Об утверждении правил оказания государственных услуг в сфере учета государственного имущества»

Бұйрық · № 516 · қабылданған 31.07.2026
Заңдық күші: Мәртебесі расталмаған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2020-no-362-ekb-228469/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Первого Заместителя Премьер – Министра Республики Казахстан Министра финансов Республики Казахстан от 7 апреля 2020 года № 362 «Об утверждении правил оказания государственных услуг в сфере учета государственного имущества» Мәртебесі расталмаған Бұйрық ·№ 516 ·31.07.2026
31.07.2026 редакциясы
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Первого Заместителя Премьер – Министра Республики Казахстан Министра финансов Республики Казахстан от 7 апреля 2020 года № 362 «Об утверждении правил оказания государственных услуг в сфере учета государственного имущества»

Мәртебесі расталмаған Бұйрық ·№ 516 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Первого Заместителя Премьер – Министра Республики Казахстан Министра финансов Республики Казахстан от 7 апреля 2020 года № 362 «Об утверждении правил оказания государственных услуг в сфере учета государственного имущества»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 362 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Мәртебесі расталмаған
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
516
Қабылданған күні
31.07.2026
Қолданысқа енгізілген күні
21.08.2026
Көрсетілген редакция
31.07.2026 I228469_0.kaz
Соңғы өзгеріс
31.07.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039485
ЭКБ идентификаторы
228469
Редакция идентификаторы
I228469_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
11.08.2026 03:31

0 «Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 362 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 362 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20342 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Мемлекеттік мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; Мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Мемлекеттік мүлік тізілімінен мемлекеттік мүлікті жалға алушыға онымен жасалған жалдау шарты бойынша шарттың талаптары, осындай шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен бюджетке аударылған төлемдер бойынша мәліметтермен бірге ақпарат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрлігі

1 «Мемлекеттік мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; Мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2026 жылғы 31 шілдедегі
№ 516 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қаржы министрінің
2020 жылғы 7 сәуірдегі
№ 362 бұйрығына
1-қосымша
«Мемлекеттік мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; Мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Мемлекеттік мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; Мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 24) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және «Мемлекеттік мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; Мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)» мемлекеттік қызметін көрсету мемлекеттік қызметтер (бұдан әрі - мемлекеттік қызметтер) тәртібін айқындайды.

2 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызмет беруші) www.egov.kz «цифрлық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

3

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін заңды және жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаның 1-нысанына сәйкес мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесін алуға арналған сұрау және Қағидаларға 1-қосымшаның 2-нысанына сәйкес мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалар туралы мәліметтер қарауға арналған сұрауды (бұдан әрі – сұрау) салады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес көрсетілген.

4 4. Сұрау www.e-qazyna.kz «мемлекеттік мүлік тізілімі» веб-порталда автоматты түрде тіркеліп, 10 (он) минуттан артық емес өңделеді.

5 5. Сұрауды өңдеудің нәтижесінде қарау режимінде келесі ақпарат қалыптастырылады:

осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі;

6

6. Цифрлық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші «цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылым операторын қате туындаған кезден бастап бір сағат ішінде хабардар етеді. Хабарламада істен шығу сипаттамасы және оны анықтау уақыты болуы қажет. Істен шығу туралы ақпарат салдардың жойылуын бақылау үшін уәкілетті органға да жіберіледі.

7

7. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне деректер енгізу Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелді) белгіленеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің цифрлық жүйесінде деректер енгізу цифрландырылды.
Осы Қағидаларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу кезінде, көрсетілетін қызметті беруші «цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылымының операторына, Бірыңғай байланыс орталығына тиісті нормативтік құқықтық актіні әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.

3 3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

8 8. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, Мемлекеттік қызметтер сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі. Шешімі, әрекеті (әрекетсіздігі) шағымданған көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні шағымда көрсетілген талаптарды қанағаттандыратын шешім қабылдаса, ол оны шағымды қарайтын органға жібермейді.
Шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешім қабылдаған кезде шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

9 9. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының: 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны бойынша алады.

Портал арқылы шағымды жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеу барысында жаңарып отыратын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қаралғаны немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді.

10

10. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады. Көрсетілетін қызметті беруші мен уәкілетті орган шағымды қарау нәтижелері туралы көрсетілетін қызметті алушыны шешім қабылданғаннан кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді. Шағымды қарау туралы ақпарат мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі жүйесінде тіркеледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

11 11. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы сотқа Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заңның 4-бабының 6) тармақшасына cәйкес жүгінеді.

1.1 Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесін алуға арналған сұрау

«Мемлекеттік мүлік
тізілімінен ақпарат беру (мемлекет
бақылайтын акционерлік қоғамдар
мен жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктердің, сондай-ақ
мемлекеттік заңды тұлғалардың
тізбесі; Мемлекеттік меншік
объектілерін сауда- саттыққа қою
кестесіне енгізілген мемлекеттік
мүлік туралы ақпарат пен материалдар)»
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына 1-қосымша
1-нысан
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесін алуға арналған сұрау

1 1. «Бизнес-сәйкестендіру нөмірі» (бұдан әрі – БСН) өлшемшарты бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:

тең;
тең емес;
кіреді;
кірмейді;
қамтиды;
басталады;
аяқталады.
және «Берілмеген» жиегінде іздеу мәнін енгіземіз.

2 2. «Атауы (орыс тілінде)» өлшемшарты бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:

тең;
тең емес;
кіреді;
кірмейді;
қамтиды;
басталады;
аяқталады;
сөздерді қамтиды.
және «Берілмеген» жиегінде іздеу мәнін енгіземіз.

3 3. «Ұйымдық-құқықтық нысан» (бұдан әрі – ҰҚН) өлшемшарты бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:

кіреді;
кірмейді.
және «Берілмеген» жиегінде бір немесе бірнеше қажетті мәндерді таңдаймыз:
акционерлік қоғам (бұдан әрі – АҚ);
мемлекеттік мекеме;
жедел басқару құқығындағы (қазыналық) мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі – ЖМК);
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі – ШМК);
еншілес кәсіпорын (бұдан әрі – ЕК);
басқа да коммерциялықұйымдар;
басқа да коммерциялықемесұйымдар;
өкілдік;
жауапкершілігі шектеулі серіктестік (бұдан әрі – ЖШС);
филиал.

4 4. «Бұғаттау» өлшемшарты бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:

кіреді;
кірмейді.
және «Берілмеген» жиегінде бір немесе бірнеше қажетті мәндерді таңдаймыз:

1 1) белсенді;

2 2) қашықтағы.

5 Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалар туралы мәліметтер қарауға арналған сұрау

5. «Аумақ» өлшемшарты бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:
кіреді;
кірмейді.
және «Берілмеген» жиегінде бір немесе бірнеше қажетті мәндерді таңдаймыз:
Қазақстан:
Ақмола облысы;
Ақтөбе облысы;
Алматы облысы;
Алматы қаласы;
Астана қаласы;
Шымкент қаласы;
Атырау облысы;
Шығыс Қазақстан облысы;
Жамбыл облысы;
Батыс Қазақстан облысы;
Қарағанды облысы;
Қостанай облысы;
Қызылорда облысы;
Маңғыстау облысы;
Абай облысы;
Жетісу облысы;
Ұлытау облысы;
Павлодар облысы;
Солтүстік Қазақстан облысы;
Түркістан облысы.
2-нысан
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалар туралы мәліметтер қарауға арналған сұрау

1 1. Объектіні қарау кезінде

1 1) объект жөнінде ақпарат көрсетіледі:

объектінің сәйкестендіргіші;
БСН;
салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктеуіші (бұдан әрі – КҰЖЖ);
атауы (орыс тілінде).

2 2) қосымша мәліметтер:

атауы (қазақ тілінде);
ҰҚН;
меншік нысанының коды (бұдан әрі – МНК (4-деңгей);
МНК;
қаржыландыру көзі;
мемлекеттік тіркеу №;
мемлекеттік тіркеу күні;
алғашқы мемлекеттік тіркеу күні;
мәртебесі;
бұғаттау;
мемлекеттік басқару органы;
меншік иесі;
сала (1-деңгей);
сала (4-деңгей).

3 3) қосымша:

байланыстар:
бірінші басшы;
бас бухгалтер;
ел;
индекс;
облыс;
аймақ;
елді мекен, үй, пәтер;
телефон;
факс;
е-mail;
веб-сайт.

4 4) мекенжай тіркелімі

мекен жайдың тіркеу коды (бұдан әрі – МТК);
Қазақстан Республикасы;
облыс;
аудан;
ауылдық округ;
ауыл (село);
көше;
мекенжай.

5 5) тәуелді ұйымдар:

бағынысты;
құрылған.

6 6) жарғылық капитал

жарғылық капитал, теңге (АҚ, ЖШС, ШМК және ЕК үшін қолданылады);
мемлекеттік салым, теңге;
мемлекеттік қатысу, %;
мемлекеттік пакет, дана (тек АҚ үшін);
тіркеуші;
бос салымы, теңге;
бос акциялар, дана (тек АҚ үшін);
акцияларға ауыртпалық салынды, дана (тек АҚ үшін).

7 7) негізгі сәйкестендіргіштер;

8 8) мемлекеттiк кәсiпкерлiк

мәртебесі;
бұғаттау;
жоспарлы күні;
іс жүзіндегі күні;
ескертпе;
жарғы бойынша қызмет түрі;
сала коды («Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысы бойынша);
сала («Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысы бойынша);
келісілген күні;
шығару күні.

9 9) сыртқы интеграциялары:

жылжымайтын мүлік объектілері:
объектінің түрі;
қор;
жер учаскесінің алаңы (гектар);
қабат саны;
пайдалы алаң (шаршы метр);
құрылыс алаңы (шаршы метр);
объектінің облысы;
объектінің ауданы;
құқықтүрі;
жылжымайтын мүлік типі;
функционалдық мақсаты;
мекенжайы;
объектінің кадастрлық нөмірі;
бастапқы объектінің кадастрлық нөмірі;
жер учаскесінің кадастрлық нөмірі;
кадастрлық нөмір;
жаңартылған күні;
пайдалануға берілген жылы;
салық салынатын құн (теңге);
операция күні;
ауыртпалықтардың болуы туралы мәліметтер;
тыйым салудың болуы туралы мәліметтер.

10 10) электрондық деректеме

аудиторлық есептер;
қаржы-шаруашылық қызметі бойынша құжаттар;
өзге де құжаттама;
басқару органдарының шешімдері;
құрылтай құжаттары.

11 11) есептер:

АҚ, ЖШС, ШМК және ЖМК үшін:
мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспары;
мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарының орындалуы бойынша есеп;
ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялар үшін:
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамын қоспағанда, акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспары;
акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есеп;
Мемлекеттік мүлік тізіліміне ұсынылатын акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиясы;
акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялардың даму стратегиясының орындалуы жөніндегі есеп;
ұйымдардың сыртқы және ішкі қарыздарды тартуы туралы тоқсан сайынғы ақпарат;
акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың қарыз алуы және оны өтеу кестесі, қаржылық тұрақтылығы туралы тоқсан сайынғы және жартыжылдықтағы ақпарат.

1.2 Мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдарды алуға арналған сұрау

«Мемлекеттік мүлік
тізілімінен ақпарат беру
(мемлекет бақылайтын
акционерлік қоғамдар мен
жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктердің, сондай-ақ
мемлекеттік заңды тұлғалардың
тізбесі; Мемлекеттік меншік
объектілерін сауда- саттыққа
қою кестесіне енгізілген мемлекеттік
мүлік туралы ақпарат пен
материалдар)» мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
2-қосымша
Мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген
мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдарды
алуға арналған сұрау

1 1. «Жекешелендіру объектісінің типі» өлшемшарты бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:

кіреді;
кірмейді.
және «Берілмеген» жиегінде бір немесе бірнеше қажетті мәндерді таңдаймыз:

1 1) акциялар (акционерлік қоғам (бұдан әрі - АҚ);

2 2) үлес (жауапкершілігі шектеулі серіктестік (бұдан әрі - ЖШС);

3 3) мүліктік кешен;

4 4) машиналар мен жабдық;

5 5) жылжымайтын мүлік;

6 6) жылжымайтын мүлік (аяқталмағанқұрылыс);

7 7) өзгелер;

8 8) көлік.

2 2. «Бұғаттау» өлшем шарты бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:

кіреді;
кірмейді.
және сұрау жиегінде бір немесе бірнеше қажетті мәндерді таңдаймыз:

1 1) жекешелендірілуде;

2 2) жекешелендірілген;

3 3) алынып тасталған.

3 3. «Меншік нысанының коды» (бұдан әрі - МНК) өлшемшарты бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:

кіреді;
кірмейді.
және «Берілмеген» жиегінде бір немесе бірнеше қажетті мәндерді таңдаймыз:

1 1) республикалық меншік;

2 2) астананың, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың коммуналдық;

3 3) коммуналдық аудандық (облыстық маңызы бар қаланың);

4 4) коммуналдық жергілікті өзін-өзі басқару;

5 5) «Қазарнаулыэкспорт» шаруашылық жүргізу құқұғындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын.

1.3 «Мемлекеттік мүлік тізілімінен

ақпарат беру (мемлекет
бақылайтын акционерлік
қоғамдар мен жауапкершілігі
шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ
мемлекеттік заңды тұлғалардың
тізбесі; Мемлекеттік меншік
объектілерін сауда- саттыққа
қою кестесіне енгізілген
мемлекеттік мүлік туралы
ақпарат пен материалдар)»
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
3-қосымша
Мемлекеттік қызметтерге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
1
Мемлекеттік қызметтердің атауы
Мемлекеттік мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі)
2
Көрсетілетін қызметті берушінің, көрсетілетін қызметті бірлесіп берушінің атауы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті
3
Мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәсілдері
www.egov.kz «цифрлық үкімет» веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал)
4
Мемлекеттік қызметтердің мерзімі
10 (он) минут
5
Мемлекеттік қызметтердің нысаны
Электрондық (толығымен цифрландырылған)
6
Мемлекеттік қызметтердің нәтижесі
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі.
7
Мемлекеттік қызметтер кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
8
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның цифрлық объектілерінің және цифрлық активтерінің жұмыс кестесі
1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы;
2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс күндері мен мереке күндерін санамағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін белгіленген кестеге сәйкес түскі асқа сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзіліспен сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін.
3) Бірыңғай байланыс орталығы – күн сайын сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін.
9
Мемлекеттік қызметтер үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесін алуға;
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалар туралы мәліметтер қарауға.
Көрсетілетін қызметті беруші заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді «цифрлық үкімет шлюзі» арқылы цифрлық жүйелерден алады.
10
Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметтерден бас тарту үшін негіздер
Жоқ
11
Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.
Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.minfin.gov.kz цифлық ресурсында орналастырылған, Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің www.minfin.gov.kz цифрлық-ресурсында;
2) порталда орналастырылған.

1.4 Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі

«Мемлекеттік мүлік тізілімінен
ақпарат беру (мемлекет бақылайтын
акционерлік қоғамдар мен
жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктердің, сондай-ақ
мемлекеттік заңды тұлғалардың
тізбесі; Мемлекеттік меншік
объектілерін сауда- саттыққа қою
кестесіне енгізілген мемлекеттік
мүлік туралы ақпарат пен
материалдар)» мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
4-қосымша
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі
БСН
Атауы
ҰҚН
Сала
(1-деңгей)
Сала
(4-деңгей)
Толық мекенжайы
Мемлекеттік қатысуы, %
Статус
1
2
3
4
5
6
7
8
Ескертпе:
БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ҰҚН - ұйымдық-құқықтық нысан

1.5 Мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар

«Мемлекеттік мүлік тізілімінен
ақпарат беру (мемлекет
бақылайтын акционерлік
қоғамдар мен жауапкершілігі
шектеулі серіктестіктердің,
сондай-ақ мемлекеттік заңды
тұлғалардың тізбесі; Мемлекеттік
меншік объектілерін сауда-
саттыққа қою кестесіне енгізілген
мемлекеттік мүлік туралы
ақпарат пен материалдар)»
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
5-қосымша
Мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар

1 1. Жекешелендіру объектісін қарап шығу кезінде

1.1 1.1. Объект бойынша мынадай ақпарат көрсетіледі:

1 1) объектінің сәйкестендіру нөмірі;

2 2) жекешелендіру объектісінің типі:

акциялар (акционерлік қоғам (бұдан әрі - АҚ);
үлес (жауапкершілігі шектеулі серіктестік (бұдан әрі - ЖШС);
мүліктіккешен;
машиналар мен жабдық;
жылжымайтын мүлік;
жылжымайтын мүлік (аяқталмаған құрылыс);
өзгелер;
көлік;

3 3) сатушы;

4 4) жекешелендіру объектісін сату кезеңі;

5 5) объектінің мәртебесі:

жекешелендірілуде;
белсенді емес;
жекешелендірілген;
сауда-саттықтаналынған;

6 6) объектіні бұғаттау:

еркін;
алып қоюға жатады;

7 7) меншік нысанының коды (бұданәрі - МНК):

республикалық;
астананың, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың коммуналдық;
коммуналдық аудандық (облыстық маңызы бар қаланың);
коммуналдық жергілікті өзін-өзі басқару;

8 8) қосымша деректер (жекешелендіру объектісінің типіне қарай).

1.2 1.2. Объектіні бағалау туралы ақпарат көрсетіледі:

1 1) бағалаушының атауы;

2 2) есептің нөмірі;

3 3) есептің күні;

4 4) бағалау құны, теңге;

5 5) бағалау күні.

1.3 1.3. Объект бойынша құжаттар беттерге таратылған, «объектінің электрондық деректеріне» енгізілген, сканерленген түрде көрсетіледі:

1 1) объектінің құжаттары;

2 2) жер бойынша құжаттар;

3 3) фотоальбом.

2 2. Мерзімді баспа басылымдарында (бұдан әрі - МББ) жарияланған жекешелендіру объектісін сату бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламалар жөніндегі ақпаратты қарап шығу кезінде

2.1 2.1. МББ-ның атауы.

2.2 2.2. Жарияланымның нөмірі мен күні.

2.3 2.3. Сауда-саттық өткізудің күні мен уақыты.

2.4 2.4. Сауда-саттық нысаны.

2.5 2.5. Сауда-саттық түрі.

2.6 2.6. Кепілдік жарна.

2.7 2.7. МББ-да жарияланған хабарландырудың мәтіні:

1 1) мемлекеттік тілде;

2 2) орыс тілінде.

3 3. Сауда-саттық туралы деректерді қарап шығу кезінде

3.1 3.1. Сауда-саттық нысаны:

1 1) аукцион (ағылшын немесе голландиялық);

2 2) тікелей атаулы сатылым;

3 3) тендер (инвестициялық немесе коммерциялық);

4 4) қор биржасы.

3.2 3.2. Сауда-саттықтың әдісі.

3.3 3.3. Қосымша шарттар.

3.4 3.4. Сауда-саттықтың күні мен уақыты.

3.5 3.5. Алғашқы баға, теңге.

3.6 3.6. Кепілдік жарна, теңге.

3.7 3.7. Өсу/төмендеу коэффициенті.

3.8 3.8. Бастапқы баға, теңге.

3.9 3.9. Ең төменгі баға, теңге.

3.10 3.10. Сауда-саттық мәртебесі:

1 1) өткізілген жоқ;

2 2) болмайды;

3 3) өткізілді;

4 4) сауда-саттық күтілуде.

2 «Мемлекеттік мүлік тізілімінен мемлекеттік мүлікті жалға алушыға онымен жасалған жалдау шарты бойынша шарттың талаптары, осындай шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен бюджетке аударылған төлемдер бойынша мәліметтермен бірге ақпарат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2026 жылғы 31 шілдедегі
№ 516 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қаржы министрінің
2020 жылғы 7 сәуірдегі
№ 362 бұйрығына
2-қосымша
«Мемлекеттік мүлік тізілімінен мемлекеттік мүлікті жалға алушыға онымен жасалған жалдау шарты бойынша шарттың талаптары, осындай шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен бюджетке аударылған төлемдер бойынша мәліметтермен бірге ақпарат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Мемлекеттік мүлік тізілімінен мемлекеттік мүлікті жалға алушыға онымен жасалған жалдау шарты бойынша шарттың талаптары, осындай шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен бюджетке аударылған төлемдер бойынша мәліметтермен бірге ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 24) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және «Мемлекеттік мүлік тізілімінен мемлекеттік мүлікті жалға алушыға онымен жасалған жалдау шарты бойынша шарттың талаптары, осындай шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен бюджетке аударылған төлемдер бойынша мәліметтермен бірге ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызметтер) тәртібін айқындайды.

2 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызмет беруші) www.egov.kz «цифрлық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.

2 2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тәртібі

3

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін заңды және жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жалға алу келісім-шарттың нөмірі туралы мәліметтер көрсетілген мемлекеттік мүлікті жалға алушыға онымен жасалған жалдау шарты бойынша шарттың талаптары, осындай шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен бюджетке аударылған төлемдер бойынша мәліметтермен бірге ақпарат алу үшін портал арқылы сұрау (бұдан әрі – сұрау) салады және куәландыру (қол қою) үшін электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) немесе порталдың есептік жазбасына ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген.

4 4. Сұрау www.e-qazyna.kz «мемлекеттік мүлік тізілімі» веб-порталда автоматты түрде тіркеліп, 10 (он) минуттан артық емес өңделеді.

5 5. Сұрауды өңдеудің қорытындысы бойынша қарау режимінде осы Қағидаларға 3-қосымшаның 1 немесе 2-нысандарына сәйкес мемлекеттік мүлікті жалға беру туралы шарт бойынша ақпарат қалыптастырылады.

6

6. Цифрлық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші «цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылым операторын қате туындаған кезден бастап бір сағат ішінде хабардар етеді. Хабарламада істен шығу сипаттамасы және оны анықтау уақыты болуы қажет. Істен шығу туралы ақпарат салдардың жойылуын бақылау үшін уәкілетті органға да жіберіледі.

7

7. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректер енгізу Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелді) белгіленеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингінің цифрлық жүйесінде деректер енгізу цифрландырылды.
Осы Қағидаларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу кезінде, көрсетілетін қызметті беруші «цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылымының операторына, Бірыңғай байланыс орталығына тиісті нормативтік құқықтық актіні әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.

3 3-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

8 8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі. Шешімі, әрекеті (әрекетсіздігі) шағымданған көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні шағымда көрсетілген талаптарды қанағаттандыратын шешім қабылдаса, ол оны шағымды қарайтын органға жібермейді.
Шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешім қабылдаған кезде шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

9 9. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының: 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны бойынша алады.

Портал арқылы шағымды жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеу барысында жаңарып отыратын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қаралғаны немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді.

10

10. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады. Көрсетілетін қызметті беруші мен уәкілетті орган шағымды қарау нәтижелері туралы көрсетілетін қызметті алушыны шешім қабылданғаннан кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді. Шағымды қарау туралы ақпарат мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі жүйесінде тіркеледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

11 11. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы сотқа Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заңның 4-бабының 6) тармақшасына cәйкес жүгінеді.

2.1 Мемлекеттік мүлік тізілімінен мемлекеттік мүлікті жалға алушыға онымен жасалған жалдау шарты бойынша шарттың талаптары, осындай шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен бюджетке аударылған төлемдер бойынша мәліметтермен бірге ақпарат алу үшін сұрау

«Мемлекеттік мүлік тізілімінен
мемлекеттік мүлікті жалға
алушыға онымен жасалған
жалдау шарты бойынша шарттың
талаптары, осындай шарт
бойынша есептеулер, өсімпұл
мен бюджетке аударылған
төлемдер бойынша
мәліметтермен бірге ақпарат
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Мемлекеттік мүлік тізілімінен мемлекеттік мүлікті жалға алушыға онымен жасалған жалдау шарты бойынша шарттың талаптары, осындай шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен бюджетке аударылған төлемдер бойынша мәліметтермен бірге ақпарат алу үшін сұрау
Ұйымдарды іздеу өлшем шарттары
1-қадам. Деректерді толтыру:

1 1) жалдаушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі-БСН)/ жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі-ЖСН);

2 2) шарттың нөмірі.

2-қадам. Электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) немесе бір рет қолданылатын парольдің көмегі арқылы қол қою:

1 1) ЭЦҚ-мен қол қою немесе бір рет қолданылатын парольді енгізу.

3-қадам. Сұрау салудың нәтижесі (экранға шығару):

1 1) жалдаушының БСН-і/ЖСН-і;

2 2) сұрау салу нөмірі;

3 3) қызметтің типі;

4 4) сұрау салудың мәртебесі.

Сұрауды өңдеудің қорытындысы бойынша қарау режимінде мемлекеттік мүлікті жалға беру туралы шарт бойынша ақпарат қалыптастырылады.

2.2 «Мемлекеттік мүлік тізілімінен мемлекеттік мүлікті жалға алушыға онымен жасалған жалдау шарты бойынша шарттың талаптары, осындай шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен бюджетке аударылған төлемдер бойынша мәліметтермен бірге ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларына

2-қосымша
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
1
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің атауы
Мемлекеттік мүлік тізілімінен мемлекеттік мүлікті жалға алушыға онымен жасалған жалдау шарты бойынша шарттың талаптары, осындай шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен бюджетке аударылған төлемдер бойынша мәліметтермен бірге ақпарат беру
2
Көрсетілетін қызметті берушінің, көрсетілетін қызметті бірлесіп берушінің атауы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті
3
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәсілдері
www.egov.kz «цифрлық үкімет» веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал)
4
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімі
10 (он) минут
5
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің нысаны
Электрондық (толығымен цифрландырылған)
6
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің нәтижесі
Мемлекеттік мүлікті жалға беру туралы шарт бойынша ақпарат
7
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
8
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның цифрлық объектілерінің және цифрлық активтерінің жұмыс кестесі
1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы;
2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс күндері мен мереке күндерін санамағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін белгіленген кестеге сәйкес түскі асқа сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзіліспен сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін.
3) Бірыңғай байланыс орталығы – күн сайын сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін.
9
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
Мемлекеттік мүлікті жалға алушыға онымен жасалған жалдау шарты бойынша шарттың талаптары, осындай шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен бюджетке аударылған төлемдер бойынша мәліметтермен жалға алу шартының нөмірі және жеке тұлға үшін - жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлға үшін – бизнес-сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметті көрсете отырып, ақпарат алу үшін сұрау.
Көрсетілетін қызметті беруші заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді «цифрлық үкімет» шлюзы арқылы цифрлық жүйелерден алады.
10
Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметтерден бас тарту үшін негіздер
Жоқ
11
Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
Көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы немесе порталдың есептік жазбасына ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және қосылған кезде бір рет қолданылатын парольді пайдалану шартында портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алады.
Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.minfin.gov.kz цифрлық ресурсында орналастырылған, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер орындарының мекенжайлары: 1) Министрліктің www. minfin. gov. kz цифрлық-ресурсында;
2) порталда орналастырылған.

2.3 Мемлекеттік мүлікті жалға беру туралы шарт бойынша ақпарат

«Мемлекеттік мүлік тізілімінен мемлекеттік мүлікті жалға алушыға онымен жасалған жалдау шарты бойынша шарттың талаптары, осындай шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен бюджетке аударылған төлемдер бойынша мәліметтермен бірге ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларына
3-қосымша
1-нысан
Мемлекеттік мүлікті жалға беру туралы шарт бойынша ақпарат
Құжат мемлекеттік мүлік тізілімімен қалыптастырылған
Бірегей нөмірі:
Сұрау салынған күні мен уақыты:
Ақпаратты алатын күні мен уақыты:
Құрметті мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тұтынушы!
Сіз тапсырған іздестіру өлшемшарттары бойынша: шарттың № - ____ және бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН)/ жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі-ЖСН) - _______, мемлекеттік мүлік тізілімінің дерекқорларында мыналар тіркелген:

1 1) шарт және мемлекеттік мүлік бойынша мәліметтер:

Шарт типі: мүліктік жалға алу (жалдау)
Жалға беруші:
БСН, толық атауы, мекенжайы, байланыс телефондары
Баланс ұстаушы:
БСН, толық атауы, мекенжайы, байланыс телефондары
Жалдаушы:
БСН/ЖСН, толық атауы, мекенжайы, байланыс телефондары
Шарттың нөмірі мен күні:
Мемлекеттік мүлік типі:
Көлік не ғимараттағы үй-жай немесе ғимарат не жабдық немесе басқалар
Жалға алу кезеңі:
Жалға алу объектісі:
Мемлекеттік мүліктің орналасқан орны, сипаты мен сипаттамасы

2 2) шарт бойынша есептеулер, өсімпұл және мемлекеттік бюджетке түсімдер:

Есептеу күні
Есептелді, теңге
Мерзімі өткен күндер саны
Уақтылы төленбегені үшін өсімпұл, теңге (бір күнгі өсімпұл сомасы Х мерзімі өткен күндер саны)
Мемлекеттік бюджетке түсті, теңге
Төлем күні
Барлығы есептелді:
жалдау ақысы, теңге: _________
өсімпұл, теңге: _________
мемлекеттік бюджетке түсті, теңге: _________
төлемге жиыны, теңге: _________
2-Нысан
Мемлекеттік мүлікті жалға беру туралы шарт бойынша ақпарат
Құжат мемлекеттік мүлік тізілімімен қалыптастырылған
Бірегей нөмірі:
Сұрау салынған күні мен уақыты:
Ақпаратты алатын күні мен уақыты:
Құрметті мемлекеттік мүлік веб-портал тізілімінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тұтынушы!
Сіз тапсырған іздестіру өлшемшарттары бойынша: шарттың № - ____ және БСН/ЖСН - _______, мемлекеттік мүлік тізілімінің дерекқорларында мәліметтер табылған жоқ.
Ескертпе:
БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі;
*Мемлекеттік мүлікті жалға беру туралы шарт бойынша ақпарат мәліметтер болған кезде қалыптастырылады;
**Мемлекеттік мүлікті жалға беру туралы шарт бойынша ақпарат мәліметтер болмаған кезде қалыптастырылады.

Қолданыстағы