Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Северо-Казахстанского областного маслихата от 7 октября 2020 года № 48/15 «Об определении системы мер, порядка и размера оказания социальной поддержки медицинским и фармацевтическим работникам, направленным для работы в сельскую местность и поселок, город районного и областного значения Северо-Казахстанской области за счет бюджетных средств»

Өзге акт · № 4/3 · қабылданған 21.05.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2020-no-4815-ekb-156478/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Северо-Казахстанского областного маслихата от 7 октября 2020 года № 48/15 «Об определении системы мер, порядка и размера оказания социальной поддержки медицинским и фармацевтическим работникам, направленным для работы в сельскую местность и поселок, город районного и областного значения Северо-Казахстанской области за счет бюджетных средств» Қолданыста Өзге акт ·№ 4/3 ·21.05.2021
21.05.2021 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.05.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Северо-Казахстанского областного маслихата от 7 октября 2020 года № 48/15 «Об определении системы мер, порядка и размера оказания социальной поддержки медицинским и фармацевтическим работникам, направленным для работы в сельскую местность и поселок, город районного и областного значения Северо-Казахстанской области за счет бюджетных средств»

Қолданыста Өзге акт ·№ 4/3 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Северо-Казахстанского областного маслихата от 7 октября 2020 года № 48/15 «Об определении системы мер, порядка и размера оказания социальной поддержки медицинским и фармацевтическим работникам, направленным для работы в сельскую местность и поселок, город районного и областного значения Северо-Казахстанской области за счет бюджетных средств»
Атауы (қаз.)
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 7 қазандағы № 48/15 «Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
4/3
Қабылданған күні
21.05.2021
Көрсетілген редакция
21.05.2021 156478_527764.kaz
Соңғы өзгеріс
21.05.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21S0023073
ЭКБ идентификаторы
156478
Редакция идентификаторы
156478_527764
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:04

0

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 7 қазандағы № 48/15 «Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
ШЕШТІ:

1

1. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» 2020 жылғы 7 қазандағы № 48/15 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6586 болып тіркелген) мына өзгерістер енгізілсін:
шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы»;
шешімнің 1-тармағы алынып тасталсын;
шешімге 1-қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Солтүстік Қазақстан

облыстық мәслихатының
2021 жылғы 21 мамырдағы
№ 4/3 шешіміне
қосымша
Мәслихаттың
2020 жылғы 7 қазандағы
№ 48/15 шешіміне
1-қосымша

1

1

1. Осы Тәртiп Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Кодексiнiң, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының негiзiнде әзiрлендi, Солтүстiк Қазақстан облысының ауылдық жерiне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiне (бұдан әрi - қызметкерлер) бюджет қаражаты есебiнен әлеуметтiк қолдау көрсету тәртiбi мен мөлшерiн айқындайды.

2 2. Әлеуметтiк қолдау көрсету жөнiндегi уәкiлеттi орган - «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - уәкiлеттi орган).

3 3. Жұмыс берушi - тиiстi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымы.

4 4. Медицина қызметкерi - жоғары кәсіптік медициналық бiлiмі бар және медициналық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға.

5 5. Фармацевтика қызметкерi - жоғары фармацевтикалық бiлiмі бар және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға.

2

6

6. Әлеуметтiк қолдау алу құқығына жұмыс берушiмен еңбек шартын жасасқан және Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау шараларын беру туралы уәкілетті органмен және жұмыс берушімен келісім жасалған күннен бастап бірінші бес жылда еңбек міндеттерін орындап жүрген қызметкерлер ие болады.

7 7. Әлеуметтiк қолдау мынадай бір жолғы төлемнен тұрады:

1 1) Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласына жұмысқа жіберілген қызметкерлерге 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде;

2 2) Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген қызметкерлерге 2 500 000 (екі миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде.

8 8. Қызметкерлер әлеуметтік қолдау алу үшін уәкілетті органға мына құжаттарды ұсынады:

1 1) жеке куәлiгiнiң көшiрмесi;

2 2) жоғары кәсіптік бiлiмі туралы дипломының көшiрмесi;

3 3) еңбек еткенін растайтын құжатының көшiрмесi (Қазақстан Республикасы еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес);

4 4) мемлекеттiк медицина ұйымына жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшiрмесi.

9 9. Әлеуметтік қолдау көрсету туралы құжаттарды қарауды комиссия жүзеге асырады.

Комиссия мүшелерінің саны кемінде бес адамды құрауы тиіс.
Комиссия төрағасы лауазымы бойынша уәкілетті орган басшысының орынбасарынан төмен емес тұлға болып табылады.
Хатшы комиссия мүшесі болып табылмайды.

10 10. Комиссия мына функцияларды жүзеге асырады:

1 1) қызметкерлер ұсынған құжаттарды қарайды;

2 2) қызметкерлерге әлеуметтік қолдау ұсыну не ұсынудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

11 11. Комиссия қызметкерлер ұсынған осы Тәртіптің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қарайды және он бес жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды.

12 12. Бiржолғы төлем қызметкерлердің өтiнiшiнiң негiзiнде, екiншi деңгейлi банкте ашылған есептiк шотына аудару арқылы отыз күнтізбелік күн ішінде төленедi.

Қызметкерлерге әлеуметтiк қолдау көрсету облыстық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде қызметкерлерге комиссияның қабылдаған шешімі туралы хабарлайды.

13 13. Қызметкерлермен еңбек шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, жұмыс беруші үш жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға хабарлайды.

14 14. Қызметкерлер төленген әлеуметтік қолдауды қайтаруды осы Тәртіптің 13-тармағында көзделген негіздер бойынша күнтізбелік отыз күн ішінде жұмыс істеген уақытына тепе-тең жүргізеді.

Қолданыстағы